Қазіргі кезде шығарылып жатқан дозиметрлік және радиометрлік Аспаптарды таңдау кезінде, олардың көрсетулері өлшенетін сәулеленудің энергиясына байланысты болатынына (яғни, “қаттылықпен жүруге”-берілген аспаппен өлшенетін сәулелену энергиясының диапазонына) үлкен мән беріледі.Кейбір жағдайларда «қаттылықпен жүруіне» байланысты өлшеу қателігі 400 % жетеді. «Қаттылықпен жүруінің» ең аз көрсеткіштері ауаға эквивалентті материалдардан жасалған аспаптарда болады.
Қолданылуына байланысты барлық аспаптар шартты түрде келесі топтарға бөлінуі мүмкін:
Қолданылуына байланысты барлық аспаптар шартты түрде келесі топтарға бөлінуі мүмкін:
1. Рентгенометрлер – иондағыш сәулеленудің экспозициялық доза қуатын өлшейтін аспап;
2. Радиометрлер – иондағыш сәулеленулердің ағын тығыздығын (β- бөлшектердің, нейтрондардың, т.б. сыртқы ағыны қарқындылығын) өлшейтін аспап;
3. Жеке адамдық дозиметрлер – иондағыш сәулеленулердің экспозициялық немесе сіңірілген дозасын өлшейтін аспаптар.
Бұдан басқа радиациялық бақылау жүргізетін барлық аспаптарды стационарлық және тасымалданатын аспаптар деп бөледі
Қазіргі жағдайларда «ПРОГРЕСС» спектрометрлік кешені кеңінен қолданылады, ол α, β және γ – сәулелелерін шығаратын нуклидтердің белсенділігін есептеу үшін дайындалған үлгілерін спектрометрлік әдіспен өлшеуге арналған. Бұл кешен арнайы қолданылатын құрылғы ретінде зертханалық жағдайларда қолданылады және қоршаған ортаның әр түрлі нысандарындағы радионуклидтердің белсенділігін өлшеуге арналған құрал болып табылады