Машиналарды ТК мен Ж-ң жоспарлы-ескерту жүйесінің мәні неде?
Машинаны жасау мен жөндеудің технологиялық процестерін сұлба бойынша салыстырыңыз.
Орындау сипаты бойынша жөндеу стратегиясының сипаттама- сын келтіріңіз.
Жөндеу стратегиясының тиімділігіне әсер ететін сапалы көрсеткіштер қандай?
Жөндеудің агрегаттық-тораптық әдісінің қандай ұйымдастыру формаларын білесіз? 195
Жөндеу өндірісін ұйымдастырудың қандай әдістерін білесіз?
Жөндеу өндірісін ұйымдастырудың әдістеріне сипаттама беріңіз.
Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттарын атаңыз.
Бульдозерді агрегаттық әдіспен жөндеу кезіндегі гидрокранды шеберхананы орналастыру сұлбасын түсіндіріп беріңіз.
ЭЕМ-ды қолдану арқылы машиналарды жөндеу жүйесінің параметрлерін есептеу қалай жүргізіледі?
тарау. КөлІК ТЕхниКАСын КҮРдЕлІ ЖөндЕудІҢ өндІРІСТІК ПРОЦЕСІ
Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
Көлік техникасын күрделі жөндеудің өндірістік процесі төмендегі негізгі операциялардан тұрады:
машинаны жөндеуге қабылдау;
машинаны сыртқы жуу;
машинаны агрегаттар мен тораптарға бөлшектеу;
агрегаттар мен тораптарды тазалау және жуу;
агрегаттар мен тораптарды детальдарға бөлшектеу;
детальдарды тазалау және жуу;
детальдарды дефектациялау;
детальдарды жөндеу;
детальдарды жинақтау;
агрегаттар мен тораптарды жинау;
агрегаттар мен тораптарды жаттықтыру мен сынақтан өткізу және бояу;
машинаны жалпы жинау, жаттықтыру мен сынақтан өткізу және бояу;
жөндеуден өткен машинаны (агрегатты) тапсыру.
Машиналарды жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы 3.1-суретте келтірілген. Сұлбада агрегаттық-тораптық әдіспен жөндеу кезіндегі жекелеген операцияларды орындаудың технологогиялық реті көрсетілген. Мұнда машинаны жинау айналма қордың қоймасынан келіп түсетін алдын ала жөндеуден немесе жаңа тораптарды (агрегат- тарды) пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да базалық деталь жөндеуден өтісімен, (мысалы, рама) көп күттірмей машинаның жалпы жинауы орындалады.