М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет14/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
1.13 Мәшһүр Жүсіптің сауал өлеңдері

Әзірше әдебиеттану сөздіктерінен орын ала қоймаса да, жанр талабы тұрғысынан жеке бөліп көрсетуді қажет етерлік мәнді жанр түрінің бірі «Сауал өлеңі» дер едік. Қазақ ақындары сауал өлеңдерді аз жазбаған:


Көлдің суын жамандап,
Еділ қайдан табарсың?!
Әкіміңді жамандап,
Әділ қайдан табарсың?!
(XV ғ. Асан Қайғы Сәбитұлы)

Табаны жалпақ тарланды.


Таңбалап мінер ме екенбіз?!
Сол тарланға мінген соң,
Өзен де, өзен, өзен су,
Өрлерде жортар ма екенбіз?!
(XVІІІ ғ. Ақтамберді Сарыұлы).

Алыстан қызыл көрінсе,


Манат емей немене?
Көтеріліп ұшқан соң,
Қанат емей немене?
(XVІІІ ғ. Бұқар Қалқаманұлы) [19, 66-67, 99-100, 118 б.]

Желп-желп еткен ала ту


Жиып алар күн қайда?!
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға ататын күн қайда? [20, 64 б.]
(ХІХ ғ. Махамбет Өтемісұлы)
Көріп отырғанымыздай, бұл сауал қоюлардың бәрі өлеңнің идеялық-тақырыптық негізін әсерлі бейнелеуге де, сол арқылы лирикалық қаһарман сезімін неғұрлым ұтымды жеткізумен бірге, лириканың жанрлық сипатына өзіндік тартыс, ширығу, көңіл аударту, желпіну т.с.с. әсерін арттыруға да қызмет етуімен ерекшеленеді. Сауал өлеңдерін Абайдың да көбірек жазуы тегін емес:
Ішім өлген, сыртым – сау,
Көрінгенге деймін-ау;
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым, япырм-ау?! (1899 ж.)

Сыйласарлық тектінің


Кім танымас нұсқасын?
Күнде өзімшіл ептінің
Несін адам ұстасын?! (1889 ж.)

Жастықтың оты, қайдасың


Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай? (1889 ж.)

Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?


Босқа әуре қылмай, шыныңды айт! (1892 ж.)

Майдағы жұрттың іші – қар,


Бәйшешек қарға өнер ме? (1894 ж.)

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?


Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей?!
(1895 ж.)

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма


Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?! (1898 ж.)

Есіңде бар ма жас күнің


Көкірегің толық, басың бос?! (1899 ж.) [21, 104, 139, 141, 181, 201, 220, 279, 286 б.]
Көріп отырғанымыздай, сауал беру Абай өлеңдерінде бүкіл шығармада айтылмақ идеяға, өзіндік бір ширыққан тартысты дамытуға, ойлану, сараптау, күйінуді т.с.с. ұлғайтуға демеушілік жасап тұр. Мәшһүр Жүсіптің бізге жеткен, қолға іліккен туындыларының ішінде тақырыбы, идеясы, жанрлық табиғаты тұрғысынан да оқшау тұрған, сонысымен де шартты түрде болсын лириканың бір түрі ретінде бөліп қарастыруға лайық туындысы – «Нанайын ба?» өлеңі.
Қараңғы түннің жарық таңы атар ма?!
Күннің қызу сәулесі оятар ма?!
Біз бұған шүкіршілік қып қуанамыз,
Залымдар түн бүркенген ұнатар ма?!
Басылған Құдіреттен мөр таңдайымда,
Бармысың бармақтай бақ маңдайымда?!
«Таң атты, күн шықты!» - деп жұрт шулайды,
Япырм-ау, нанайын ба, нанбайын ба?! [22, 318 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет