270
оған арқау болған тӛркін туындымен ұқсастығын жоғалтапайды.
Шығыс әдебиетінде ортақ тақырып, ұлы сарынды сақтап
жаңаша шығарма тудыратын «нәзира» дәстүрі болған.
ӘЛЕУМЕТТІК ЛИРИКА – лирикалық жанрдың тақырып
мазмұнына қарай бӛліп
қаралатын, кӛбіне қоғамдық ӛмірге
қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға,
халықтың тарихы мен бүгінгі тағдырына кӛзқарасын білдіретін
үлкен саласы. Лирикалық поэзияны философиялық лирика,
кӛңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы
деген сияқты жанрлық түрге бӛлуге болады. Бұлай бӛлуің ӛзі,
әрине, белгілі дәрежеде шартты нәрсе.
Кейде саяси-әлеуметтік
лирика деп кейінірек алып қаралады, ал азаматтық лирикада
осыған жалғасып, астасып жатады. Ӛйткені азаматтық
тақырыпты кӛтерген ақын әлеуметтік жағдайды айтпай тұра
алмайды.
Әлеуметтік лириканың арқауы – қоғамдағы, адамдар
арасындағы қатынастағы елеулі құбылыстар
халықтық, ұлттық
мүде, ақын солар туралы толғануы, тебіренуі. Әлеуметтік
лирикада халықтық, адамгершілік сарындар басым келеді.
ӘПСАНА (парсы. апсанс – аңыз, араб. хикаят – әңгіме) –
қазақ фольклорлық прозасының жанры. Бұл терминді орыс,
Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан «легенда» (лат. legenda) –
ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына
С.Қасқабасов енгізген. Әпсана бағзы бір замандарда болыпты-
мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-
әнбиелердің ғажайып істерін
баяндайтын діни сюжеттерге
негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы
жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық
прозаның кӛркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі.
Әпсанадан аңызға да, мифке де, ертегілерге де
тән жанрлық
белгілері бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым кӛне, архаикалық
сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін
сюжеттік-композициялық шарттылықтың басымдылығы, кӛп
нұсқалық – әпсананың негізгі ерекшеліктері. Әпсана шартты
түрде бірнешеге бӛлінеді. Тарихи-мекендік әпсана (ескі дәуірде
ӛткен
оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір
Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы), діни-кітаби әпсана
Құран Кәрім хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр
271
талайын, тіршілік тауқыметін, т.б. ӛзек етеді (Аюп, Мұса,
Әзірет Әли, Нұқ, т.б. туралы), әлеуметтік-утопиялық әпсана
(халықтың тәңірі
қалаған абат мекені Жерұйық, Жиделі-
Байсын туралы).
Достарыңызбен бөлісу: