Сабақ: № Қазақ тілі мен әдебиеті Күні: Мұғалімнің аты-жөні



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі36,15 Kb.
#118107
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
mzh.-mhit-trshlk-meken-bdzhml-nrpeysov.-an-men-ter



САБАҚ: №
Қазақ тілі мен әдебиеті




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 10Т2

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Мұхит – тіршілік мекені
Әбдіжәміл Нұрпейсов. «Қан мен тер»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);

Сабақтың мақсаты

Лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдей отырып дискуссивті эссе жазу.

Бағалау критерийлері:



  • Тілдік сипатына мән береді;

  • Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

  • Лексикалық мағына құрылымын сақтайды;

  • Эссе құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету;
Терминология: Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминдер

Мектеп құндылықтары

Құрмет, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

География, биология

АКТ қолдану дағдылары



https://bilimland.kzсайты



Осыған дейін меңгерілген білім

«Қан мен тер» шығармасы туралы жақсы біледі. Шығарманың өзектілігін дәлелдей алады.

Жоспар

Жоспарлана
тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз
дер

Сабақтың басы
Қызығушы
лықты ояту


5 минут



Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасы.
Қызығушылықты ояту.
Сюжеттік кесте» жаттығуы
1.Оқиғаның орны мен уақыты (қашан? қайда?)
2.Кейіпкерлері (кім?)
3.Оқиға (не болды?)
4.Мәселе ( байланысқа түсу, бұл оқиғаға не ықпал етті?)
5.Жасалған әрекеттің немесе оқиғаның салдары (шешімі)
Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері оқушыларға айтылады.




Сабақтың ортасы
30 минут



Тапсырма. Берілген үзінді бойынша дискуссивті эссе жазыңдар. Асты сызылғын сөздерді эссе жазу барысынды қолданыңдар.


Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар менқатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.
Жамал бір еркектің орнына жүретін қайратты әйел, Кәлен көбіне түзде жүргендіктен бұл үйдің бар шаруасы бір өзінің мойнында. Отынын, шөбін шабады. Балаларын бағады. Малын жайлайды. Жайшылық өмірде үй ішінің тірлігі қаперіне кіріп - шықпай, өмір бойы әйеліне арқа сүйеп, ат үстінің сарт - сұртымен жүрген Кәлен өзі жоқта от басында не боп, не қойып жатқанын ойлаған емес-ті. Кейде шырқап алысқа кетіп, ат арқасында айлап жүріп қалғанда да, бұл артында өзінің бар- жоғын ойлатпай, от басын құстың ұясындай көңірсітіп ұстап, бауырындағы балаларға қамқор, қайырымды ана болғасын ылғи да бойдақ адамдай етек-жеңін кеңге салып, мүлде қаперсіз жүретін. Балықшылармен қос болғалы бұл тіпті ат ізін салмай кеткен-ді. Кәлен әйелін шын аяды. Бүгін төсектен тұрғанда жолға шыққанша Жамалға қолғабыс бергісі келіп еді. Қолдағы аз ғана қара -құраға көз қырын салып, қораның қиын ойып, көңін сыртқа шығармақшы еді. Бұл ойдан да ештеңе шықпады. Үй ішінің тірлігіне келгенде әдетте кежегесі кейін тартатын да тұратын ыждағатсыздығы әсер етті ме, әлде, кім білсін, шай үстінде басына қайдағы-жайдағы ренішті бірдеңелер келді де, көңілі аяқ астынан ит талағандай болды. Шайға да зауқы шаппай, кесесін төңкере салды. Өзіне көлденеңнен көз тастаған әйелінен назарын бұрып әкетті. Аузына қайдан түскенін, ішінен: «Әй, осы ит өмір!»- деді. Айтса да, өмірін ат үстінде өткізді. Қасына қара ертпей, жалғыз жортып ел асып, жер асып, оты, суы бөлек өзге жұрттың желісін қиып нар алды, аруана алды. Бір елдің маңдайына балаған сәйгүлік жүйрігін алды. Ол жесірдікі ме, жетімдікі ме, оны ойлаған жоқ; зар еңіреп қалған сорлының ол кездерде бұл обал-сауабын ойлап басын қатырды ма? Керек десе, көз жас пен қарғысқа да шайтаны селт етпей, тек жетегі мен қосарының мол болғанын ойлапты. Ол кімге ырыс, несібе болды? Қай мұратына жетті? Қаратаздың қорасын малға толтырса толтырған шығар, ал бірақ ерлігімді елге танытам деп жүріп қанша жұрттың көз жасы мен қарғысын арқалағанын ойлады ма?
Кәлен ертеңіне де ауыр ойдан айыға алмады. Шайдан кейін көңіл күйін бір кез домбыра сазынан іздеп, қос ішекті саусақ ұшымен шертіп отыр еді, үй сыртынан ат тұяғының дүбірі шықты. Жалма-жан тұсындағы терезеге созылып, сыртқа көз тастап еді, тасырлатып шауып кеп үйге ат тұмсығын тірей тоқтаған бір топ кісінің түрін ұнатпады. Ішінде - Құдайменде, Ебейсін. Құдайменде қора жаққа қамшысын сілтеп, тіл қатып еді. Төрт - бес кісі аттан домалап түсе - түсе сала, шабалаңдап үрген иттерді қамшымен жасқап, мал қораға ұмтылды.
─ Сен отыра тұр,- деді Жамал,- мен барып біліп келейін.
─ Білетін ештеңесі жоқ, мынау - жау.
Бұл үстіне бірдеңе ілем дегенше есікке жақын отырған Жамал желең бойымен сыртқа жүгіріп шығып еді. Мал қораның аузы аңқайып ашылып қапты. Таң асырып қойған Кәленнің торысын біреу жетелеп әкетіп барады екен.
─ Азаматтар - ау, бұларың қалай? Тал түсте малымызды талауға салғандай біз не жаздық?
Аналар әйелді жыр демеді. Жамал мына лаңның басқа емес, Құдаймендеден келгенін білді де, ат үстінде шіреніп отырған болыстың шылбырына оратылды.
─ Азамат емессің бе, тоқтатпайсың ба мыналарыңды?!- Болыс Ебейсінге күңк етті:
─ Не істеп жүрсіңдер? Мына қатын аяққа оратылып... Ебейсін қамшысын көтеріп Жамалға ұмтылды.
─ Кәлен, қайдасың?
─ Е, ол не істейді бізге?!- деп Ебейсін атын омыраулатып келді де, қатынды қақ бастан тартып жіберді. Жамал бетін басып отыра қалды.
Кәлен іштен дәл осы кезде шықты. Оны үйде жоқ деген оймен еркін кетіп жүрген жігіттер алып денелі, бұжыр қара кісіні көргенде жетектегі малды тастай сала аттарына жүгірді. Олармен Кәленнің ісі болған жоқ. Үйден атып шыққан бойда ол бірден Ебейсінге тап берді.
Құдайменде аттың басын асығыс бұрып, сырттап жөнеле берді. Тек былайырақ ұзап шыққасын Кәленнің жалғыз және қарусыз, құр қол екенін көрді де, ат басын тартты.
Дескриптор:
1.Бөлім тақырыбы мен шығарма үзіндісін үндестіру;
2.Тілдік оралымдарды орынды қолдану;
3.Эссе құрылымын сақтау.

https://kitap.kz/books/qan_men_ter_i_kitap





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет