275
тұрғыдан ӛзара үндес келуі немесе біріне-бірі ұқсамауы әдеби
процесті анықтау мақсатында белгілі бір әдеби ағым, бағыт,
сарын ретінде жалпылама саралауға негіз болуы мүмкін. Осы
тұрғыдан алғанда ӛнер туындылары негізгі екі кӛркемдік әдіс –
романтизм мен реализм арқылы бағаланады. Бірақ кӛркем
шығарманың
абстрактілігі
мен
ондағы
субъективтілік
туындының қандай кӛркемдік
әдіспен жазылғандығын толық
ашып кӛрсете алмайды, тек оның қайсыбірінің басым екендігін
ғана анықтайды. Бұл әсіресе философиялық мәні терең
шығармаларға тән құбылыс болып саналады.
КӚРКЕМДІК ТҤР (форма) – әдеби шығармадағы мазмұн,
мағыналық ондағы ой-сезім байлығының сӛзбен мүсіндеп
жеткізілген қалпы, алуан түрлі суреттеу тәсілдерінің біріккен
жүйелілік тұтастығынан туатын шығарманың кӛркемдік
қуаттылығы. Әдеби шығарманың кӛркемдік түрін (формасын)
құрайтын бӛлшектер, ерекшеліктер қандай десек, олар –
композициялық,
сюжеттік құрылысы, жанрлық ӛзгешелігі,
сӛзбен бейнелеу тәсілдері, яғни тіл кестесі, поэзиялық шығарма
болса – бұларға қоса ӛлең ӛрнегі, ӛлеңге тән ырғақ-интонация
жүйесі, шумақ ұйқас түрлері. Олардың бәрі әдеби шығарманың
бойында бір-бірімен байланысып, жалғасып,
тұтас келіп,
кӛркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасқанда және сол
шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас бірлік-бірлестік
тауып, соны әсерлі жеткізгенде – сонда барып нақтылы
шығармадағы кӛркемдік формаға айналады. Жазушының ӛмір
шындығына бойлауы, оны сезініп түсінуі
және сол шындықты
сӛзбен мүсіндеп жеткізу шеберлігі – міне, осы екеуі кӛркемдік
түрдің (форманың) жасалу шарты. Сӛйтіп, әдеби шығарманың
кӛркемдік түрі дегеніміз сол шығарманың мазмұнына
сәйкестендіріліп, әр түрлі бейнелеу құралдарын орнымен
пайдаланып, кӛптеген сурет айшықтардан ӛрілген, бір жүйеге
келтірілген ӛрнек. Оның мағыналы кӛркемдігі шығарманың
идеялық мазмұнымен қабысуынан, мазмұн мен түрдің бірлік-
бірлестігінен туады. Осындай бірлестік негізінде кӛркемдік түр
мағыналық сипат алады.
Достарыңызбен бөлісу: