54
9.18.
Білім алушылар АҰИД-ға бару мақсаты, межелі орны, мерзімі, курсы және оқу тілі,
мамандығы, болжамды қаржыландыру көздері көрсетілген өтініш-негіздеме ұсынады.
9.19.
Өтініш-негіздемеге жетекші кафедраның жазбаша ұсынысы, оқуға қабылдау туралы
серіктес ЖОО-ның жазбаша растауы, жеке оқу жоспары және транскрипт қоса беріледі.
9.20.
АҰИД білім алушылар арасында конкурс өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын
ұйымдастырады.
9.21.
Конкурстық іріктеудің негізгі критерилері: өзінің жоғары оқу орнында бір
академиялық кезеңді аяқтау, оқу жетістігі «А», «А-», «В», «В+», «В-» деңгейінде
болуы, шет тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше шет тілінен тест тапсырғандығын
растайтын сертификаттың болуы).
9.22.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ конкурстан өткен білім алушылармен жіберуші ЖОО,
қабылдаушы ЖОО және білім алушы арасында үш жақты келісім жасайды.
9.23.
Ұлттық компаниялар, әлеуметтік серіктестердің қаражаты есебінен оқуға жіберілген
жағдайда, төрт жақты келісім жасалады.
9.24.
Келісімде білім алушының жеке деректері (аты-жөні, елі, жіберуші ЖОО), оқу
туралы мәліметтер (қабылдаушы ЖОО, ел), жеке оқу жоспары (қабылдаушы ЖОО-
да оқу үшін таңдалған пәндер тізімі пәннің коды, қабылдаушы ЖОО-ның кредттер
саны көрсетіліп (кредиттік жүйе болған жағдайда), ECTS кредиттерінің саны, оқу
немесе өндірістік тәжірибеден өту уақыты, оқу семестрінің уақыты) көрсетіледі.
9.25.
Серіктес ЖОО-ның ресми шақыруы негізінде білім алушылар жеке оқу жоспарын
жасайды және ол кафедра меңгерушісімен келісіледі.
9.26.
Қабылдаушы ЖОО-да білім алушы оқу орнының ережелеріне сәйкес оқуға
қабылдаудың әкімшілік процедураларынан өтеді.
9.27.
Қабылдаушы ЖОО-да болу мерзімі аяқталған соң, білім алушылар М. Қозыбаев
атындағы СҚУ-ға транскрипт және аванстық есеп (республикалық бюджет қаражаты
немесе ЖОО қаражаты есебінен оқыған жағдайда) береді.
9.28.
Транскрипт негізінде білім алушыға ECTS типі бойынша кредиттерді қайта
есептеудің қазақстандық жүйесіне сәйкес кредиттерді міндетті түрде қайта есептеу
жүзеге асырылады.
9.29.
ЖОО бойынша ECTS үйлестіруші АҰИД директоры болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: