Ra – профильдің орташа арифметикалық ауытқуы;
Rz – он нүкте бойынша алынған профиль тегіс еместігінің биіктігі,
Rmax– профиль тегіс еместігінің ең үлкен биіктігі;
Sm – тегіс еместіктің орташа адымы;
S – төбелері бойынша тегіс еместіктің орташа адымы;
tp – профильдің салыстырмалы тірек ұзындығы (p – профиль қимасы деңгейінің мәні)
Ra параметрі профильдің барлық тегіс еместігінің орташа биіктігін, Rz – ең үлкен тегіс еместіктің орташа биіктігін, Rmax – профильдің ең үлкен биіктігін сипаттайды. Адымдық параметрлер Sm, S және tp тегіс еместіктің сипатты нүктелерінің орналасуын және формасын есепке алу үшін енгізілген. Осылардың ішінде басымдыққа ие параметр – Ra.
Профильдің орташа арифметикалық ауытқуы Ra дегеніміз – абсо- лют мәні бойынша алынған профильді өлшеу нүктесінен орта сызыққа
дейінгі y1 , y2 , yn қашықтықтарының орташа мәні:
1 l
Ra yi ; (1.21)
n
i1
мұндағы, l – базалық ұзындық; n – базалық ұзындықта профильдің таңдап алынған нүктелер саны.
10 нүкте бойынша профильдің тегіс еместік биіктігі Rz – базалық
ұзындық шектеуіндегі ең үлкен бес еңістік биіктіктерінің орташа абсолюттік мәндерінің сомасы:
5 5
Rz
ypi yvi
; (1.22)
i1 i 1
мұндағы, ypi – профильдің і-ші ең үлкен шығыңқы биіктігі;
yvi – і-ші ең үлкен еңістің тереңдігі.
Профильдің тегіс еместігінің ең үлкен биіктігі R max – базалық ұзындық l шектеуіндегі профильдің шығыңқы сызығы мен еңіс сызығының арасындағы қашықтық:
Rmax RP Ri ; (1.23)
Тегіс еместіктің орташа адымы Sm – базалық сызық шектеуіндегі орташа сызық m бойынша тегіс еместіктер адымының орташа мәні, ол көрші тегіс еместіктердің аттас жақтарының арасындағы қашықтық түрінде анықталады:
1 n
Sm Smi ; (1.24)
n
i 1
мұндағы, n – базалық ұзындық l аумағындағы адымдар саны; Smі
профильді көрші үш нүкте арасында кесіп өтетін және екі шеткі
нүктелермен шектелетін орта сызық кесіндісі ұзындығына тең болатын профиль тегіс еместігінің адымы.
Төбелері бойынша тегіс еместіктің орташа адымы S – базалық ұзындық аумағында сипатты тегіс еместіктер төбелері арасындағы қашықтықтардың орташа мәні:
1 n
S Si i ; (1.25)
n
i 1
мұндағы, n – базалық ұзындық аумағында төбелері бойынша тегіс еместіктер адымының саны; Si – профильдің екі ең үлкен көрші шығыңқы бөліктері проекциялары арасындағы орта сызық кесіндісінің ұзындығына тең болатын профильдің төбелері бойынша тегіс еместік адымы.
Профильдің салыстырмалы тірек ұзындығы tp профильдің тірек
ұзындығының h – базалық ұзындыққа қатынасына тең, %:
p
n
bi
t i1
hp 100 ; (1.26)
Достарыңызбен бөлісу: |