(фр.сөйпеу) - 1. Қатысымның табысты жүзеге асуын қамтамасыз ететін
тідцен тысқары (әлеуметтік, мәдени, психологиялық) фактіперді ескере
отырып, жан-жақгы, толыктай қарастырылатын сөйлеу, нақгы мәтін
2. Мэтіннің ырғақпен, интонациямен жэне т.б. белгілерге сэйкес
ұйымдасуы деп аныкгалған.
Мэтін лингвистикасының мақсаты - өзара байланысты сөйлеудің
тұтасымға ұйымдасу ерекшелігін жэне басты каггегорияларын сипаттау.
М әтін лингвистикасының мақсатына сэйкес оны зерттеудің
төмендегідей міндеттері айқындалады:
•
басты белгілері байласым жэне тұгасым болып саналатын мәгінді
күрделі түтасқан жүйе ретінде қарастыру;
7
• мэтінді қүраушытұлға-бірліктерді айқындау;
• мэтіннің негізгі категорияларьш сипаттау;
• әр түрлі тілдік бірліктердің мәтіндегі қолданымдық сипатын,
қызметін аныктау;
• мэтін бөліктері арасындағы байласымды жүзеге асыратын тілдік
бірліктерді анықгау, логика-семантикалық қатынастарды саралау;
• мәтін түрлерін жэне олардың ерекшеліктерін анықтау.
Мэтін лингвистикасында жүргізілетін зерттеулер аркылы мэтіннің
сипаты жан-жақты ашыла түседі. А.Новиков осындай күрделі
талдауларды кджет ететін мэтінді пәнаралық құбылыс деп түсіндіреді
жэне оның маңыздылығы зерттеушілердің кандай терминологияны
қолданып, кандай теориялык қағиданы ұстанатынан емес, оның қақдай
нэтижеге жететінінен көрінеді дегенді айтады /3,118/.
Мұның өзінен мэтіннің өте күрделі, жүйелі кұрылған құбылыс
екенін түсінеміз. Осы күрделі кұбылысты зерттеумен айналысатын
мэтін лингвистикасының ширек ғасырға жуык тарихы бола тұра, ол
үздіксіз даму үстінде. Бүя мэтіннің эр қырьшан зерггеліп анықгалуымен,
тіп туралы ғылымның жаңа саласы екендігімен түсіндіріледі. Сонымен
бірге ол зергтеушілердің методологиясы мен дүниетанымына, нысанды
қай қырынан алып карастыратынына да байланысты. Мәтін мәселесіне
қатысты зерттеулерде түрлі пікірлердің болуы, қарама-қайшы
көзкарастардың туындауы - мэтін лингвистикасының толык
қалыптасуына, тіл ғыл ымының дамуына өз әсерін тигізеді.
Қазақ тіл білім інде Р.Сыздык, Т.Қордабаев, Б.Ш алабай,
М.Серғалиев, Б.Мүсрепова, С.Құнанбаева, Ж.Жакупов, О.Бүркіт,
А.Жұбанов, Г.Смагүлова, З.Ерназарова, С.Мұсгафина, Г.Әзімжанова,
Н .Қ үрм анова, К.М ухлис, А .Таусоғарова, Б.Райы мбекова,
Ф .Ж ақсы баева, Ж .Қ айш ы ғұлова, М .А хметова т.б. м этін
лингвистикасы мэселесіне бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері мен
мақалаларын, оқу кұралдарын арнады.
2. Мэтін деп нені танимыз
Мәтін лингвисгикасы саласының зерттеу нысаны - мәтін. Әйтсе
де осы күнге дейін мэтін деп нені тану керектігі толық айқындалмай,
мәтінге эр түрлі анықтамалар беріліп жүр. Бұл ерекшелік оның өте
күрделі тілдік кұбылыс екенімен және әрбір з^рттеушінің ұстанымымен
байланысты түсіндіріледі. Мэселен, З.Я.Тураева: «Мэтін - эр түрлі
лексикапық, логикалық, грамматикалық байланыстардан тұратын
8
құрылымдық-мағыналық бірлік ретінде қызмет ететін күрделі
тұтастық», - деп анықтаса /4, 11/, А.И.Новиков Н.И.Жинкиннің
тұжырымдамасы негізінде мәтінді тіл, сөйлеу, интеллект
факторларының бір-бірімен өзара байланысқан біртұтас кешені деп
қарасгырьш, мәтіннің басты белгісіне сыртқы жэне ішкі формапардың
бірлігін жатқызады. Бүл жерде сыртқы форма - тікелей қабылданып
ұғынылатын тілдік кұралдардың жиынтыгы мен автордың түпкі ойын
жүзеге асыратын олардың мазмұндық жағы болса, ал ұғынылатын
нәрсе оның ішкі формасын құрайды. Ішкі форма - берілген барлық
тілдік құралдардьщ жиынтығымен тұгастай сэйкес келетін, адамның
ақыл-ойында жүзеге асатын ойлаудың түзілісі /3,4-5/.
Ғалым М.М.Бахтин мэтінді объективті әлемнің субъективті бейнесі
/5,308/ және кең мағынасындаекі сананьщ қарым-қатынасқатүсуінің
бір жолы деп анықгайды /5,301/.
Г.В.Колшанский қолданысындағы мэтін - сөйлемдердің тәртіпсіз
жай ғана тізбегі емес, ол - қарым-қатынастың тұлгалык жэне
мағыналык бірлігі 16,65/.
И.П.Сусов: «Мэтін - өз табиғатынан екі жакты. Бір жағынан, ол
тілдік жүйенің негізгі бірлігіне, яғни тар мағынасында тілге жатады,
ал екінші жағынан, қарым-қатынас әрекетіне жатады.... Мэтін тілдік
қатысым мен тілдік жүйенің арасынан орын алатын жай ғана нысан
емес: ол тең дәрежеде тілдік болмыстың осы екі аймағына да катысты
болады», - дейді /7, 90-91/.
И.Р.Гальперин: «Мәтін - бұл жазба құжат түрінде объектіленген
жэне сол күжатқа сәйкес әдеби тұрғыдан сұрыптапған, тақырыбы
бар, лексикапық, грамматикапық, логикалық, стилистикалық амал-
тәсілдердің эр түрлерімен байланысып жататын, айқын бағыт пен
прагматикалык мақсатгы иеленген ерекше тұлға-бірліктерден (күрделі
фразалық тұгасым) тұратын аяқгапған сөйлеу әрекетінің туындысы»,
- деп аныктайды /8,18/.
Түркологиядағы тілш і-ғалы м дарды ң м әтінге берген
анықтамаларына тоқталып өтсек, мэселен, қырғыз мэтінінің
қатысымдық құрылымын зерттеген С.Ж.Мусаев мәтінді «қимыл-
әрекеттегі тіл» деген тұжырымды ұстана отырып анықтайды.
Ф.Ш.Оразбаева тіпдік қатынасты жүзеге асыратын тұлғаларды сөз
ете келіп, мэтінді «... ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау
қүбылысгарымен байланысты, адамдар арасыңдағы тілдік қатынастьщ
іске асуьша негіз болатын қатысымдық жүйелі түлга» ретінде аныкгап,
мэтінді тіпдік қатынастың мазмұндық тұтасгығымен ерекшеленетін
9
бүгін жүйесі деп таниды /9,25-26/. Сөйлеу тілін прашалингвистикалык
тұргыда қарастырған З.Ерназарова: «Мәтін деп сөйлеуші мақсатына
сай аякталған ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөйлемдер тізбегін
айтады. Тілдің иерархиялық кұрылымында мэтін семантика-
синтаксистік құрылым ретінде жоғары деңгей болып есептеледі. Ал
сөйлеу бірлігі ретінде мэтін сөйлесіммен салыстырғанда бүтіндік
сипатқа ие. Ол ортақ мақсаттағы бірнеше сөйлрсім тізбегі болуы
мүмкін», - деп ой түйеді /10, 158/. А.Жұбанов өз еңбегінде мэтінді
тілдің негізгі бірліктерін - морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді
камтитын күрделі бірлік деп таниды /11,5/.
Ал жоғарьщағы еңбектерден бірнеше жыл бұрын М.Балақаев,
Е.Жанпейісов, М.Манасбаев, М.Томановтардың авторлығымен жарық
көрген «Қазак тілінің стилистикасы» (1974 жылы) оқулығында сөздің
(речь) ауызша жэне жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардьщ ерекшеяігі
сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі
туралы мынадай пікір айтылады: «Сонымен жазу - ол белгілі бір текст.
Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар) эр жай,
күйді білдіріп хабарлайды. ... Тілдік белгілерді сұрыптап қолдану
зандылықгары әдегте айтылатын ойдың мазмұнына байпанысты. Ойлау
жұмысының нэтижелерін тіл сөз (речь) арқылы бейнелейді. Ал сөз
арқьшы жеткізілетін ой мен оның мазмүнының арасында тығыз
байланыстылық болады». Бұл ойдан мәтін - тіл жүйесін пайдалану
аркылы қағаз бетіне түскен сөздің бір түрі, яғни ол сөйлеудің хатқа
түскен бейнесі түрінде танылып отырғаны байқалады.
Лингвистикалық сөздіктерде мәтінге мынадай аныктамалар
берілген:
«Мәтін - тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалы қ
байланыстығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі» /2,270/.
«Мәтін - латынша textus байланысу, қосылу, тұгасып кету. Басты
қасиеті тұтасым жэне байласым болып саналатын мағыналык
байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің тізбегі» /12,507/.
«Тіл білім і» сөздігінде мәтін: 1. Т ілдің өм ір сүруінің
феноменологиялық алғашқы тәсілі (З.Шмидт);
2. Жүйеленген, түтасқан, тиянақталған жэне мағыналық жақтан
өзара байланысқан сөйлемдердің тізбегі;
3. Коммуникацияғақатысушығатән сөйлемелік (высказывание)
бірізділігі.
4. Ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындылары /13, 374/.
Ауызша сөйленген сөз болсын, не хатқа түскен туынды болсын
Ю
бәрі мәтін болады. Ауызша сөйленген сөзден бастап, ұлтгық эдеби
тіліміздің бірден-бір көрсеткіші болып санапатын көркем әдебиет
шығармалары да мәтін ретівде танылады. Өйткені олардың барлығы -
адамның ақыл-ойы нэтижесінде белгілі бір хабарды жеткізу мақсагында
шығарылады. Ой біртақырып негізінде өрбиді.
Мэтін - әрі жазбаша, эрі ауызша формада қолданыс табатын
монологтік әрі диалогтік сөйлеу түрі. Монолог (грек, monos - бір,
loqos -сөз) - белсенді сөйлеу қызметінің нәтижесінде тікелей
қабылдауға арналған сөйлеу түрі. Монолог тек кана ауызша сөйлеу
ыңгайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда
да (ауызша жэне жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі
немесе бір адамның ойы /2, 279/.
Диалог - (грек. - сөйлесу, әңгімелесу) - екі адамның тіл катысуы.
... Диалогке қатынасушы адамдардың сұрақ-жауап немесе, керісінше,
жауап-сұрақ түріндегі сөздері жағдайға жэне сол диалогтің алдында
немесе одан кейін айтылған сөйлемдерге байланысты. Диалог ауызекі
сөйлеу тілінде де, көркем эдебиет шығармасында да көп кездеседі
/2, 96/.
Мәтін атауы, көріп отырғанымыздай, сөйлеудің эр түрлі
форм алары на қолданыла береді. Сонымен катар мэтін
лингвистикасында бұл терминді макро және микромәтіндерді сипаттау
үшін де қолдану үрдісі қалыптасқан. Солай болса да, галымдардың
көпшілігі мэтін деп белгілі бір тәртіппен кұрылған, ұйымдасқан
сөйлеуді түсінеді. Демек, жүйелі байланыстардың негізінде құрылатын
мэтіннің берілу жолдарының өзі әр түрлі болады. Сондыктан мэтін
жазбаша әрі ауызша формада, монолог эрі диалог түрінде кездеседі
жэне кез келген мәтін қандай формада көрінсе де, қатысым қызметін
агқарып хабарды жіберуші (адресант) мен хабарды қабылдаушының
(адресат) бірлігінен тұрады.
