М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет30/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Қалқанша без


Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан калқанша без (діапйиіа іһугоісіеа)—біршама ірі без. Үлкен адамдардың қал-қанша безінің салмағьІІ 20—30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) — 1,5—2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі селініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без ткані
дəнекер тканьнің жұқа кабаттарымен қоршалған көлемі 25—500 мкм болатын фол-ликулалардан тұрады. Олардың эпителий клеткалары құра-мында йод бар гормондарды түзеді. Бүлар трийодтиронин (Тз) жəне тетрайодтиронин (Т^) немесе тироксин. Олар белокпен қосы-лып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол заг фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бвілініп қанға өтеді. Эпителийлі клеткалардағы протоаздардың əсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, активті гор-мондар босатыладьг. Қан плазмасында гормондар альбумин жəне глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бүл комплекстер ыдырап,, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бүл гормондардың, жасалуына аминқышқылдар, тирозин жəне йод кажет.
Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ке жуығы белоктармен байланыскан калпында ағып жүреді. Бүл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бер-мейді. Гормондар тек бос қалпында ғана əсер етеді. Трийодтиронин-нің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6—10 есе жогары.
Гормондардың күйзелуі біршама ақырын жүреді (2—4 тəуліктен кейін). Артық гормондар бауырда ферменттік күйзеліске үшырай-ды. Бездің дəнекер тканьді стромасында «ақшыл» клетка немесе С — клеткалар деп аталатын ерекше клеткалар табылды (ағыл. саісііопіп), кейде оны орысша атына байланысты Қ — клетка деп 100 те атайды. Бұлар кальций жəне фосфор алмасуын реттеуге қаты-сатын құрамында йод жоқ — тирокальцитонин жəне өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады.
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мүндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің ез келемінен 3—7 есе көп. Қанның мелшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секреторлық кызметінщ белсенділігін көрсетеді. Қалқан-ша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оньщ жүйке қызме-тінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық жəне денелік жүй-келер арқылы жүзеге асырылады.
Фолликула эпителий клеткаларында йод бар тиреойодты гор-мондардың синтезі организмге бейорганикалық йодтың келуімен ты-ғыз байланысты. Адам жəне жануарлар оны йодты калий жəне йодты натрий түрінде тамақ пен су аркылы алады. Тамақтанудың тəуліктік рационында оның орташа мелшері 100—200 мг болады. Организмде 30—50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безіңің қүра-мына енеді. Сөйтіп, адамның жəне жоғары сатыдағы омыртқа-лылардың қалқанша безі 4 түрлі гормон бөліп, шығарады — тирок-син (тетрайодтиронин), трийодтиронин жəне тирокаільцитонин, ка-"тркальцин. Қалқанша безінің гормондары организм қызметтеріне кең түрде əсер етеді.
Экспериментальдық зерттеулер кезінде де, ішкі селініс бездері-нің қызметі бұзылған ауруларды бақылағанда гормондардьщ жет-кіліксіз немесе шамадан тыс көп белінуі бұлардың қаншалықты ерекше əсер ететіндігін айқын керсетеді. Тиреоидты гормондар əсерінің негізгі эффектілері бүлардың турлі алмасу процестеріне өсу жəне дамуға ықпал етуінен, сонымен қатар көптеген бейімделу реакцияларға қатысуынан тұрады.
Тироксиннің жəне трийодтирониннің энергия алмасуына тигізе-тін эсері, олардың «калоригендік» ықпалынан өте жақсы көрінеді. Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу процестерінің жылдамдығы Іемендейді, ал көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қальіпты жағдайда 2 есе жоғарылауы мүмкін. Калоригендік эффект жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмдерінің барлық клеткаларында, əсіресе бауыр, бұлшықет жəне жүйке жү-йесі клеткаларында айқын байқалады.
Гормондар зат алмасудын, түрлі жақтарына барлық фермент-терді белсендіру жəне тотығу процестерін күшейту арқылы əсер етеді, əсіресе белоктың синтезделуін жəне майлар мен көмірсулар-дың ыдырауын күшейтетін митохондриялық процестерді тездетеді. Түрлі жануарлардың организмін зерттеу аркылы, оларда минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың ролі анық дəлелден-ген.
Сөйтіп тироксин клетка ішіндегі жəне сыртындағы орталардағы электролиттердін, мөлшер айырмасының сақталып тұруына көмек-теседі. Бұның биопотенциалдық генерациялану кезінде Үлкен мəні бар. Т3 жəне Т4 əсері сонымен қатар тканьдердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұрады; олар ад-реналин мен норадреналиннің гликогенолиздік жəне гиперглике-
миялық əсерін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет