М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Сілті түріндегі жуатын синтетикалық заттар тізімі



бет113/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   142

Сілті түріндегі жуатын синтетикалық заттар тізімі





Компоненттер

Жуатын заттардың құрамы мен таңбасы, %

МЛ-51

МЛ-52

МС-6

МС-8

Лабомид-
101

Лабомид- 203

Кальцийленген

44

50

40

38

50

50

сода



















Натрий трифо-

34,5

30

25

25

30

30

лифосфаты

-

-













Натрий

20

10

29

29

16,5

10

метасиликаты

1,5

8,5

-

-

-

-

Сұйық шыны

-

1,8

-

-

-

-

ДБ сулағыш

-

-

6

-

3,5

8

Сульфонал

-

-

-

8

-

-

Синтанол ДС-10 Синтамид-5

-

-

-

-

-

2

Физика-химиялық тазалаудың технологиялық үдерісі үш операция- дан тұрады: бөлшектерді сұрыптау, тазалау, шаю және кептіру.
Тазалаудың алдында бөлшектерді сұрыптау төмендегі белгілері бойынша жүргізіледі: мөлшері мен формасы, ластанудың сипаттамасы, беттің кедір-бұдырлығы, бөлшек дайындалған материалдары, жамылғы материалдары (электрлік оқшаулану, бояу, полимер).
Көмірсутекті болаттардан және шойыннан жасалған бөлшектер қандай концентрацияда болсын сілтілі ерітінділерде бұзылмайды, сондықтан оларды бұзу үшін ингибриттелген қосындыларсыз қышқылдар оларды бұзу үшін өнделінеді. Сілтілі ерітінділерде хромдалған бөлшектер жақсы бұзылады. Алюминий және мырыш құймаларынан жасалған бөлшектерді сілтілі, қышқыл ерітінділерде тазартуға болмайды.
Су ерітінділерінде бөлшектерді тазарту процесі төмендегідей жүреді: 80-900-қа дейін ысытылған ерітіндінің әсерінен ласта- ну қабаты суланады, жұмсарады. Май қабықшасы кеңею арқылы бұзылып, бөлшектердің үстіңгі бетінде ластанған бөлшектерімен майда май тамшылары пайда болады. Май мен металдың ілінісу күші бөлшектердің бетінде осы тамшыларды ұстап тұрады. Ілінісу күшін төмендету және ерітінді құрамына тамшының үзілуін же- делдету үшін эмульгатор енгізіледі. Эмульгаторлар май тамшы- сын майдың металмен ілінісу күшін төмендететін қабықшаның ластанған бөлшектерімен бүркеді. Ерітіндідегі эмульгаторлар, соны- мен бірге хромпик немесе майланатын майлар бөлшектерді тоттану- дан сақтайды.
Бөлшектерді сумен шаю бөлшектердің бетінен сілтінің немесе қышқылдың іздерін алып тастау үшін, сонымен бірге қол терісіне зиян- ды әсері болмау үшін өте қажет. Егер суық сумен шайылса, бұдан кейін бөлшекті кептіреді, ал ыстық сумен шайылған жағдайда кептіру үдерісі болмайды.
Ерітіндінің қайнауы немесе циркуляциясы – тазартылған бетте үлкен емес пропеллердің айналуымен, ерітіндіде бөлшектердің жылжуымен, себілуімен, бұйым арқылы ерітіндінің шайқалуымен, ультрадыбыспен немесе механикалық дірілдеткішпен ерітіндінің тез тербелісін болды- румен жүзеге асады.
Тазартылған бөлшектердің бетінде ерітіндінің жылжуы қандай әдіспен болатындығына байланысты физика-химиялық тазалау төмендегідей әдістерге бөлінеді: ағынды, батырылу, ерітіндінің еріксіз циркуляциясы, ультрадыбыстың және араластырғыштың буы.


        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет