Жону – айналмалы басты кесу қозғалысындағы және оның траекториясының радиусының өзгеру мүмкіндігіндегі жұқалап өңдеу.
Жұмысжобасы(жұмыстықсызбалар) – ғимараттар мен құрылымдарды салу, жабдықтарды орналастыру және кәсіпорынды пайдалану бойынша барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін және бекітілген техникалық жоба негізінде дайындалатын құжаттар жиынтығы.
Жұмыснормасы – сәйкес біліктілікті бір немесе бірнеше орындаушының белгілі бір ұйымдастыру-техникалық жағдайлардағы уақыт бірлігінде орындалуға тиіс шектелген жұмыс көлемі.
Жұмысорны – жұмыс орындаушылар, олар күтетін технологиялық жабдықтар, конвейер бөлігі, шектеулі уақытқа қойылатын еңбек құрал- дары орналасатын кәсіпорын құрылымының элементарлы бірлігі.
Жұмысорнынкүтууақыты – орындаушының жұмыс орнын күтуге және технологиялық жабдықтарды жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуге жұмсайтын даналық уақыттың бір бөлігі.
Жүріске беру (Sж)– аспаптың немесе дайындаманың бір жүрісіне сәйкес келетін беріс.
Кесудіңбасқозғалысы(дк) – ең жоғары жылдамдықпен кесу үдерісі кезіндегі дайындаманың немесе кесу аспабының түзу сызықты немесе айналма қозғалысы.
Кесужылдамдығы(V) – басты кесу қозғалысында кесу жиегінің не- месе дайындаманың қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы.
Кесумен өңдеу – жоңқа пайда болуымен сипатталатын материал қабаттарын кесу арқылы жаңа беттерді алу операциясы.
Кесурежимдері – кесу жылдамдығы мен берудің немесе беру қозғалысы жылдамдығы мен кесу тереңдігі мәндерінің жиынтығы.
Көліктікөнеркәсіптікробот – қосымша өту немесе жылжыту опе- рацияларын орындауға арналған робот; тасымалдау операцияларында негізгі технологиялық жабдықтарды күту, дайындамаларды бекіту және детальдарды, аспаптар мен жабдықтарды босатып алу, детальдар ба- заларын тазалау және де тасымалдау-қойма операцияларын орындау кезінде, «ал-қой» түріндегі іс-әрекеттерді орындайды.