Көлік техникасының базалық және корпустық детальдарына кран- дар арбашаларының рамалары, мойынтіректер астындағы тұғырлар, редукторлар корпустары, т.б. жатады. Жүккөтерімділігі 50т-ға дейінгі көпірлі крандар арбашаларының рамаларының букса астындағы тіректері, редуктор, тежегіштер мен қозғалтқыштар астындағы тірек беттері өңделеді, Бұл беттерді рамаларды бекіту айлабұйымдарын пай- далана отырып, горизонталь-кескіш станоктарда фрезерлеу әдісімен өңдейді.
Рамадағы, тұғырдағы және ірі корпустық детальдардағы тесіктерді радиалды-бұрғылау станоктарында теседі. Кран арбашасындағы рама- да тесік жасау үшін (4.8-сурет) [13] раманы жылжымалы айлабұйымда 1 орналастырады және бекітеді. Радиалды-бұрғылау станогінің бұрылу бастиегі 3 вертикаль және горизонталь жазықтықтардағы тесіктерді те- суге мүмкіндік береді. Тесіктерді белгілеу арқылы немесе кондуктордың көмегімен теседі. Мұнда төрт кондукторлық втулкасы бар бұрыштық кондуктор 2 пайдаланылады.
4.8-сурет. Арбаша рамасында тесіктерді бұрғылап тесу:
1 – жылжымалы айлабұйым; 2 – кондуктор; 3 – бұрылу бастиегі
Редукторлар корпустарын, картерлер қақпақтарын және осыған ұқсас детальдарды өңдеуде бекітілген технологиялық талаптар сақталуы тиіс [20] :
пісірусіз өңдеу кезінде ақаулар байқалған жағдайда өңделмейтін беттерде тереңдігі қабырға қалыңдығының 1/ -дей болатын қаяуларға
4
рұқсат беріледі;
бірігу жазықтықтарындағы жазықтықтан ауытқу 500 мм ұзындықта 0,2 мм-ден аспауы тиіс. Қақпақ пен редуктор корпусының жанасу жазықтығын сүңгіш арқылы тексереді. Қалыңдығы 0,05 мм бо- латын сүңгіш табақшасы ені бойынша 30 мм-ге, тереңдігі бойынша 5 мм-ге дейін өтуі мүмкін.
4.2-кестеде редуктор корпусын механикалық өңдеудің жалпы технологиялық сұлбасы келтірілген. Бұл сұлба бірігу жазықтығы біреу болатын корпустардың барлығына типтік болып саналады. Екі бірігу жазықтығы бар корпустарды өңдеуде операциялар саны өседі де, соған сәйкес беттерді өңдеу күрделене түседі.
4.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |