М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет10/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
b201 3

1.8 Мәшһүр Жүсіптің мұң өлеңдері

Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық табиғатын кең таразылау үшін оның шартты түрде бөлінуге лайық «мұңлы» өлеңдеріне, яғни мінәжат, немесе элегияға да арнайы көңіл бөлген жөн деп санаймыз. Орыс әдебиеттану ғылымында, арнайы сөздікте элегияға мынадай анықтама берілген: «Қуаныш пен қайғы араласқанға, немесе тек мұң, ойға шолу, әсем сырластығы бар толғануға жеткен өлең ...» [26, с.350].


Лирика туралы арнайы еңбек жазған Лидия Гинзбург пікірі де назар аудартады: «Элегияда жаңа дәуірдегі және көне замандағы өлең шығарушы өзі туралы, өзінің қасіреті мен ләззаты туралы айтады.» [35, с.164]. Эллегия сыр-сипатына қатысты құнды пікірлер Г.М. Фридлендер, И.Гринберг, Л.Г. Фризман т.с.с. еңбектерінде де орын алған [41].
Еуропа, орыс әдебиеттануындағы «элегия» ұғымына жақындау бір ұғымды А.Байтұрсынов бөліп көрсеткен: «Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне: «Мінажат» - деп ат қойған. Әуелінде «мінажат» - деп, ғұламалардың құдайға айтқан зары, арызы, налысы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңдық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де мінажат деп аталатын болған» [15, 268 б.]. Мәшһүр Жүсіп туындыларындағы мұң әйтеуір зар төгу үшін емес, отарланған аз халықтың тағдырына алаң болудан лирикалық қаһарманда туған күрделі сезімді мұң мен қиналу, үміт пен торығуды қабағат арқалауға бағындырылған:
Алды-арты бұл дүниенің - қараңғы түн,
Үміт бар-болар деген бір жарық күн.
Құр босқа текке айғайлап, зорықпайын,
Жаяудан шаң шықпайды, жалғыздан – үн.

... Таусылып гүл, көмір болып кетесің бе,


Бықсумен, қайран күнім, өтесің бе?!
Бақ құсы, айналайын, қонбай басқа,
Табанға тапталып-ақ кетесің бе?!

... Дауысы бар тастан аққан бұлақтың да,


Маңыраса, үні зарлы лақтың да.
Қалайын, қалсам өзім, айдалада,
Болсын да сөзім сырға құлақтыға! [22, 163-164 б.].
Көріп отырғанымыздай, бұл өлеңде ақынның торығуы, мұңды ойға шомуы басым, яғни шығарма қасіретке иек артып, толғаныс туғызуға арналған. Мұндай торығу, мұңның үстемдік құруы ақынның: «Пайғамбардың ақтық үні», «Мұң» өлеңдеріне [23, 266-315 б.] де тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет