Сапапараметрлерібойыншатехнологиялықжүйелердібағалауәдістері. Дайындалатын өнімнің қажетті сапасына қолжеткізу үшін технологиялық жүйелердің (ТЖ) сенімділігін бағалау (МЕСТ 27202- 83) қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады. ТЖ-ні төрт түрге бөледі: технологиялық операцияның ТЖ, технологиялық үдерістің ТЖ, жеке өндірістік бөлім (цех, участок және т.б.) аумағында қолданылатын ТЖ, кәсіпорын ТЖ-і [10].
Дайындалатын өнімнің сапа параметрлері бойынша сенімділік көрсеткіштерінің барлығы ТЖ түрлеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
технологиялық үдерістің және технологиялық жабдықтау құралдарының дәлдігі;
технологиялық тәртіп;
өнім сапасы параметрлері бойынша тапсырмаларды орындау;
кешенді көрсеткіштер.
Дайындалатын өнімнің сапасы параметрлері бойынша және ТЖ түрлері мен бағалау мақсатына байланысты сенімділік көрсеткіштерін бағалау үшін есептік, тәжірибелік-статистикалық, тіркеу немесе эксперттік әдістер қолданылады. Дәлдік параметрлері бойынша ТЖ сенімділігін алдын ала бағалау үшін квалитеттер әдісі де пайдала- нылады. Өңдеу дәлдігіне, сонымен қатар жұмысшы біліктілігі, яғни субъективті фактор да әсер етеді.
Өңдеудің дәлдігі мен өзіндік құнының арасындағы байланы- сты қарастыралық. Әр түрлі дәрежелі дәлдіктегі бір дайындаманы өңдеу кезінде еңбек сыйымдылығы, яғни оның салдарынан өзіндік құн да өзгереді: дайындалатын детальді аз шақтамамен өңдеген кезде еңбексыйымдылық пен өзіндік құн өседі (1.15-сурет а), себебі өңдеудің жоғары дәлдігіне қолжеткізу үшін технологиялық әдістерді көбірек қолдануға тура келеді, мысалы, жону, ажарлау және т.б.
1.15-сурет. Детальді дайындаудың өзіндік құнының өңдеуге берілгеншақтамамен (а) жәнеөңдеу әдістерімен (ә)байланысы 1.15-сурет ә-де детальді дайындаудың өзіндік құнына тазалау әдістерінің әсері көрсетілген. Графиктен таза ажарлаудың орташа экономикалық дәлдігі 7-ші, 8-ші квалитеттерге, алдын ала ажар- лауда – 8-ші, 9-шы, ал таза жонудікі 10-шы, 11-ші квалитеттерге сәйкес келетіндігін көруге болады. Белгілі бір өңдеу әдісінің орташа экономикалық дәлдігі – уақыт пен құралдар шығынының өңдеудің басқа әдістерімен салыстырғанда аз болған кездегі қалыпты өндіріс жағдайында алынатын дәлдік. Өндіріс технологиясын жетілдірген сай- ын өңдеудің орташа экономикалық дәлдігі де арта түседі.