Мәтіннің көлемі қандай, қанша сөйлемнен түзілуі тиіс деген
сүраулар төңірегінде де зерттеушілер арасында бірізді пікір жоқ. Сол
себепті де мэтін атауы әр түрлі қүрыл ымдық-мағынал ык бірліктерге -
дара сөйлемге де, мағыналық, интонациялық жағынан аякталған
сөйлемдердің тізбегіне де, шығарма бөліктері мен үзінділеріне де
(микромәтін), тұтас шығармаға (макромәтін) да катысты қолданыла
береді. Сонда бұларды мэтін деп атауға қандай негіз бар? Бұл
сауалдарға жауап ретінде О.И.М оскальская, В.А.Кухаренко,
М .В .Н икитиндердің пікірлерін келтіргенді орынды көрдік.
О.И.Москальская: «... сан түрлі сөйлеу туындылары мен олардың
11
шарпгты түрде аяқгалған бөліктерінің барлығын біріктіріп тұрған ең
басты белгісі - мағына бірлігі және қатысымдық маңызы бар
функционалдық белгісі», - деп тұжырымдап, мағына бірлігі белгісі
мен функционалдық белгісін бір сөзден тұратын сөйлем-айтьшьгстарға
да, тұгас мэтіннің құрамындағы бір тақырып төңірегінде топтасқан
сөздердің тізбегіне де, бір идеяны білдіретін тұтас шығармаға да
қолдануға болатынын айтады. Әр түрлі сөйлеу туындыларын мэтін
деп arrayға тағы бір себеп - күрделі фразалық түтасымға бірігетін
сөйлемдердің арасындағы байланы старды ұйымдастыраты н
тэсіддердің (лексикалық кайталаулар, етістіктің бірыңғай шақ түлғалары
т.б.) мэтіннің бірнеше кұрделі фразалық тұтасымды қамтыған
бөліктерінде де, шығарманың тұтас бір тарауында да, тіпті бүтін
шығарма бойынан да табылатындығы /14, 12-13/. В.А.Кухаренко өз
ойын төмендегіше сабақгайды: «Мэтін-түрлі тілдік деңгей бірліктерінің
үсті-үстіне ретсіз қалануы емес, керісінше, барлығының өзара
байланысқан, өзара тэуелді тэртіпке келтірілген жүйесі. Алайда бұл
мэтіннің өзі бөлшектенбейтін монолит дегенді білдірмейді. Сөз, сөйпем
тәрізді алдыңғы деңгей бірліктерінің мақсатты бағытта үйымдасуы
мәтіннің қарапайым компоненттерге бөлшектенуіне кедергі бола
алмайды» /15,70-71/. В.А.Кухаренко мәтінді кұраушы осы қарапайым
бөлшектерді де мәтін деп атайды. М.В.Никитиннің де көзқарасы осы
пікірлермен орайлас. Ол: «Мэтіннің максималды көлемінің шегі жоқ,
ал минималды мзтін сөйлеммен (айтьшыспен) теңтүседі», - дейді /16,
114/.
Мэтін боліктерінің мағыналық дербестігі макромэтіндермен
салыстырғанда салыстырмалы түрде алынып отырады. Мәселен,
көлемді монографиялык еңбектен бір тарауын немесе бірнеше
сөйлемдерден тұратын бір күрделі фразалық тұтасымды алып
қарастыратын болсақ, зерттеуде камтылған көлемді мазмұнның бір
ғана бөлігі, көтерілген мэселенің бір ғана пұшпағы алынады.
Сондықтан мағыналык дербесгік сол мәтіннен алынған үзінді көлемін
қамтып, тұгас бір хабардың құрамдас бөлшегі түрінде танылады.
М ысалы, Р.Сыздықтың «Абай елеңдерінің синтаксистік
құрылысы» атты зерттеуінен бір күрделі фразалық тұгасымды алайық:
Достарыңызбен бөлісу: |