Сонымен, қайталанып қолданылатын түрлі деңгейдегі тілдік
бірліктер екі тұрлі қызметте жұмсалады: 1) мәтін құрылымының
байласымын жүзеге асырып, жуйелі, біртұгас туындының дүниеге
келуіне қызмет етеді; 2) оқырманның назарын аудару үшін
қолданьшатын стилистикалық амал-тәсіл ретінде қолданылады.
3. Сөздердің магыналыц топтарының мәтінтүзімдік қызметі
Мәтіннің байласымы оньщ қүрамындағы лексикалық бірпіктердің
мағьшалық байланыстары негізінде де нығая түседі. Мэтінді тудырушы
өзара мәндес немесе қарама-қарсы мағынада жұмсалатын сөздерді
қолдана отырып, айтайын деген ойының бір-бірімен ажырамастай
жымдасып, бірінен екіншісінің дамып отыруын көздейді. Мэтін
құрылымындағы синонимдес, антонимдес сөздер де басқа бірліктер
секілді эрі ықпал ету қызметін де бойына жинақтай отырып ерекше
кызметте жүмсалады.
Мысалы:
Әр тұстан шашырап: «Біргеміз!» «Тізгін өзіңде!» -
Достарыңызбен бөлісу: