М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Кейбір машиналардың периодтылығының



бет105/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   142

Кейбір машиналардың периодтылығының,


еңбексыйымдылығының және ТК мен Ж-ң ұзақтылығының типтік нормалары



Машина түрлері

ТК және Ж түрлері



ТК
және Ж орындау периодты- лығы, сағ

ТК және Ж біреуінің орын- далу еңбексыйымдылығы, адам . сағат



Орын- дау ұзақ- тығы, сағ

1

2

3

4

5

6

7

8

Пневмодөңгелекті трактор базасындағы біршөмішті гидравликалық экс- каваторлар, шөміш сыйымдылығы 0,25...0,4 м3, 2-ші
размерлік топ

ТК-1

50

3

0,5

2,5

-

1,5

ТК-2

250

6

1,5

4,5

-

3

АК

Жылына 2 рет

20

-

20

-

8

Ағымдық жөндеу

1000

400

4

296

100

40

ТК-3

-

20

4

16

-

-

Күрделі жөндеу

6000

570

-

400

170

80

1

2

3

4

5

6

7

8

Жүккөтерімділігі 25 т.
пневмодөңгелекті крандар

ТК-1

50

7

0,8

6,2

-

3

ТК-2

250

27

1,8

25,2

-

13

АК

Жылына 2
рет

28

-

28

-

9

Ағымдық
жөндеу

1000

820

4,5

620,5

195

80

ТК-3

-

36

4,5

31,5

-

-

Күрделі жөндеу

6000

1650

-

1240

410

160

Жүккөтерімділігі 16 т. жебелі автомобильдік крандар

ТК-1

50

8

1,0

7

-

4

ТК-2

250

27

2,2

24,8

-

14

АК

Жылына 2
рет

14

-

14

-

5

Ағымдық
жөндеу

1000

630

5,2

474,8

150

65

Күрделі жөндеу

5000

1200

-

800

400

140

Тарту класы 15т шынжыр та- банды трактор базасындағы буль- дозерлер

ТК-1

100

6

0,6

5,4

-

5

ТК-2

500

17

2,3

14,7

-

3

АК

Жылына 2
рет

41

-

41

-

6

Ағымдық
жөндеу

1000

610

5,3

449,7

155

12

ТК-3

-

33

5,3

27,7

-

60

Күрделі жөндеу

6000

1370

-

1050

320

-

Шөміш сыйымдылығы 25 м3 өздігінен жүретін скрепер

ТК-1

100

8

0,6

7,4

-

5

ТК-2

500

34

2,5

31,5

-

10

АК

Жылына 2
рет

10

-

10

-

3

Ағымдық
жөндеу

1000

550

515

394,5

150

50

Күрделі
жөндеу

6000

1500

-

1000

500

150

1

2

3

4

5

6

7

8

250 кластағы авто- грейдер

ТК-1

100

10

0,7

9,3

-

5

ТК-2

500

25

2,4

22,6

-

8

АК

Жылына 2 рет

50

-

50

-

15

Ағымдық жөндеу

1000

400

5,4

270

114,6

47

ТК-3

-

40

5,4

34,6

-

-

Күрделі жөндеу

8000

900

-

670

230

80

Машиналарды ағымды жөндеуге қою жоспар-кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Машинаның ағымды жөндеуді жүргізген күндегі жұмыс уақыты, сипаты, ақау ларды жою себептері мен қабылданған шаралар ТК және Ж журналына жазылады. Ағымдық жөндеуді машинаның жұмыс орнында да, жөндеу базаларында да орындауға болады. Бұл жұмыстың орындалу барысын бақылау бас механик қызметіне жүктелген.


Машина балансына бекітілген мекеме өткізілген ТК, ағымдағы жөндеудің және машина формулярында көрсетілген деректердің жүйелі есебінжүргізіпотыруы тиіс. Есептегіштерменқамтылғанмашиналардың жұмыс уақыты олардың көрсеткіштерімен анықталады.
ТК және Ж өткізілген соң машинаны қабылдау машинистке және пайдалану участогінің механигіне міндеттелген. Қабылдау кезінде оның сырт көрінісі мен оның бос жүрістегі және жүктеме әсеріндегі жұмыстары тексеріледі. Мұнан соң ақауларды есепке алу журналына сәйкес жазулар жазылып, жұмысты қабылдап алған жауапты адамның қолы қойылады.
ТК және Ж жұмыстарынан басқа машинаны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жаңғыртуды ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістері негізінде жасайды.
Жаңғыртуды жүргізудің әдістері мен тиімділігі оның мазмұны мен арналуына байланысты болады. Осыған сәйкес жаңғыртудың екі түрі қолданылады:

    • бөлшектеп, яғни машинаның әмбебаптығын жоғарылататын қосымша ауыспалы жабдықтарды қосуды немесе оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ету:

    • толық, яғни базалық машинаның конструкциясын техникалық тұрғыдан жетілдіру және оның қолдану аясын кеңейту;

Машиналарды күрделі жөндеу мен жаңғырту пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
      1. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)


Көлік техникасын күту мен жөндеу бірыңғай мақсатқа біріктірілген ұйымдастыру жүйесін құрайды. Оларға кіретіндер:



  • әр түрлі деңгейдегі пайдалану ұйымдарының жөндеу органдары (участок, кәсіпорын, бірлестік және т.б.);

  • оларды техникалық жарақтандыру (тұрақты және жылжыма- лы жөндеу құралдары, қосалқы бөлшектер және жөндеу материалда- рымен қамтамасыз ету органдары, техниканы жөндеуге жеткізу және жөндеуден алып кету құралдары).

Тиімділіктің максимал мәнін алу үшін техниканың ТК және Ж жүйесі оның құрамдас бөліктерінің (tТК және tж) ТК және Ж-ді өткізу уақытының төмендеуіне белсенді түрде әсер ете алады.
ТК және Ж-ге кеткен уақыт шығыны едәуір және ол машинаның жұмыс уақытының жылдық қорының 22...31%-ын құрайды. Жоспарлы алдын алу шараларды орындауға машинаның жұмыс уақыты қорының орташа есеппен 13%-ы жұмсалады. Техниканың кенеттен тоқтап қалуын есепке алғанда алдын алу шаралардың нақты еңбексыйымдылығы жоспармен салыстырғанда 15...22%-ға өседі, ал жұмыс уақытының шығындары 2...4%-ға артып, 15...17%-ды құрайды.
Жұмыс тиімділігіне сонымен бірге мынадай факторлар әсер етеді: техниканы ТК және Ж кезінде қолданылатын жөндеуді ұйымдастыру түрлері, мамандар біліктілігі, жөндеу материалдары және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, техниканы жөндеуге жеткізуді ұйымдастыру, жөндеушілердің еңбек өнімділігін бағалау және т.б.
Өндіріс тиімділігін көтеруге төмендегілер әсер етеді:

  • адам еңбегінің шығынын азайтуға мүмкіндік беретін техника мен механикаландыру құралдарының ТК және Ж-ді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы түрлерін енгізу;

  • детальдарды қалпына келтірудің жоғары өнімділікті заманауи әдістерін енгізу;

  • еңбек өнімділігін арттыру үшін адам факторын белсене пайдала-

ну.
Жөндеу стратегиясын екі белгісі бойынша жіктейді: жөндеу сипа-
ты бойынша және әсер етуді басқаруды ұйымдастыру бойынша (2.3- кесте) [17]. Жөндеу сипаты бойынша үш стратегияны бөліп қарауға болады (шартты түрде оларды А, Б, В деп белгілейік). А стратегиясы

  • техникалық карау нәтижесін ескере отырып, белгіленген жұмысты істеп болған соңғы толық-жинақты машинаның меншіктелмеген жөндеуі; Б стратегиясы – жоғарыда айтылған жағдайда орындалатын

толық-жинақты машинаның меншіктелген жөндеуі; В стратегиясы – жоғарыда айтылған жағдайда тораптар мен агрегаттарды ауыстыру жо- лымен орындалатын меншіктелген жөндеу.


2.3-кесте


Жөндеу стратегияларының байланысу мүмкіндіктері





Басқару бойынша стратегия

Жөндеу сипаты бойынша стратегия

А

Б

В

I

+

-

+

II

-

+

-

III

-

+

+

А стратегиясы кезінде жөндеуде тұрған машинадан алынған торап- тар мен детальдар қалпына келтірілген соң сол машинаның өзіне жи- налады.


Б стратегиясында берілген модельдегі кез келген машинадан алынған тораптар мен детальдар жөнделіп болған соң, сол модельдің таңдап алынған кез келген машинасына орналастыруға болады. Бұл стратегия детальдардың өзара ауыстырымдылық принципіне негізделген.
В стратегиясының мазмұны жөндеу процесінде берілген машинаны жинау сол модельдің басқа машинасынан шешіліп алынып, алдын ала жөнделген тораптар мен агрегаттардан жиналуға негізделген.
Жөндеуді басқаруды ұйымдастыруда да бірнеше стратегия қолданылады. Алғашқы кезекте шешілуге тиіс өзекті мәселе – жөндеуді орындау кімге бекітілуі керектігін анықтау.
Бірінші стратегия (I) – техниканы жөндеу машинаны пайдаланатын мекеменің өзінің жөндеу кәсіпорнының күшімен жүргізіледі.
Екінші стратегия (II) – техниканы жөндеуді осы машина- ны шығаратын машина жасау саласы атқарады (фирмалық қызмет көрсету).
Үшінші стратегия (III) – жөндеуді бұл машиналарды не шығармайтын, не пайдаланбайтын арнайы мекемелер жүргізеді (мыса- лы, арнайы жөндеу басқармасы).
Жөндеу тиімділігіне екі фактордың да (жөндеу сипаты мен басқаруды ұйымдастыру) әсері мықты. Мысалы, кешенді стратегияның мүмкін бо- латын 9 нұсқасының бесеуін жүзеге асыруға болады (2.3-кесте) [17].
I А стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны пайдаланатын мекеме меншіктелмеген тәсілмен жүргізеді.
I В стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны пайдаланатын мекеме меншіктелген тәсілмен іске асырады.

  1. Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншік- телген тәсілмен машина жасау саласы атқарады.

  2. Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншік- телген тәсілмен арнайы мекеме (жөндеу заводы) орындайды.

III В стратегиясы – машинаны жөндеуді тозған тараптарды ауыс- тыру тәсілімен арнайы мекеме (жөндеу заводы, механикаландыру басқармасы) жүргізеді.
Стратегияның кез келген нұсқасының үйлесімділігін бағалау үшін критерийді, яғни осы нұсқаны таңдауға арналған шаманы бекіту қажет. Бекітілген шаманың сандық мәні бойынша қарастырылып отырған нұсқаларды салыстыруға мүмкіндік болуы тиіс.
Қабылданған критерий машинаны пайдалану мен жөндеуге жұмсалған жалпы шығынды үйлестіруі тиіс. Экономикалық тиімділікті бағалау кезінде жалпылама көрсеткен ретінде келтірілген шығындарды алуға болады:
w = Ca + EHK; (2.3)
мұндағы, Са – бір жыл ішіндегі ағымдағы (пайдалану) шығындары; ЕН

қаржы.
Қарастырылып отырған мысалда «күрделі қаржы» терминіне маши- наны күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар кіреді. Машина күрделі жөндеуден өткен соң келесі жөндеуге дейін бірнеше жыл жұмыс істеуге тиіс болғандықтан, EH · K көбейтіндісінің сандық мәні бір жылға
есептегендегі күрделі жөндеу шығындарының үлесіне кіреді (жылдық
үлес) [17].
Сонымен, жөндеу статратегиясының тиімділік критериі есебінде минимал келтірілген шығындар қолданылуы мүмкін:
Са + ЕНК Wmin; (2.4)
Ал стратегия тиімділігіне әсер ететін сапалы көрсеткіштерге төмендегілер жатады:

    • өндіріс сипаты (типі) – бірліктік, кішісериялы, сериялы, масса- лы (сериялық деңгей жоғары болған сайын өндірісті мамандандыру жағдайлары жақсара түседі);

    • өндірісті мамандандыру деңгейі (жөндеу өндірісінің маманданды- руы жоғары болған сайын жөндеудің еңбексыйымдылығы мен өзіндік құны төмен болады). Мамандандыру жөндеу сапасын арттырады және жұмысты механикаландыруға жағдай жасайды. Өз кезегінде еңбексыйымдылықтың төмендеуі жөндеуге жұмсалатын уақытты азайтады.

      • еңбек өнімділігі (оның өсуі механикаландыру деңгейімен тікелей байланысты);

      • жөндеудің өзіндік құны;

      • машинаны жөндеу уақытының азаюы;

      • жөндеу сапасын жоғарылату (жұмысты мамандандыру мен меха- никаландырумен тығыз байланысты);

      • арнайы жөндеу мекемесіне бөлінетін шығындар деңгейі;

      • материалдық-техникалық жабдықтау жағдайлары;

      • машинаны жөндеуге қоюға және жөндеуден алуға кететін тасы- малдау қашықтығы (бұл көрсеткіш әсіресе құю өндірісінде маңызды рөл атқарады).

Тасымалдауға кететін уақыттың азаюы машинаның пайдалы жұмыс уақытын ұлғайтады.
Жөндеу стратегиясы көрсеткіштерінің сипаттамасы 2.4-кестеде келтірілген. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере, III Б және III В стратегияларына басымдық бере отырып, стратегияның соңғы нұсқасын нақты жағдайларға байланысты таңдау керек.
2.4-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет