269
(М.Жұмабаев). Арнау ӛлеңнің құрғақ мақтау түріндегілері де
кездеседі. Кӛркемдік қуаты ой-толғамы жағынан бұндай
арнау ӛлеңдер кем соғып жатады.
АУДАРМА, кӛркем аударма – әдеби шығарманың бір
тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, кӛркем
әдеби
шығармашылықтың бір саласы. Шынайы аударма түпнұсқаға
сәйкес болуы шарт. Кӛркем аударма түпнұсқаға мағынасы
қаншалықты жақын келетініне орай дәлме-дәл аударма, еркін
аударма, сәйкес аударма. деп ажыратылады. Кӛркем
аудармада
әдеби
шығарма
бастан
аяқ
сӛзбе-сӛз
тәржімаланбайды, сӛздердің мағынасын, кӛркемдік қуатын,
бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі.
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ – ауызша таралған халықтық кӛркем-
әдеби туындылардың әдебиеттану ғылымындағы жиынтық
атауы. 1896 ж. Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш. folk
– халық, lore – білім, даналық) сӛзі де ауыз әдебиеті атауы
үшін халықаралық ғылыми атау ретінде орныққан. Фольклор
атауы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген
мағынада қалыптасқан.
ӘДЕБИЕТ (араб. адаб – сӛз, үлгілі сӛз) – ӛнердің
негізгі
бір түрі. Қазақ әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың 20-шы
жылдарынан бері «литература» (лат. litteratura – жазылған)
терминінің баламасы ретінде қолданылып келеді.
А.Байтұрсынов ӛзінің «Әдебиет танытқышында» әдебиетке:
«Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сӛзбен келістіріп
айту ӛнері. Бұл сӛз ӛнері болады. Қазақша
– асыл сӛз, арабша
Достарыңызбен бөлісу: