М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет22/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Әріппен 
ұсынылған 
баға 
Сандық 
эквивалент 
Ұпаймен 
ұсынылған баға 
Дәстүрлі жүйесінде 
көрсетілген баға 


38
Әріппен 
ұсынылған 
баға 
Сандық 
эквивалент 
Ұпаймен 
ұсынылған баға 
Дәстүрлі жүйесінде 
көрсетілген баға 
А 
4,0 
95-100 
Үздік 
А- 
3,67 
90-94 
В+ 
3,33 
85-89 
Жақсы 
В 
3,0 
80-84 
В- 
2,67 
75-79 
С+ 
2,33 
70-74 
С 
2,0 
65-69 
Қанағаттанарлық 
С- 
1,67 
60-64 
D+ 
1,33 
55-59 

1,0 
50-54 
FX 
0,5 
25-49 
Қанағаттанарлықсыз 
7.48. 
Емтихан нәтижесі, «Дене шынықтыру» пәні бойынша дифференциалды сынақ, 
кәсіптік практика, магистранттар, докторанттардың ҒЗЖ/ЭЗЖ бойынша есепті 
қорғау бойынша қорытынды баға 50 балл және одан жоғары болған жағдайда ББ 
сәйкес пәні бойынша белгіленген көлемде игерілген кредиттерді есепке алуға және 
оларды білім алушының транскриптіне енгізуге негіз болады. 
7.49. 
Қорытынды бақылаудың бағасын көтеру мақсатында қайта тапсыру жазғы семестр 
уақытында ғана мүмкін. 
7.50. 
Білім алушы емтиханда «FX» әріптік жүйесіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз»
бағасын алса, оқу пәнін/модулін қайта оқымай-ақ емтиханды ақылы түрде бір рет 
қайта тапсыра алады. 
7.51. 
FX белгісіне сәйкес бағаны алған білім алушы келесі академиялық кезеңге дейін 
емтихан тапсыра алады, ал жазғы емтихан қорытындысы бойынша курстан курсқа 
көшу бұйрығы шыққанша дейін емтиханды қайта тапсыра алады. 
7.52. 
Алып тасталды. 
7.53. 
Білім алушы келесі демалыс уақытында сол пән жоқ оқу бағдарламасына қайта 
орала алады.
7.54. 
Білім алушы емтиханда «F» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағасын 
алса, пәнге қайта тіркеліп, оны жазғы семестр немесе келесі академиялық кезеңде 
ақылы түрде меңгере алады. 
7.55. 
Егер білім алушы емтиханда келесі академиялық кезеңдегі пәндердің пререквизиті 
болып табылатын пән бойынша "F" бағасын алған және академиялық қарызды 
жоймаған жағдайда, ол пәнге тіркелу рәсімінен қайта өтуі және келесі академиялық 
кезең басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей жаңа жеке оқу жоспарын 
қалыптастыруы тиіс. 
7.56. 
Білім алушы емтиханға келмеген жағдайда, емтихан алушы емтихан ведомосіне 
тіркейді. 
7.57. 
Білім алушы Академиялық саясаттың 3.26 тармағында көрсетілген белгілі бір 
себептермен емтиханға келмеген жағдайда, СТҚКО-ға жазған өтініші мен 
растайтын құжаттарын уақытында тапсырса, Академиялық саясаттың 3.17 
тармағына сәйкес декан факультетінің өкімімен академиялық күнтізбе аясында 
емтихан тапсыру үшін жеке кесте белгіленеді.
 
Төтенше жағдай режимі және/немесе 


39
карантин режимі кезінде
білім алушының емтиханға келмеуінің дәлелді себебі 
болған жағдайда осы білім алушыға емтихан тапсырудың жеке кестесі М. Қозыбаев 
атындағы СҚУ-да қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім беру 
үдерісін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес белгіленеді. 
7.58. 
Білім алушының дәлелді себептері болмаған немесе Академиялық мәселелер 
жөніндегі проректордың атына уақытында өтініш жазбаған және (немесе) дәлелді 
себептердің болуын растайтын құжаттары болмаған жағдайда оның емтиханға 
келмеуі «қанағаттанарлықсыз» «F» бағасына бағасына теңестіріліп, қайта тапсыру 
7.54 тармағына сәйкес жүргізіледі. 
7.59. 
Емтихан ведомосі емтихан тапсырған күні СТҚКО-ға тапсырылады. 
7.60. 
Пән бойынша жазбаша немесе шығармашылық емтихан нәтижесімен келіспеген 
білім алушы, кәсіптік практика бойынша есепті қорғау, курстық жұмысты (жобаны) 
қорғау, ҒЗЖ/ЭИР бойынша есепті қорғау, апелляция туралы емтихан өткізілгеннен 
немесе практика бойынша есепті, курстық жұмысты (жобаны), ҒЗЖ/ЭИР бойынша 
есепті қорғағаннан кейін келесі жұмыс күні сағат 13:00-ден кешіктірмей СТҚКО-ға 
апелляциялық комиссия төрағасының атына апелляция туралы өтініш береді. 
7.61. 
Пән бойынша жазбаша немесе шығармашылық емтихан нәтижелерінің, кәсіби 
практика бойынша есепті қорғау нәтижесінің аппляциясы туралы білім алушының 
өтініші 7.60 тармағында белгіленген мерзімнен кеш СТҚКО-ға қабылданбайды және 
апелляциялық комиссияда қаралмайды. 
7.62. 
Компьютерлік тестілеу түріндегі емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы 
емтихан нәтижелеріне апелляция туралы емтихан күні ғана СТҚКО-ға факультет 
деканының атына өтініш беруге құқылы. 
7.63. 
7.62 тармағында белгіленген мерзімнен кеш емтихан нәтижелерінің апелляциясы 
туралы білім алушының өтініші СТҚКО-ға қабылданбайды және апелляциялық 
комиссияда қаралмайды. 
7.64. 
Емтихан нәтижелерінің апелляциясы туралы өтініште білім алушы апелляцияны 
өткізудің негізділігі мен қажеттілігін анықтайды. Білім алушының емтихан 
нәтижелерінің апелляциясы туралы арыздары апелляция қажеттілігі негізінсіз 
қабылданбайды және апелляциялық комиссиямен қаралмайды. 
7.65. 
Апелляциялық комиссия апелляцияға өтініш бергеннен кейін келесі жұмыс күні 
сағат 17:30-дан кешіктірмей, бағалау өлшемдерін басшылыққа ала отырып, білім 
алушының емтихан жұмысын қарайды және білім алушының апелляция туралы 
өтінішін қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы шешім қабылдайды7 
7.66. 
Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамадан үзінді көшірме түрінде ресімделеді 
және комиссия отырысы күні апелляцияға берілген өтініште көрсетілген білім 
алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, сондай-ақ апелляцияны 
қанағаттандырған жағдайда қорытынды баға қою үшін СТҚКО-ға ұсынылады. 
7.67. 
СТҚКО апелляциялық комиссия хаттамасының үзіндісі негізінде білім алушыға 
жеке емтихан ведомосі (жолдама) жасайды, ол негізгі емтихан ведомосына қоса 
беріледі. 
7.68. 
Егер білім алушы жұмысты түсініксіз жазумен орындаған болса, жазбаша түрдегі 
аралық аттестаттау нәтижелерінің апелляциясы қаралмайды. 
7.69. 
Курстың емтихан сессияларының қорытындысы бойынша, жазғы семестр 
нәтижелері ескеріле отырып, білім алушының оқу жетістіктерінің орташа бағасы 
(GPA) автоматты түрде есептеледі. 


40
7.70. 
Бакалавриат деңгейінде кадрларды даярлаудың барлық ББ және (немесе) 
бағыттарының білім алушылары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні 
бойынша мемлекеттік емтиханды курс аяқталған соң сол академиялық кезеңде 
тапсырады. 
7.71. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды 
өткізу формасы М. Қозыбаев СҚУ ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ББ-мен 
анықталады.
7.72. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан 
бағдарламасы ҚТжӘГП кафедрасында жасалып, барлық факультет декандарымен 
келісіліп, 30 қазанға дейін тарих, экономика және құқық факультетінің кеңесі 
отырысында бекітіледі. 
7.73. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды 
өткізу үшін 10 қаңтарға дейін факультет декандарының ұсынысы мен М. Қозыбаев 
атындағы СҚУ Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен 
комиссия төрағалары мен мүшелері анықталып, мемлекеттік емтихан комиссиясы 
құрылады, ол күнтізбелік жыл ішінде әрекет етеді. 
7.74. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша МЕК отырысының ұзақтығы 
күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. 
7.75. 
«Қазақстанның қазіргі тарихы» пәні бойынша МЕК отырыстары әр білім алушыға 
жеке хаттамамен рәсімделеді және оған отырысқа қатысқан комиссия төрағасы мен 
мүшелері қол қояды. 
7.76. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша МЕК отырысының 
хаттамасын осы пән бойынша сабақ жүргізетін кафедраның оқу-көмекші 
қызметкерлері арасынан тағайындалатын хатшы жүргізеді. 
7.77. 
Егер білім алушы «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша МЕК 
отырысына келмесе, онда хаттамада оның аты-жөніне қарама-қарсы «келмеді» деген 
белгі қойылады. 
7.78. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан 
нәтижелері бойынша білім алушыларға жіберу рейтингісінің бағасы мен мемлекеттік 
емтихан бағасы ескеріле отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберу 
рейтингісінің бағасы пән бойынша қорытынды білім бағасының 60% құрайды және 
мемлекеттік емтихан бағасы пән бойынша қорытынды білім бағасының 40% 
құрайды. 
Қорытынды 
баға 
мына 
формула 
бойынша 
есептеледі: 
ҚБ=0,6*ЖРБ+0,4*ҚБ, мұнда ҚБ-қорытынды баға, ЖРБ – жіберу рейтингісінің 
бағасы, ҚБ - мемлекеттік емтихан бағасының балдары (қорытынды бақылау). 
7.79. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның 
нәтижелері 7.42 тармағына сәйкес балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі 
бойынша бағаланады. 
7.80. 
«Қазақстанның жаңа тарихы» пәні бойынша «FX» әрпіне сәйкес келетін мемлекеттік 
емтихан нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған студент емтиханды 
ақылы негізде курс / модуль бағдарламасын қайталамай бір рет қайта тапсыруға 
мүмкіндігі 
бар.
7.81. 
Емтиханды «FX» белгісіне сәйкес бағадан қайта тапсыруға келесі академиялық кезең 
басталғанға дейін, ал жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша курстан 
курсқа ауыстыру туралы бұйрық шыққанға дейін рұқсат етіледі. Курстан курсқа 
ауыстыру туралы бұйрық шыққаннан кейін «FX» белгісіне сәйкес емтихан бағасы 
академиялық берешекке айналады. 


41
7.82. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан 
нәтижелері бойынша «F» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» деген баға 
алған білім алушы пәнге қайта тіркеледі және оны жазғы семестрде немесе келесі 
академиялық кезеңде ақылы негізде оқиды. 
7.83. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның оң 
бағасын көтеру мақсатында қайта тапсыру жазғы семестрде жүзеге асырылады. 
7.84. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан 
нәтижесімен келіспеген білім алушы мемлекеттік емтихан өткізілгеннен кейін келесі 
күні 13:00-ден кешіктірмей аралық аттестаттау кезеңінде құрылған апелляциялық 
комиссия төрағасының атына апелляцияға береді. 
7.85. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның 
апелляциялық комиссиясының шешімі академиялық саясаттың 7.60, 7.61, 7.62, 7.63 
тармақшаларына сәйкес қаралады және ресімделеді. 
7.86. 
Апелляция қанағаттандырылған жағдайда МЕК отырысының хаттамасы қайта 
ресімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттаманың нәтижесі: «Бағалау ____ № ____ 
хаттамамен қайта қаралды» деген жазумен белгіленіп, оған МЭК барлық қатысушы 
мүшелері қол қояды. 
7.87. 
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру 
нәтижелері тапсыру қарастырылған емтихан сессиясының қорытындысын шығару 
кезінде ескеріледі. 
7.88. 
Бакалавриаттың, магистратураның, докторантураның барлық ББ білім алушыларын 
қорытынды аттестаттау 12 академиялық кредитті құрайды
және дипломдық 
жұмысты немесе дипломдық жобаны, магистрлік және докторлық диссертацияларды 
(жобаларды) жазу және қорғау түрінде жүргізіледі. 
7.89. 
Аттестаттаудың ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбемен белгіленеді. 
7.90. 
Бакалавриаттың ББ бойынша қорытынды аттестаттау дипломдық жұмыс немесе 
дипломдық жоба жазу және қорғау түрінде өткізіледі. 
Бұл ретте диплом жұмысының немесе диплом жобасының орнына келесі санаттағы 
адамдар екі кешенді емтихан тапсырады: 
1) денсаулық жағдайы бойынша стационарда ұзақ уақыт емделуші; 
2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен 
мүгедектер, I топтағы мүгедектер; 
3) жүкті немесе 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуші; 
4) оқуды бітіріп жатқан сырттай оқу бөлімінің студенттері. 
Кешенді емтиханды тапсыру үшін білім алушы университет ректорының атына 
өтініш жазады және тиісті құжатты ұсынады. 
7.91. 
Интернатура бойынша қорытынды аттестаттау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші 
кезеңде интернатураның үлгілік оқу жоспарының барлық пәндері бойынша 
интеграцияланған тест емтиханы өткізіледі. Екінші кезеңде құрылымдық 
клиникалық емтихан әдісімен ББ бойынша практикалық дағдыларды аттестаттау 
ұйымдастырылады. 
7.92. 
Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың бірінші кезеңін тапсырмаған интернатурада 
білім алушылар екінші кезеңге жіберілмейді. 
7.93. 
Магистратураның ББ бойынша қорытынды аттестаттау магистрлік диссертация 
(жоба) жазу және қорғау түрінде жүргізіледі. 


42
7.94. 
Докторантура ББ бойынша қорытынды аттестаттау докторлық диссертация (жоба) 
жазу және қорғау түрінде жүргізіледі. 
7.95. 
Бакалавриат үшін қорытынды аттестаттау формасы ББ-да ЖОО дербес анықтайды. 
7.96. 
ББ бойынша қорытынды аттестаттау формасын өзгерту туралы шешімді Ғылыми 
Кеңес қабылдайды. 
7.97. 
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханының бағдарламаларын кафедра 
әзірлейді және 30 қазанға дейін факультет кеңесі отырысында бекітіледі. 
7.98. 
Бакалавриат ББ бойынша кешенді емтиханға ББ анықтайтын базалық және 
бейіндеуші пәндер кіреді. 
7.99. 
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханының бекітілген бағдарламалары М. 
Қозыбаев атындағы СҚУ-дың электрондық кітапханасында орналастырылады. 
7.100. Білім алушыларды магистрлік диссертацияларды (жобаларды) жазуға және қорғауға 
қойылатын талаптар туралы ақпараттандыру мақсатында кафедралар белгілі бір 
білім беру бағдарламасы шеңберінде зерттеудің ерекшелігін ашатын магистрлік 
диссертацияларды (жобаларды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлейді. 
Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындау бойынша әдістемелік 
ұсыныстарды оқу жылы басталғанға дейін факультеттің ОӘК бекітеді және 
М.Қозыбаев атындағы СҚУ электрондық кітапханасында орналастырылады. 
7.101. Әр білім алушының дипломдық жұмысының (жобасының) ғылыми жетекші 
университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген тақырыптары көрсетіле 
отырып, М.Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының бұйрығымен бітіру курсында 30 
қазанға дейін бекітіледі. 
7.102. 
Оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік 
диссертацияға (жобаға) басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. 
Докторлық диссертацияға жетекшілік ету үшін докторантқа оқуға қабылданғаннан 
кейін екі ай ішінде ғылыми басшылық тағайындалады. Докторлық диссертацияның 
тақырыбы бірінші семестр бойы анықталады. 
Ғылыми басшылық пен тақырыптар Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Басқарма 
Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 
7.103. Қорытынды аттестацияны өткізу үшін факультет декандарының ұсыныстары мен М. 
Қозыбаев атындағы СҚУ ғылыми кеңесінің шешімі негізінде 10 қаңтарға дейінгі 
мерзімде ректордың бұйрығымен қорытынды аттестаттау бойынша аттестаттау 
комиссиясының төрағасы мен құрамы бекітіледі. 
7.104. Қорытынды аттестаттауды өткізу үшін факультет декандарының ұсыныстары 
негізінде қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей 
ректордың бұйрығымен қорытынды аттестаттаудың апелляциялық комиссиясының 
құрамы бекітіледі. 
7.105. Қорытынды аттестаттаудың апелляциялық комиссиясының төрағасы Академиялық 
мәселелер жөніндегі проректор болып табылады. 
7.106. Қорытынды аттестаттаудың апелляциялық комиссиясының шешімі берілген 
Акадмиялық сасаттың 7.65, 7.66 тармақшаларына сәйкес қаралып, ресімделеді.
7.107. Білім алушылардың жазбаша бағаланатын жұмыстары (курстық, дипломдық 
жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық 
диссертациялар) плагиат материалдың (заимствованный материал) бар-жоғына және 
мағынасын өзгертпей (парафраз) сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра 
отырып, мәтіннің қолданылуына тексеруден өтеді. 


43
«Антиплагиат» жүйесінде дипломдық жұмыстарды (жобаларды), магистрлік 
диссертацияларды (жобаларды) қорытынды тексеру негізінде кафедра бойынша 
жауапты адам плагиат материалдың бар-жоғын тексеру нәтижелері туралы анықтама 
толтырады. Компания коллекциясының модуліне тек дипломдық жұмыстар 
(жобалар) үшін 70% - дан кем емес және магистрлік диссертациялар (жобалар) үшін 
80% - дан кем емес түпнұсқалығы бар дайындалған файлдар қосылады. 
Докторлық диссертация мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық 
орталығы жүзеге асыратын басқа авторлардың мәтінінің қарыз алуын анықтау 
мәніне тексеруден өтеді. 
7.108. Қорғауға дипломдық жұмыстар (жобалар) үшін кемінде 70% және магистрлік және 
докторлық диссертациялар (жобалар) үшін кемінде 80% түпнұсқамен орындалған 
ғылыми жұмыстар жіберіледі. 
7.109. «Антиплагиат» немесе «Turnitin» жүйесінің лицензиялық нұсқасын пайдалана 
отырып дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) 
қорытынды тексеру нәтижелері білім алушыға қорытынды баға қою кезінде 
ескеріледі және ғылыми жетекшінің пікіріне қоса беріледі. 
7.110. Қорытынды аттестаттауға МЖБС ББ және жеке оқу жоспарының талаптарына 
сәйкес білім беру процесін толық аяқтаған, оқу ақысын төлеу бойынша берешегі жоқ 
білім алушы жіберіледі. 
7.111. Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған, ББ толық көлемде игермеген 
бітіруші курстың білім алушылары жазғы семестрден өтпей қайта оқу курсына 
қалдырылады. 
7.112. Бакалавриаттың білім алушыларын қорытынды аттестаттауға жіберу қорытынды 
аттестаттау басталғанға дейін 5 күннен кешіктірілмей тегі, аты, әкесінің аты, 
мамандықтары (ББ) көрсетіле отырып, тізімдік құрам түрінде факультет деканының 
өкімімен ресімделеді және аттестаттау комиссиясына ұсынылады. 
7.113. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу М. Қозыбаев 
атындағы СҚУ ректорының бұйрығымен қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 
10 
күннен 
кешіктірмей 
ресімделіп, 
аттестаттау 
комиссиясына 
немесе 
диссертациялық кеңеске ұсынылады. 
7.114. Аттестаттау комиссиясының құзыретіне білім алушыларды ББ сәйкес оқыту 
нәтижелерін бағалау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 
белгіленген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына шығарылатын 
мамандардың теориялық және практикалық дайындығының сәйкестік деңгейін 
анықтау; тиісті мамандық бойынша бакалавр, магистр дәрежесін беру; бакалавр, 
магистр дипломын беру туралы шешім қабылдау; мамандарды даярлау сапасын одан 
әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеукіреді. 
7.115. Қорытынды аттестаттау бойынша комиссияның жұмыс кестесін СТҚКО жасайды, 
факультет деканы келіседі, М.Қозыбаев атындағы СҚУ ректоры бекітеді және 
комиссия жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей көпшілік назарына 
ұсынылады. 
7.116. Аттестаттау комиссиясы отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан 
аспауы тиіс. Бұл ретте кешенді емтихан тапсыруға жіберілетіндердің саны күніне 12-
15 адамнан, ал дипломдық жұмысты, магистрлік жұмысты (жобаны) қорғауға 
жіберілетіндердің саны күніне 7-10 адамнан аспауы тиіс. 
7.117. Білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау басталғанға дейін бес күннен 
кешіктірмей аттестаттау комиссиясының хатшысына келесі құжаттарды тапсырады: 
дипломдық жұмысты (жобаны) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны); 


44
«қорғауға рұқсат етіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелді қорытынды 
берілген дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе магистрлік диссертацияның 
(жобаның) ғылыми жетекшісінің пікірі; қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың 
(жобаның) немесе магистрлік диссертацияның (жобаның) жан-жақты сипаттамасы 
және білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы мен 
«бакалавр» дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды берілген 
дипломдық жұмысқа (жобаға) немесе магистрлік диссертацияға (жобаға) рецензия
плагиат бойынша тексеруден өткені туралы анықтама. 
7.118. Аттестаттау комиссиясына дипломдық жұмысты (жобаны) немесе магистрлік 
диссертацияны (жобаны) қорғау қарсаңында хатшыға орындалған дипломдық 
жұмыстың (жобаның), магистрлік диссертацияның (жобаның) ғылыми және 
практикалық құндылығын сипаттайтын келесі материалдарды ұсынуға болады: 
ресми емес пікірлер, дипломдық жұмыстың (жобаның), магистрлік диссертацияның 
(жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың 
жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе 
актілері, макеттер, материалдар, бұйымдар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 
үлгілері, минералдар жинағы, гербарийлер, жарияланымдардың көшірмелері. 
7.119. Білім алушы ғылыми жетекшінің оң пікірі және қорғалатын жұмыстың (жобаның) 
бейініне сәйкес келетін маманның бір рецензиясы болған жағдайда дипломдық 
жұмысты (жобаны) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғайды. 
7.120. Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген теріс қорытынды берген 
жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) және магистрлік 
диссертацияны (жобаны) қорғамайды. 
7.121. Білім алушы рецензенттің қорытындысы оң немесе теріс болса да дипломдық 
жұмысты (жобаны) және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберіледі. 
7.122. Магистрантты магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберудің міндетті 
шарты диссертация (жоба) тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда немесе 
халықаралық немесе республикалық ғылыми конференция материалдарында кемінде 
бір жарияланымның болуы және ғылыми тағылымдамадан өтуі болып табылады. 
7.123. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялауды біліктілігі қорғалатын дипломдық 
жұмыстың (жобаның) бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың сыртқы мамандары 
ғана жүзеге асырады. 
7.124. Магистрлік диссертацияларды (жобаны) рецензиялауды біліктілігі қорғалатын 
магистерлік диссертация (жоба) бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, ғылыми 
атағы, философия докторы (Phd), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі 
немесе магистр дәрежесі бар сыртқы мамандар ғана жүзеге асырады. 
7.125. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың), магистрлік жұмыстардың (жобалардың), 
докторлық диссертациялардың рецензенттері жұмыс орны, лауазымы мен білімі
(мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы 
диплом бойынша базалық білімі) көрсетіліп, бітіртуші кафедра меңгерушісінің 
ұсынысы бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының бұйрығымен жалпы 
тізіммен 30 наурызға дейін бекітіледі. 
7.126. Дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау
комиссия мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігінің қатысуымен аттестаттау 
комиссиясының ашық отырысында өткізіледі. 
7.127. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңестің отырысында жүзеге 
асырылады. 


45
7.128. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстар 
шығарушы кафедраның кеңейтілген отырысында алдын ала қорғалуы және плагиат 
бойынша тексерілуі тиіс. 
7.129. Докторлық 
диссертацияларды 
қорғау 
жөніндегі 
диссертациялық 
Кеңес 
отырыстарының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және ол М. Қозыбаев атындағы 
СҚУ бұйрығымен бекітіледі. Бір күнде қорғалатын докторлық диссертацияның саны 
үш-төрттен аспауы керек. 
7.130. Бір дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау 
ұзақтығы бір білім алушыға 50 минуттан аспауы тиіс. Дипломдық жұмысты 
(жобаны), магистрлік диссертацияны қорғау үшін білім алушының комиссия 
алдында оқитын баяндамасының уақыты15 минуттан аспауы керек. 
7.131. Кешенді емтихан және дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны 
(жобаны) қорғау нәтижелері бойынша 7.47 тармағына сәйкес білім алушылардың 
білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша бағалар қойылады. Бұл ретте 
білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, сондай-
ақ ғылыми жетекшінің және рецензенттің пікірлері назарға алынады. 
7.132. Кешенді емтиханның, дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны 
(жобаны) қорғаудың бағасы туралы, сондай-ақ академиялық дәреже беру, диплом 
(үздік, үздік емес) беру туралы шешімді аттестаттау комиссиясы жабық отырыста 
отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру 
арқылы қабылдайды. Дауыстар саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының 
дауысы шешуші болып табылады. 
7.133. Мемлекеттік емтихандарды тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны), 
магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нәтижелері аттестаттау комиссиясы 
отырысының хаттамаларына қол қойылғаннан кейін олар өткізілген күні 
жарияланады.
7.134. Аттестаттау 
комиссиясының барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді. 
Аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары әрбір білім алушыға жеке 
жүргізіледі. Хаттаманы дауыс беру құқығы жоқ аттестаттау комиссиясының 
хатшысы толтырады. 
7.135. Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары «Ұлттық мұрағат қоры және 
мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес университет 
мұрағатында сақталады. 
7.136. Қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеген білім алушы кешенді емтихан 
тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны 
(жобаны) қорғаған күні апелляция туралы өтініш береді.
7.137. Оң бағаны арттыру мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға және 
дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жол 
берілмейді. 
7.138. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға 
және/немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) 
қайта қорғауға рұқсат етілмейді. 
7.139. Егер дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау 
қанағаттанарлықсыз деп танылса, аттестациялық комиссия осы жұмысты пысықтап 
қорғауға қайта ұсыну немесе жаңа тақырыпты әзірлеу мүмкіндігін белгілейді. 
Аттестаттау комиссиясының осы шешімі отырыс хаттамасына жазылады. 


46
7.140. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлға келесі жылға қорытынды аттестаттау 
басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қайта қорытынды аттестаттауға жіберу 
туралы М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының атына өтініш жазады.
7.141. Қайта қорытынды аттестаттауға жіберу М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының 
бұйрығымен ресімделеді. 
7.142. Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қанағаттанарлықсыз баға алған қорытынды 
аттестаттаудың формасында ғана өткізіледі. 
7.143. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушылар «білім беру бағдарламасының 
талаптарын орындамаған» ретінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының 
бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылады.
Қорытынды аттестаттау бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім 
алушы «білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған: дипломдық 
жұмысты (жобаны) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғамаған» немесе 
«білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған: кешенді емтихан 
тапсырмаған» ретінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының бұйрығымен ЖОО-
дан оқудан шығарылады. 
7.144. Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі 
білімнің тиісті білім беру бағдарламасын меңгергенін растаған білім алушыларға 
аттестаттау комиссиясының шешімімен «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі 
беріледі немесе «маман» біліктілігі, қосымшасы бар диплом тегін беріледі. Шетелдік 
агенттіктерде (ASIIN) аккредиттелген білім беру бағдарламалары үшін дипломға 
қосымша жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) тегін беріледі. Басқа 
білім беру бағдарламалары үшін дипломға жалпыеуропалық қосымша білім алушы 
сұрау салған кезде тегін беріледі. 
7.145. Дипломға қосымша оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көзделген көлемде 
барлық пәндер бойынша алған бағаларына, тапсырылған курстық жұмыстарға 
(жобаларға), практикалардың түрлеріне және қорытынды аттестаттау нәтижелеріне 
сәйкес білім алушының жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде 
толтырылады. 
7.146. Дипломға қосымшада әрбір оқу пәні бойынша білімді бағалаудың балдық-рейтингтік 
әріптік жүйесі бойынша көлемі кредитпен және академиялық сағаттармен 
көрсетілген соңғы бағалары жазылады. 
7.147. Емтихандарды А, А- «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы» бағаларымен тапсырған және 
оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5 - тен төмен емес, 
сондай-ақ кешенді емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) немесе 
магистрлік диссертацияны (жобаны) А, А – «өте жақсы» бағаларымен қорғаған, 
кәсіби тәжірибе бойынша есепті қорғаған, ҒЗЖ/ЭЗЖ орындаған білім алушыға үздік 
диплом (әскери дайындық және қосымша білімнің басқа түрлері бойынша бағаны 
есепке алмағанда) беріледі. 
7.148. Оқу кезеңінде емтиханды қайта тапсырған немесе екінші рет тапсырған білім алушы 
үздік диплом алмайды. 
7.149. Аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жазып
талқылау және бекіту мақсатында М. Қозыбаев атындағы СҚУ Ғылыми кеңесінің 
отырысына ұсынады.
7.150. Бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын бітірген 
бітірушілердің тізімі, олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім 
беру бағдарламалары мен берілген дипломдардың нөмірлері көрсетіліп, СТҚКО-да 
дайындалады. Университет ректоры қол қойып, бітіргені туралы бұйрық шыққаннан 


47
кейін бір ай мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады, сондай-
ақ университет сайтында орналастырылады. 
7.151. Докторантураның 
білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық 
диссертацияны қорғаған адамдарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің оң шешімі болған 
жағдайда жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша философия докторы (PhD) 
немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі және қосымшасы бар диплом беріледі. 
7.152. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқытудың толық курсын 
меңгерген, бірақ ғылыми компонентті орындамаған докторантқа ғылыми 
компоненттердің академиялық кредиттерін қайта меңгеруге және келесі жылдары 
диссертацияны ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі. 
7.153. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқытудың толық курсын 
меңгерген, ғылыми компонентті орындаған, бірақ докторлық диссертацияны 
(жобаны) қорғамаған докторантқа оқу нәтижелері мен академиялық кредиттер 
беріледі және келесі жылдары 4 академиялық кредит көлемінде ақылы негізде 
диссертацияны қорғау мүмкіндігі беріледі. 
7.154. Төтенше жағдай және/немесе карантин режимі кезінде
ҚОТ қолдана отырып білім 
беру процесін ұйымдастыру шеңберінде ағымдағы, аралық бақылау мен аралық және 
қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру ерекшеліктері М. Қозыбаев атындағы СҚУ-
да қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім беру үдерісін 
ұйымдастыру ережелерімен анықталады. 
7.155. Төтенше жағдай режимі және/немесе карантин режимі кезінде 7.60, 7.61, 7.84, 7.112, 
7.113, 7.117-тармақтардың қолданылуы тоқтатыла тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет