М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жөндеу стратегияларының сипаттамасы



бет106/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жөндеу стратегияларының сипаттамасы




Көрсеткіштер

Стратегия

I А

I В

II В

III Б

III В

Өндіріс сипаты

кішісериялы

сериялы

1

2

3

4

5

Мамандандыру деңгейі

төмен

өте жоғары

жоғары




Механикаланды- ру деңгейі

төмен

қанағаттанар- лық

өте жоғары

жоғары

Жөндеудің еңбексыйым- дылығы

өте жоғары

жоғары

өте төмен

төмен

Жөндеудің өзіндік құны

өте жоғары

жоғары

өте төмен

төмен

Жөндеу сапасы

білікті- лікке байла- нысты

қанағаттанар- лық

жаңа машина деңгейіне жақын

жоғары

Машинаны жөндеуге және жөндеуден тасымалдау қашықтығы

пайдалану ұйымының аймағында

машинаның жұмыс аймағында

сервис пункті анықтайды

күту ауданы аймағында

1

2

3

4

5

Арнайы мекеме- ге жұмасалатын шығындар

жоқ

бар

бар (сервис пунктері үшін)

бар

Материалдық- техникалық жабдықтау жағдайлары

қиындау

қалыпты

қалыпты

қалыпты



      1. Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау




Машина паркін пайдаланудың қарқындылығы, машина өнімділігі мен бірлік қуаттың өсуі, электрлік және гидравликалық жетектердің кеңінен қолданылуы қазіргі кезде жөндеу өндірісіне жоғары талаптар қоя баста- ды. Сондықтан да жөндеу түрлері мен әдістерінің маңызы артып тұр. Ма- шина жөндеудің меншіктелген және меншіктелмеген түрлері болады.
Меншіктелмеген жөндеу кезінде қалпына келтіру операциялары жөнделетін детальдар мен тораптардың берілген машина моделінің белгілі бір түріне тиісті екеніне байланысты жүргізіледі. Бұл жөнделген бөлшектер жөндеуден өткен соң қай машинадан алынса, сол машинаға құрастырылады дегенді білдіреді. Негізгі кемшіліктері: жөндеу кәсіпорындарында үлкен өндірістік алаңның қажет болуы және жөндеудің ұзаққа созылуы. Жөндеудің бұл түрі бірліктік немесе кішісериялы өндіріске лайықты.
Меншіктелмеген жөндеу кезіндегі өндірісті ұйымдастырудың әдісі – бригадалық (әмбебап немесе арнайы бригадалар). Әмбебап бригадалардың жұмысы кезінде бригаданың әр мүшесі кез келген торап- ты жөндей алатындай болғандықтан жұмысшыларға жоғары біліктілік талабы қойылады. Сонымен бірге әр бригаданың өзінің қажетті аспапта- ры мен жабдықтары, қосалқы бөлшектері және машинаның барлық то- раптарын жөндеуге арналған техникалық құжаттамалары болуы тиіс.
Арнайы бригаданың жұмысының нәтижесі әмбебаппен салыс- тырғанда жоғарылау болады. Бұл жағдайда бөлшектеу-құрау жұмыс- тарын бір бригада орындаса, ал тораптарды жөндеуді басқа бригада жүргізеді, жөндеуді белгілі бір жұмыс посттарында орындайды.
Меншіктелген әдістің сипаты – бір маркадағы барлық машинаның бөлшектерін шешу және дефектациялау кезінде меншіктейді, ал жөнделіп болған немесе жаңа детальдардан меншіктелген тораптарды жинайды да, берілген модельдегі машинаның кез келгеніне орналасты- рады. Машиналарды дайындау кезінде детальдар мен тораптардың өзара ауыстырымдылығына негізделген бұл әдіс қазіргі кезде жөндеудің негізгі
әдісі болып тұр. Бұл әдіс жөнделетін бөлшектер партиясын ірілендіруге, сериялы өндірістің ерекшеліктерін пайдалануға, яғни ішкізаводтық ма- мандандыруды жүргізуге, жоғары өнімділікті жабдықтарды қолдануға, технологиялық үдерістерді механикаландыру және автоматтандыруға, жеке операцияларда жұмысшыларды мамандандыруға мүмкіндік береді. Меншіктелген әдіс сонымен бірге өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістері: агрегаттық– тораптық және ағымдық әдістерді қолдануға мүмкіндік жасайды. Жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі күрделі жөндеу кезінде толық, ал ағымдық жөндеу кезеңде айналма қордан келіп түсетін жөнделген детальдармен бөлшектеп ауыстыруды қарастырады.
Айналма қор дегеніміз – машина паркінің меншіктелген жөндеуін қамтамасыз етуге арналған жөнделген жинақ бірліктерінің белгілі бір қоры. Алғашында бұл қор жаңа тораптар мен кейбір бөлшектерді қалпына келтіру негізінде жинақталады, ал ағымдағы толықтырылуы тораптарды жөндеу есебінен жүргізіледі.
Бұл әдіс жөндеу кәсіпорындарында да, пайдалану жағдайында да, яғни құрылыс нысандарында қолданыла береді. Сонымен қатар жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі өндірістің көптеген сала- ларында, мысалы, автомобильдерді, вагондарды, тракторларды, экска- ваторларды, станоктарды және т.б. жөндеуде кең қолданыс табуда.
Машина жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісін жүргізу көбінесе арнайы кәсіпорындарда көрініс табады. Бұл кәсіпорындар құрамында агрегаттық әдіспен жөндеу участоктары бар, олардың функцияларына айналма қорды құру және оны қажетті деңгейде ұстап тұру, оны сақтауды, тасымалдауды, жөндеуге беру мен жөндеуден алуды қамтамасыз ету кіреді.
Жөнделген тораптар мен агрегаттарды машиналарды жөндеу ор- нына жеткізу автожолдағы немесе теміржолдағы жылдам монтаждау кешені (2.4-сурет) көмегімен жүзеге асырылады [3].


2.4-сурет. Темір жолдағы жылдам монтаждау кешені:
1 – ұсталық бөлімі бар тұрғын вагон; 2 тартосьті платформа; 3 экскаватордың жүріс арбашасы; 4 қозғалтқышты контейнер;
5 экскаватор агрегаттары; 6 шөміш; 7 автомобильдік кран
Теміржолдағы жылдаммонтаждаукешенініңжұмысыкезінде жөндеу алаңы жөнделетін машиналардың жұмыс орнына жақын жерден таңдап алынады. Жөндеу алаңына айналма қор тораптарының контейнерлері, монтажды кран, пісіру агрегаты және басқа да жабдықтар жеткізіледі. Гидрокранды қондырғылары бар автошеберханаларды қолдану кезінде (2.5-сурет) автономды монтажды кранды қолданудың қажеттігі бол- майды.
Ал ағымдық әдіс бір маркадағы машиналарды көп көлемде жөндейтін заводтарда қолданылады. Жөндеуді ұйымдастырудың ағымдық әдісінің мәні технологиялық үдерістің, оның жүру бағытымен орналасқан белгілі бір жұмыс орындарында орындалатын жеке операцияларға бөлінуінде. Бұл әдіспен машиналарды жинау-бөлшектеу және детальдарды қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылуы мүмкін. Ал технологиялық үдерісті операцияларға бөлу ағымдық желінің тактісімен (ритммен) сәйкестендірілуі тиіс. Ағымдағы жинау жұмыстарын сәйкестендірілген жинау постарында орындайды.


2.5-сурет. Бульдозерді агрегаттық әдіспен жөндеу кезіндегі гидрокранды шеберхананы орналастыру сұлбасы:
1 қайта жинақталатын бульдозер; 2 қайырма; 3 алдыңғы тірек;
4 шынжыртабанды арбаша; 5 қозғалтқыш; 6 –жиналатын бульдозер; 7 – гидрожабдық; 8 – шеберхана; 9 – сөрелер;
10 детальдарды жуатын шомылғы;

– – қайта жинақталатын агрегаттар; – жинақталатын


агрегаттар
Посттар жылжымалы (салмағы ауыр емес машиналардың үлкен сериясын жөндеуде) және тұрақты (салмағы ауыр машиналардың кіші сериясын жөндеуде) болуы мүмкін.
Жөндеуді ұйымдастырудың ағымдық әдісі бүкіл өндірістік үдерісті нақты жобалауды талап етеді. Цехтардың барлығы да (бөлшектеу, жөндеу, жинау) бекітілген ритмге сәйкес жинаудың ағымдық желісін қажетті бөлшектермен қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
Жөндеу әдістеріне жасалған талдау классификациялық сұлбаны құруға мүмкіндік береді (2.6-сурет), оның бөлінуінің белгілеріне жата- тындар:

  • қалпына келтірілетін детальдар мен жинақ бірліктерінің орналас- тырылатын машинаға жөндеу әдісі үшін қажеттілігі;

  • технологиялық процестің бөліну дәрежесі өндірісті ұйымдастыру әдісі үшін.

Айтылған сипаттамаларына сәйкес 2.4-кестеде негізгі техника- экономикалық көрсеткіштер бойынша жөндеу әдістерінің сапалы бағасы берілген [17].
2.4-кестеде өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі әдістерімен меншіктелген немесе меншіктелмеген жөндеуді орындайтын жөндеу кәсіпорындарының техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген. 2.5-кестені талдау барысында меншіктелген жөндеудің бәсекеге түспейтін артықшылықтарын байқауға болады.



2.6-сурет. Өндірісті ұйымдастыру және жөндеу әдістерінің жіктелуі
2.4-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет