Тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді биоэлектрлік қүбылыстар деп атайды. «Жануар электрінің (биоэлектрлік құбылыстар) бар екендігі туралы алғаш-кы мəліметтер XVIII ғасырдың аяғында алынған. Л. Гальвани өзінің «Ет қозғалысы кезіндегі электр күші туралы трактатында» (1791) «Жануар электрінің» бола- тындығын дəлелдеуге талап жасайды. Бақа омыртқасы-ның белден төмен бөлімі мен екі артқы аяғынан тұратын препаратты мыс сым арқылы темір пластинкаға жалғап, содан соң пластинкаға аяқтарын тигізсе, олар қозғалыс-қа келеді. Гальванидің ойынша, металдар арқылы тұ-йық тізбек түзілген кезде оның бойымен жұлында пайда болатын ток аяқ. еттеріне келіп, оларды қимылдатады. Ол осы токты «жануар электрі» деп есептейді. Бірақ Гальванидің замандасы А. Вольта (1792) бұл тəжірибені қайталап, бақа аяғын қозғалысқа келтіріп отырған токтың аталған екі металл арасындағы потенциал айырымынан туатындығын дəлелдейді. Бұған жауап ретінде Гальвани оқушыларымен бірге «металдарсыз жиырылу» немесе Галванидің екінші тəжірибесі деп аталатьш тəжірибені іске асырды. Ол үшін бақаның нерв ет препаратының нервін жалаңаштанған "(Терісі сыпырылған) еттің үстіне тастаса, ет жйрылады. Бұл тəжірибені кезінде Д. Реймон
«нерв-ет физиологиясының нағыз негізгі тəжірибесі» деп бағалаған.
XIX ғасырдың басында электр тогын нақты өлшеуге мүмкіндік беретін физикалық құралдардың, мəселен гальванометрдің (В. Эйнтховен) жасалуына байланыс-ты тірі тканьдердегі электрлік құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік туды. К. Маттеучи (1838) мультипликатордың (гальванометрдің) кө-мегімен алғаш рет еттің сыртқы беткейінің оның ішкі жағымен салыстырғанда оң электр зарядты болатындығын жəне бұл потенциал айырымының қозу кезінде күрт төмендейтіндігін керсетті. Сондай-ақ ол өзінің «соңғы жиырылу» деп аталатын тəжірибесін іске асырды. Ещ нерв ет препаратын дайындап, бірінің нер-він екіншісінің етінің үстіне келденең салып қойып, бос нерв арқылы тітіркендіру берсе, сол препараттың еті ғана жиырылып қоймайды, нерві ет үстіне салынған препараттың да . еті жиырылады. Себебі, 1-етте туған əрекет потенциалдары .келесі препараттың нерві үшін тітіркендіргіш. Өткен ғасырда Э. Дюбуа-Реймон өзі жетілдірген гальвонометрді, индукциялық аппарат-ты жəне полярланбайтын . электродтарды пайдалана отырып тірі тканьде тыныштық күйде де, қозу кезінде де электр потенциалдарының болатындығын ешқандай күмəн келтірмейтін етіп дəлелдеп шықты. XIX ғасырдьщ екінші жартысында жəне XX ғасырда биопотенциал-дарды зерттеу техни^асы одан əрі жетілдірілді. Мəселен еткен ғасырдың 80-жылдарында электрофизиологиялық зерттеу мақсаттары үшін Н. Е. Введенский телефонды, Липпман — капиллярлық электрометрді, В. Эйнтхо-вен — ішекті гальвонометрді пайдаланды. Қазіргі кезде аталған мақсаттарда ең жетілдірілген электр өлшегіш құралдар — аз инерциялы шлейфті осциллограф пен инерциясы жоқтың қасындағы катодты осциллографқолданылады.