Дозиметрлік аспаптардың көпшілігі арнайы қолданылады, ол жеке сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігімен, сәулеленудің қарқындылығың өлшеу диапазонымен және “қаттылықпен жүру” (ходом с жесткостью), яғни аспаптың көрсетуі сәулелену энергиясына байланыстылығымен анықталады.

Топтық радиациялық бақылауды жүргізу кезінде келесі негізгі жағдайларды ескеру қажет: - топтық бақылау мақсатында қолданылатын аппаратура радиациялық –технологиялық үрдістің міндеттеріне және нақты жағдайларына қатал сәйкес келуі қажет;
- жұмыс орындарын және көршілес бөлмелерді радиациядан қорғау тиімділігін тексеру кезінде радиациялық техниканы пайдалану режимі, олардың іс-жүзіндегі шынайы қолдану жағдайына сәйкес болуы қажет;
- нысандағы радиация жағдайы туралы сенімді мәлімет алу үшін қанша өлшеу жүргізу қажет болса, сонша жүргізу керек.
Қазіргі кезде шығарылып жатқан дозиметрлік және радиометрлік аспаптардың көпшілігі әмбебап емес және салыстырмалы түрде үлкен емес энергия диапазонында қолданылады, сондықтан санитарлық дозиметрлік бақылау жүргізу үшін аспаптарды таңдау кезінде келесілерді ескеру қажет:

- өлшенетін сәулеленудің түрі мен энергиясын;
- аспаптың сезімталдық диапазонын;
- төл құжаттық мәліметтеріне толық сәйкес келетін аспаптың өлшеу қателіктерін және басқа да параметрлерін ескеру қажет.
Қазіргі кезде шығарылып жатқан дозиметрлік және радиометрлік Аспаптарды таңдау кезінде, олардың көрсетулері өлшенетін сәулеленудің энергиясына байланысты болатынына (яғни, “қаттылықпен жүруге”-берілген аспаппен өлшенетін сәулелену энергиясының диапазонына) үлкен мән беріледі.Кейбір жағдайларда «қаттылықпен жүруіне» байланысты өлшеу қателігі 400 % жетеді. «Қаттылықпен жүруінің» ең аз көрсеткіштері ауаға эквивалентті материалдардан жасалған аспаптарда болады.