33
6.18.
Практика басталғанға дейін білім алушы практиканың жұмыс оқу бағдарламасымен,
кәсіптік практика бойынша әдістемелік нұсқаулармен, қажет болған жағдайда
медициналық комиссиядан өтуі тиіс.
6.19.
Білім алушылардың практикасына ұйымдастырушылық және әдістемелік
басшылықты, оның жүргізілуін бақылауды кафедра мен практика базасынан
практика жетекшісі жүзеге асырады.
6.20.
Практика жетекшісі кафедрадан практика басталғанға дейін білім алушыларды
практика бойынша нормативтік құжаттармен, практиканттардың құқықтары мен
міндеттерімен, практиканттарға қойылатын талаптармен (мерзімі, күн тәртібі және
т.б.), практикадан өту орындарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша ережелермен,
іс-тәжірибе бойынша есеп беру құжаттамасын ресімдеу және тапсыру тәртібімен
таныстыруды ұйымдастырады.
6.21.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаумен танысу туралы жазба практика
күнделігінде тіркеледі.
6.22.
Практика түрлері басталар алдында кафедралардан практиканың жауапты жетекшісі
конференция ұйымдастырып өткізеді. Қажет болған жағдайда практиканың бірнеше
практикалары/түрлері бойынша кешенді анықтау конференциясын өткізуге болады.
Практика жөніндегі анықтау комиссиясының отырыстары хаттамаланады.
6.23.
Практика базасынан тағайындалған басшылар шарт талаптарына сәйкес жұмыс
жоспар-кестесін және жұмыс оқу практикасының бағдарламасын табысты орындау
үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
6.24.
Практика барысында білім алушы практика бағдарламасын және практика
бағдарламасында қарастырылған жеке тапсырманы толық орындауы, практика
күнделігін жүргізуі, практика базасында қолданылып жүрген ішкі еңбек тәртібінің
ережелеріне бағынуы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік
санитария ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
6.25.
Білім алушының практика бағдарламасында көзделмеген жұмыстарға қатыспауға,
мамандық бейіні бойынша ақылы лауазымдарға бос орындар болған жағдайда
қабылдануға, кәсіптік практиканы жетілдіру (жақсарту) бойынша ұсыныстар енгізу
құқығы бар.
6.26.
Практика қорытындысы бойынша білім алушылар тиісті кафедраға есеп береді, оны
практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған
комиссия алдында қорғайды. Практика нәтижелерін практика жетекшілері болып
табылатын оқытушылар аттестаттау ведомосына енгізеді. Ведомость аттестаттау
ведомосінде көрсетілген күні СТҚКО-ға тапсырылады.
6.27.
Кәсіптік практикадан өтпеген, кәсіптік практика бағдарламасын орындамаған,
жұмысы туралы теріс пікір немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға
алған білім алушылар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде ақылы
негізде практикаға қайта жіберіледі.
6.28.
Төтенше жағдай режимі және/немесе карантин режимі және/немесе қашықтықтан
оқыту нысаны кезінде университетте кәсіби тәжірибе М. Қозыбаев атындағы СҚУ-
да қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім беру үдерісін
ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: