М. Р. Балтымова


Ҧсынылатын әдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет31/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78
Байланысты:
open-file

Ҧсынылатын әдебиет тізімі: 
1. 
Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным мен 
кӛркемдік. – Алматы, 1999. – 346 б. 
2. 
Әбдезұлы Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ 
әдебиеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. –
243 б.
3. 
Балтымова М. Р. Ілияс Есенберлиннің тарихи 
романдары: 
шеберлік 
пен 
кӛркемдік. 
Монография 
/М.Р.Балтымова. – Алматы: «Отан» баспасы, 2015. – 168 бет. 
4. 
Балтымова М.Р. Қазақ әдебиетіндегі тарихи 
проза: Оқу құралы. – Ақтӛбе, 2016. – 200 бет. 
5. 
Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – 
Алматы: "Жазушы", 1987. – 232 б. 
6. 
Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1996. – 252 б. 
 
№11 практикалық сабақ
Тақырыбы.  Тарихи шығармалардағы билер бейнесі 
Жоспары:
1. Тарихи тұлғалар образын сомдаудағы деректілік
2. Тарихи проза мен поэзиядағы билер бейнесі 
3. Оқу 
және 
талдау: 
Ұ.Доспамбет 
«Қызыл 
жолбарыс», 
«Абылайдың ақ туы» 
4. Оқу және талдау: Ә.Сарай «Еділ-Жайық» 
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ топтық жұмыс түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
3. 
Тарихи 
романдардағы 
хандар 
бейнесінің 
жасалуын кӛркем характердің қай типіне жатқызуға болады? 
4. 
Тарихи прозадағы билер бейнесінің жасалу 
ерекшелігі туралы айтыңыз. 


191 
Глоссариймен танысу:
Кӛркемдік қиял – кӛркемдік ойлау ерекшелігі, 
суреткердің дүниеде, ӛмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, 
жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп 
кӛрсету тәсілі. Кӛркемдік қиял шындық пен шарттылықтың 
бірлестік-тұтастығына негізделеді. Кӛркемӛнерде тақырып 
таңдау, оның тереңіне бойлау, ӛмір құбылыстарының ішкі 
қабаттарына барлау жасау, солардың әлеум.-эстет.мәнін ұғыну, 
сан алуан кейіпкердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс-тұрысын 
суреттеу кӛркемдік қиялға байланысты. Бұл жерде ескертетін 
жай – кӛркем әдебиетте шындыққа сай келетін ӛмір кӛрінісі де, 
сондай – армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын әдемі елес 
түріндегі болжам негізіндегі шығармалар болады. Мысалы, 
қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелер ойдан шығару, 
кӛркемдік қиял негізінде туады. Бұдан біз кӛркем ӛнердегі
ойдан шығару, кӛркемдік қиял дегеніміздің екі үрлі мағынада 
айтылатынын байқаймыз. Бірінші, кең мағынасында, қандай да 
болсын ӛмірдегі кездесетін, кездесу мүмкін құбылыстарды
ойша елестетіп бейнелеп кӛрсету деген ұғымды білдіреді. Бұл 
тұрғыдан қарағанда кӛркем әдебиеттегі адам бейнелері, ӛмір 
суреттері түгелдей ойдан шығару, шындық пен кӛркемдік 
қиялды ұштастыру арқылы жасалады. Екінші, тура 
мағынасында, тек ғажайып сипаты бар, болмыста әлі сол 
қалпында кездеспейтін қиялдан туған кӛркемдік бейне, 
кӛріністер ғана ажыратылып алынады. Мұндай таза кӛркемдік 
қиялдан туған бейнелер де қалайда белгілі, ӛмірде кездесетін 
нәрселердің нақтылы-сипат белгілерін негізге алып, соларды 
ойдан шығарылған бейнеге телу арқылы пішінделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет