М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Элективті пәндер 
 
белгіленген кредит шеңберінде жоғары оқу орны компоненті мен 
таңдау бойынша компонентіне кіретін және білім беру ұйымы 
енгізіп, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін, нақты 
өңірдің жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын 
қажеттіліктерін есепке алатын оқу пәндері. 
Аралас оқыту 
форматы (ағылш. 
"Blended Learning") 
бұл 
арнайы 
ақпараттық 
технологияларды 
қолданатын 
электронды оқыту элементтерімен аудиториялық оқытудың 
дәстүрлі формаларының үйлесімі. 
 
 
1. 
Білім беру бағдарламаларын таңдау саясаты 
1.1. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім беру қызметімен айналысуға берілген 2012 жылғы 
19 қарашадағы № 12016901 мемлекеттік лицензияның негізінде жоғары және жоғары 
оқу 
орнынан 
кейінгі 
білімі 
бар 
мамандарды 
даярлау 
бағыттарының 
Классификаторына сәйкес бакалавриат, магистратура және докторантураның білім 
беру бағдарламалары бойынша даярлықты жүзеге асырады. 
1.2. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың ББ тізімі университеттің www.nkzu.kz веб-
сайтының «Білім беру» бөлімінде («Білім беру бағдарламалары») және ҚР БжҒМ 
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтындағы ББ реестрінде 
орналастырылған. 
1.3. 
ББ-ларды Дублин дескрипторларының негізінде Ұлттық біліктілік шеңберіне, 
салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға сәйкес М. Қозыбаев 
атындағы СҚУ өзі жасайды. Барлық ББ оқу нәтижелеріне бағытталған. 
1.4. 
Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталғандығының негізгі 
өлшемшарты – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» 
даярлау бағыты бойынша ББ, «Дизайн» ББ қоспағанда, білім алушының барлық оқу 
кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 
академиялық кредитті игеруі болып табылады.. 
1.5. 
Жоғары білімнің ББ ерекшеліктеріне қарай жоғары білім беруде оқудың 
аяқталғандығының негізгі өлшемшарты ретінде студенттің «Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» даярлау бағыты ББ, «Дизайн» ББ бойынша 
300 академиялық кредитті игеруі болып табылады. 


13
1.6. 
Жалпы орта білімі бар (11 жылдық) бакалавриат студенттерінің оқу мерзімі оқудың 
барлық кезеңінде 240 немесе 300 академиялық кредит және оқу жылына 60 кредитті 
меңгеру кезеңімен анықталады. Сәйкесінше, оқу мерзімі 4 немесе 5 жылды құрайды. 
Егер білім алушы бір оқу жылында 60 кредиттен кем немесе одан көп көлемде 
пәндерден және басқа да оқу іс-әрекет түрлерінен жеке оқу жоспарын қалыпастырса, 
оның қалауы бойынша оқу мерзімін көбейтуге немесе қысқартуға болады. 
1.7. 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) білім беру саласының 
ББ, «Дизайн» ББ басқа, жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі немесе жалпы орта білімі бар (12 жылдық) бакалавриат студенттерінің оқу 
мерзімі ресми және бейресми білім берудің бұрын қол жеткізілген оқу нәтижелерін 
тану ескеріліп анықталып, оқу мерзімі 4 жыл немесе одан аз болады. 6В10 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) білім беру саласының 
ББ, «Дизайн» ББ бойынша оқу мерзімі - 5 жылды құрайды. Сонымен қатар, егер 
білім алушы оқу жылы ішінде 60 кредиттен кем немесе одан да көп көлемде 
пәндерден және оқу қызметінің басқа түрлерінен жеке оқу жоспарын қалыптастырса, 
студенттің қалауы бойынша оқу кезеңі ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін. 
1.8. 
Ғылыми-педагогикалық 
магистратура 
бағдарламалары 
бойынша 
оқудың 
аяқталғандығының негізгі өлшемшарты білім алушының барлық оқу мерзімі ішінде 
магистранттың оқу іс-әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда кемінде 120 
академиялық кредитті игеруі болып табылады. Бейінді бағыттағы магистратура 
бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім 
алушының барлық оқу мерзімі ішінде магистранттың оқу іс-әрекетінің барлық 
түрлерін қоса алғанда 60-тан 90-ға дейін академиялық кредитті игеруі болып 
табылады. 
1.9. 
Ғылыми-педагогикалық магистратураның магистранттары үшін оқу мерзімі оқудың 
барлық кезеңінде 120 академиялық кредитті және оқу жылында 60 кредитті игеру
кезеңімен анықталады және 2 жылды құрайды. Магистранттың өтініші бойынша, 
егер магистрант бір оқу жылында 60 кредиттен аз немесе одан көп көлемде 
пәндерден және басқа да оқу іс-әрекет түрлерінен жеке оқу жоспарын 
қалыптастырса, оқу мерзімін көбейтуге немесе қысқартуға болады. 
1.10. 
Бейінді бағыттағы магистратурада оқитын магистранттардың оқу мерзімі бүкіл оқу 
кезеңінде 60 немесе 90 академиялық кредитті және оқу жылында 60 кредитті игеру 
кезеңімен анықталады және сәйкесінше 1 жыл немесе 1,5 жылды құрайды. 
Магистранттың өтініші бойынша, егер білім алушы бір оқу жылында 60 кредиттен аз 
немесе одан көп көлемде пәндерден және басқа да оқу іс-әрекет түрлерінен жеке оқу 
жоспарын құрса, оқу мерзімін көбейтуге немесе қысқартуға болады. 
1.11. 
Докторантурадағы оқудың аяқталғандығының негізгі өлшемшарты доктаранттың 
бүкіл оқу кезеңінде кемінде 180 академиялық кредит, оның ішінде докторанттың оқу 
іс-әрекетінің барлық түрлерін игеруі болып табылады. 
1.12. 
Докторанттардың оқу мерзімі оқудың барлық кезеңіне 180 академиялық кредит және 
оқу жылына 60 кредиттің игеру кезеңімен анықталады және 3 жылды құрайды. 
Сонымен қатар, докторанттың өтініші бойынша егер доктарант бір оқу жылында 60 
кредиттен кем немесе одан көп көлемде пәндерден және басқа да оқу іс-әрекет 
түрлерінен жеке оқу жоспарын құрса, оқу мерзімі көбейтілуі немесе қысқаруы 
мүмкін. 
1.13. 
ББ қолданыстағы, жаңа және инновациялық болып бөлінеді. Қолданыстағы ББ 
университеттің бакалавриат, интернатура, магистратура және докторантура 
кадрларын даярлайтын ББ болып табылады. Жаңа ББ – университетте жаңадан 
жасалынған және бекітілген білім беру бағдарламасы. Инновациялық ББ – бұл 


14
Қазақстан Республикасында теңдесі жоқ және алғаш рет білім беру қызметіне 
енгізілетін білім беру бағдарламасы. 
1.14. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытудың білім беру міндеттеріне 
сәйкес келу дәрежесі бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың ББ бейімделген 
болып табылады. 
1.15. 
Университеттің ББ қашықтықтан білім беру технологиясын қолданумен және 
қашықтықтан білім беру технологиясын қолданбай оқытатын бағдарламаларға 
бөлінеді. 
 
Бұл ретте, Педагогикалық ғылымдар, құқық, құрылыс, денсаулық сақтау 
саласындағы кадрларды даярлау үшін ҚБТ-ны пайдалана отырып пәндерді оқу 
кезінде бүкіл оқу кезеңі үшін академиялық кредиттердің жалпы көлемінің 20% - 
ынан аспайтын мөлшерде көзделеді. 
Кадрларды даярлаудың қалған бағыттары бойынша кадрларды даярлау үшін ҚБТ-ны 
пайдалана отырып пәндерді оқу кезінде бүкіл оқу кезеңі үшін академиялық 
кредиттердің жалпы көлемінің 50% - ынан аспайтын мөлшерде көзделеді. 
1.16. 
Университетте ҚББТ СҚУ ПТЕ 32 М. Қозыбаев атындағы СҚУ қашықтықтан білім 
беру технологиясының оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ережесімен және М. 
Қозыбаев атындағы СҚУ-да қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, 
білім беру үдерісін ұйымдастыру ережелері мен білім беру процесін ұйымдастыру 
ережелерімен реттеледі. 
1.17. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) мамандар 
даярлауды көздейтін үштілді білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.
Үш тілде білім беру аясында білім беру бағдарламаларында ағылшын тіліндегі 
пәндер саны пәндердің жалпы санының 30% құрайды, оқыту тілінде 50%, ал орыс 
тілінде (қазақша білім алушылар үшін және керісінше) - 20%. Студент тілді меңгеру 
деңгейіне байланысты бір оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын) ескере отырып, білім 
беру бағдарламасын таңдай алады немесе бір уақытта үш тілде оқи алады. 
1.18. 
Үш тілде білім беру аясында жүзеге асатын ББ құжаттары СҚУ-дың www.nkzu.kz 
веб-сайтының «Білім беру» бөлімінде («Білім беру бағдарламалары») көрсетілген. 
1.19. 
Кейбір бакалавриат ББ дуальді оқыту элементтерімен жүзеге асырылады, бұл 
түлектердің білімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, университеттің ББ 
жүзеге асыру кезеңдерінде кәсіпорындармен өзара әрекетін кеңейтуге, жұмыс 
берушілердің талаптарына сәйкес мамандар даярлау сапасын жақсартуға жағдай 
жасайды. Келесі ББ дуальді оқыту элементтерімен жүзеге асырылатын ББ болып 
табылады: «Инженерлік іс», «Энергетика», «Радиотехника, электроника және 
телекоммуникация», «Құрылыс», «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», 
«Агрономия», «Мал шаруашылығы технологиясы», «Азық-түлік технологиясы», 
«Мектепке дейінгі тәрбие және білім», «Педагогика және бастауыш оқыту әдістері». 
1.20. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да дуальді оқытуэлементтерімен іске асырылатын ББ 
тізімі университеттің www.nkzu.kz веб-сайтының «Білім беру» бөлімінде берілген. 
1.21. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да қос дипломдық ББ үзеге асырылады. М. Қозыбаев 
атындағы СҚУ-да қос дипломдық ББ шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен 
бірге жүзеге асырылады. М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да серіктес университеттермен 
бірге жүзеге асырылып жатқан қос дипломды бағдарламалар ретінде 
бакалавриаттың «Биология» ББ және магистратураның «Биотехнология», 
«Биология», «Экология», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және 
басқа да ББ атауға болады. 


15
1.22. 
Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқыту 
серіктес 
университеттермен келісілген оқу жоспарлары негізінде, серіктес университеттерде 
оқу нәтижелерін өзара тану негізінде жүзеге асырылады. 
1.23. 
Білім алушыны ҚД білім беру бағдарламасына қосу білім алушының университет 
ректорының атына жазған өтініші негізінде және серіктес жоғары оқу орнымен 
жасалған келісімге (меморандумға) сәйкес жүзеге асырылады. 
1.24. 
Қажет болған жағдайда білім алушының қос дипломды білім беру бағдарламаларын 
игеру ұзақтығы оны жүзеге асырудың таңдалған үлгісіне байланысты бакалавриат 
бағдарламасында – 1-1,5 жылға, магистратурада – 0,5-1 жылға, докторантурада – 1 
жылға артады. 
1.25. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ ББ дайындық бағытына байланысты 240 немесе 300 
академиялық кредит аясында оқытылатын негізгі ББ (Major) қатар, қосымша ББ-мен 
(Minor) оқыту мүмкіндігін қарастырады. 
1.26. 
Білім алушы соңғы оқу жылында жеке білім беру траекториясын анықтағанда 
академиялық пәндерге тіркелу кезінде тек негізгі ББ (Major) немесе негізгі ББ
(Major) мен қосымша ББ (Minor) игеруді таңдай алады. 
1.27. 
Талапкер мен білім алушы білім беру бағыты мен оқыту бағыты бойынша ББ 
таңдауға құқылы. 
1.28. 
ББ-ларды талапкерлер университет кафедраларының кәсіптік бағдарлау жұмысы 
кезінде, қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде, ҚР БжҒМ Болон процесі және 
академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайтында берілген ББ тізімімен танысу 
кезінде, сондай -ақ ал білім алушылар оқуға қайта кіруі немесе ауысуы кезінде
таңдай алады.
1.29. 
Талапкер ББ таңдап, алдыңғы білім деңгейіне байланысты ҰБТ, қабылдау 
емтихандары немесе әңгімелесулерге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы 
өтініш береді. 
1.30. 
Білім алушы ББ таңдағаннан кейін оқуға қайта кіру немесе ауыстыру туралы өтініш 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет