М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау



бет62/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142

Пластмассалардан жасалған детальдарды дайындау


Полимерлік материалдар шикізатына табиғи газ, мұнайды қайта өңдеудің газ тәріздес өнімдері, кокстік химия және ағашты қайта өңдеу қалдықтары және т.б. материалдар кіреді.


Полимерлік материалдар негізгі екі компоненттен, яғни полимерлер қасиеттеріне әсер ететін байланыстырғыштар мен толықтырғыштардан тұрады. Полимерлік материалдарды екі топқа бөледі:

    • термопластикалық, бұлар жылу әсерінен балқиды, ал сал- қындатқанда қатады, қайта қыздыру олардың пластикалық жағдайын қамтамасыз етеді (қайтатын үдеріс);

    • термореактивтік, бұлар бұйымға қайта өңдегенде жылудың әсерінен алдымен жұмсарады және біртіндеп балқиды, сонан соң қатты және ерімейтін жағдайға ауысады да, қайта балқиды (қайтпайтын үдеріс).

Пластмассалар қатты, жартылай қатты және жұмсақ болып бөлінеді.
қатты пластмассалар – модулі жоғары серпімді (200С-та 1000 МПа) және үзілер кезінде аз өзгеретін аморфты құрылымдағы қатты серпімді материалдар.
Жартылай қатты пластмассалар – модулі орташа серпімді (200- та 400МПа) және үзілер кезінде жоғары салыстырмалы әрі қалдықты өзгеретін кристалдық құрылымдағы қатты серпімді материалдар.
Жұмсақ пластмассалар – модулі төмен серпімді (200-та 200МПа- дан аспайды) жұмсақ және эластикалық материалдар.
Көп жағдайларда пластмассалар күрделі көп компонентті қоспалар болып саналады, оларға полимер материалдары, толықтырғыштар, плас- тификаторлар, тұрақтандырғыштар, байланыстырғыш заттар, катализа- торлар (жылдамдатқыштар) және бояғыштар кіреді.
Толықтырғыштар алдын ала дайындалған тәртіпті құрылымдағы байланыстырушы заттарға (қағаздар, маталар, әйнекматалар) және ұнтақ тәрізділерге (кварц ұны, ағаш ұнтағы, тальк, графит, асбест, ме- талл қышқылдары, темір ұнтағы) бөлінеді.
Пластификаторлар полимерлік материалдардың технологиялық қасиеттерін жақсартады (эластиканы жоғарылатып, бөлінгіштікті азай- тады және т.б.). Оларға минерал майлары, соя майы, трикризол-фосфат жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет