193
2.
Тарихи тұлғаларды кӛркем шығарма кейіпкеріне
айналдырудың қиындығы неде?
3.
Тарихи роман кейіпкерлері қандай қасиеттерімен
ерекшеленеді?
Глоссариймен танысу:
Ақын – поэзиялық туындыларды (ӛлең, жыр, дастан,
поэмаларды) ауызша айтып не жазып шығаратын ӛнер иесі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ақын ұғымының жырау, жыршы,
ӛлеңші сияқты ұғымдардың ауқымы кең болған. Ол ӛлең,
жыр, дастандарды
шығарушы, әрі айтып таратушы.
Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі ӛкілдерінің бірі, ірі
қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғай-жырларды шығарып
айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, кӛрген
сәуегей.
Жырау тұлғасы ерте дәуірде, тайпалық одақтар
бірлестігі тұсында қалыптасып, ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда үлкен
ӛнер иесі және қоғам қайраткерлері ретінде танылған. Соғысқа
кірер
алдында
бата
беріп,
толғау
жырлар
айтып,
жауынгерлердің рухын кӛтерген саяси,
әскери дипломатиялық
істерге кеңінен араласқан, мемлекет басшысының кеңесшісі
қызметін де атқарған. Жырау сӛзінің алғаш хатқа түсуі ХІ ғасыр.
Жыраулар ауыз әдебиетін ӛркендетуге, халықтың ӛлең-жыр
дәстүрлерін, сӛз ӛнерін
байытуға, суырып салма ақындық
ӛнердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Жыраудың ноғай,
қарақалпақ халықтарының поэзиясында да үлкен орны бар.
Шығармалары халқымыздың рухани асыл қазынасына мол үлес
болып қосылған жыраулар –
Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет,
Жиембет, Үмбетей, Бұхар, Ақтамберді т.б. Кейінгі дәуірлерде
«жырау» сӛзінің мағынасы ӛзгеріп,
ақын-жыршы, эпостық
жырларды айтушы ұғымында да қолданылатын болды
(мәселен, Марабай, Мергенбай, Мұрын т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: