М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет29/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Дəріс мазмұны:


    1. Эндокриндік бездер мен гормондар туралы үғымдар, зерттеу өдістері. Гормондардың маңызы, олардың структурасы, өрекет ету механизмі Ішкі секреция бездерінің өзара өрекеттесуі.

  1. Гипофиз.

  2. Калқанша без, калқансерік бездері.
  3. Айыршық без жөне эпифиз.





  1. Эндокриндік бездер мен гормондар туралы үғымдар, зерттеу өдістері. Гормондардың маңызы, олардың структурасы, өрекет ету механизмі Ішкі секреция бездерінің өзара өрекеттесуі.

Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100 трил-лионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер жəне жүйелердің дағ-дылы қызметі, олардың өзара жəне сыртқы ортамен өте курдел; қарым-қатынасы жуйке жəне гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.


Денедегі барлық қурылымдар арасында уздіксіз, уақыт жəне кеңістік тартібімен турлі жолдар мен механизмдер арқылы унемі кең көлемде мəлімет алмасу жүріп отырады. Бул мəліметтер гу-моральдық жолмен (қан, лимфа, тканьаралық суйықтык) журеді Оларға кодталган электрлік жуйке серпіністері немесе қарапайым жəне курделі химиялық заттар, көбінесе мəліметтік макромолеку-лалар арқылы келеді.
Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде ма-ңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқа-рады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің епсіоп — ішкі, сгіпео — бөлемш немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан жəне лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, əрі ол езек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мушеге шығарады.
Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан-серік бездері, айырша без, буйрекусті, уйқы жəне жыныс бездерГ жатады (20-сурет) Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму процестері реттеледі. Гор-мон көбеюге де əсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «һогтоп»—қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептеген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай бол-май шықты. Ағзалар қызметін бəсеңдетіп, тежейтін де гормондар-бар екені мəлім. Мысалы, адреналин ас қорыту аппаратының сек-торлық қозғалыс қызметін тежеп бəсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі селініс бездерінің атауы болып қалды.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ткань-дерге ағзаларға жəне букіл денеге əсер ете алады:

  1. метоболикалық — зат алмасу процестерінің əртурлі жағдай-ларына, жиілігіне əсері;

  2. морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық процес-терде ажырату (диференциялық, тканьдердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) əсері;

  3. кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігі-не жəне оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға əсері;

  4. корригиялық тканьдер мен ағзалар қызметінің қарқынын өз-гертуге əсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату тездету, бəсең-дету қозғалыстары).

Адам жəне жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, хи-миялық құрылым ұқсастығын, физика- химиялық, биологиялық қа-сиеттерінің ортақтығын пегізге ала отырып, 3 класқа бөледі.

  1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкогон, сома-тотропин т. б.);

  2. Стереоидтар (бүйрекүсті безі қабығының жəне жыныс безде-рі гормондары);

  3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламин-дер — адреналин, норадреналин).
  1. Гипофиз


Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, Ісалмағы 0,5—0,6 г, алдьщғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы — аденогипофиз, ортаңғысы — меланогипофиз, артқыбөлігі — нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы жəне қызметі жа-ғынан олар əртүрлі, сондықтан олардың əр қайсысын бөлек без деуге де болар еді.
Адам жəнеіжануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы, бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастай-ды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмен- дейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без^ бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп белінуін-де тəуліктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда \ болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды əсерлерге деген төзімділігі ке-миді. Осы айтылғандарың бəрі гипофиздің гормон шығару қызме-тінің нашарлауының (гипосекреция) салдары. Ал гипофиздің қыз-меті күшейсе, (гиперсекреция) мұндай өзгерістердің сипаты қара-ма-қарсы.
Гипофиздіқ алдьщғы бөлігі аденогипофиз үш түрлі, атап айт-қанда, ацедофилдік, базофилдік жəне хромофобтық клеткалардак тұрады. Соңғылары — бас клеткалар осы бас клеткалардан дами-ды. Бастапқы аталған екі клетка бүйрек үстіндегі бездердің қызме-тін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде сома-тотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроп-тық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі.
Гормондардың физиологиялық əсері. Соматотропин жəй белок ацидофилдік клеткаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға əсер етеді, əсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан ткань клеткаларына өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп клеткалар мен тканьдердің өсіп да-муың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теқдігін өз-гертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тканінің əсіп дамуын, қатаюын тез-детеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын гликогенолиз, глюконео-генез процестерін тездетеді. Сондықтан СТГ гормоны шектен тыс Қеп шығатын балса қа^нда глюкоза, қаңт деңгейіжоғарыл^йды (ги-пергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тəн. СТГ ли-поидтар мен май ыдырауын əсіресе бауырда бета — тотығуын1 күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіре-ді. Осы айтылған əсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана-емес, басқа бездердің гормондары да əсіресе глюкокортикоидтар, тироксин жəне инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ əдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден ас-пауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ерге-жейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қол~ дың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сəйкес бола-ды, жыныс мүшелері еспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетіл-меген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе онын ғұмыры қысқа болады.
Гипофиздіц артк,ы бөлігі нейрогипофиз пирамида тəрізді үл-кен клеткалар —• питунциттерден жəне гипоталамустын, нейросек-реторлық клеткаларыньщ талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиз-Дін, екі гормоныньщ екеуі де (вазопрессин, окситоцит) гипоталамус-та түзіліп, нейросекреторлық І?леткалар аксондарыньщ бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамус-тын, супраоптикалььқ, ал окситоцин паравентрикулярлық ядрола-Рында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин за-тымен əрекеттескеннен сон, қанға өтеді. Вазопрессин бүйректін, не-Сеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гор-мон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса,~несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын та-рылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырыл-тады, жатырдың жиырылуы əсіресе толғақ кезінде кушейе туседі. Бұл гормон құрсақтағы нəрестенің тууын тездетеді, сут түзілуін,. , оның шығуын удетеді.
Гшофиздщ ортақғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни ин-термедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік клетка-ларда пигмент түйіршіктерін көбейтіп, клетка талшығын кеңейте-ді, пигмент түйіршіктерінің клеткада біркелкі орналасуын қамта-масыз етеді. Мүның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күн-ге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сəулесінің əсері-нен интермедин əсері күшейіп, теріде қара пигмент фусцин түзілуГ үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент клеткаларынан (псевдоподий) жалған бүтақ шығарьш олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецептор-ларды жарық сəулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипо-таламус реттейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет