М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет67/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   142
Жинақтық өлшемдік тізбектер. Машинадағы детальдар, торап- тар және агрегаттар өзара дұрыс әсер етуі және машинаның толығымен сенімді жұмыс істеуі үшін оны белгілі бір дәлдікпен жинау керек. Жинау бірліктерінің дәлдік дәрежесі өлшемдік тізбектер көмегімен анықталады.
Бірнеше детальдардың беттерін байланыстыратын және тұйық контур бойынша белгілі бір кезекпен орналасқан өлшемдер өлшемдік тізбек деп аталады (5.1-сурет).
Ал өлшемдік тізбекті құрайтын детальдардың барлық өлшемдері өлшемдік тізбек буындары болып саналады. Өлшемдік тізбекті шешу барысында, мысалы, жанасқан детальдар арасындағы саңылаудың берілген шамасына қолжеткізуге болады. Мынадай мысал келтірелік: торап қорабындағы оське еркін айналатын тісті дөңгелекті орналас- тыру қажет делік. Қамтитын детальдың (тұрқы) шақтамасы d0 деп
белгіленсе, қамтылатын детальдың (тісті дөңгелек) шақтамасы – d ; ең
б

үлкен саңылау – max және ең кіші саңылау – min .


5.1-сурет. Өлшемдік тізбек:
а – қарапайым; ә – күрделі; А, В – тісті дөңгелектер; Б втулка; в тісті дөңгелектің максимал өлшемі;
с корпустың минимал өлшемі.

Бұл жағдайда (5.1-сурет а) ең үлкен саңылау:



max min d0
б

ал құрастыру шақтамасы:
d ; (5.1)

c  min  min d0
d ; (5.2)

Құрастыру кезінде ең соңында орналасқан өлшемдік тізбек буыны тұйықтаушы деп аталады.
б

Күрделі өлшемдік тізбектегі максимал саңылау:

немесе
c.max max max max ;




max min min min d1 d2 d3 d0 ; (5.3)

Құрастыру шақтамасы max  mind1 d2 d3 d0 ; (5.4)
Берілген күрделі тізбекте үш буын бар (А, Б және В). Өлшемдік тізбекке кіретін детальдардың дәлдік дәрежесін барынша азайтып жа- сау үшін өлшемдік тізбекке жылжитын немесе жылжымайтын компен- саторлар енгізеді.
Жылжымайтын компенсатор – бұл қажетті саңылауларды алу үшін өлшемдік тізбекке енгізілетін тығырықтар немесе аралық төсемдер. Кей кездері бір аралық төсемнің орнына қалыңдықтары әртүрлі аралық төсемдер жиынтығы қолданылады. Оған мысал ретінде мойынтіректер қақпақтарының арасына қойылатын реттегіш аралық төсемдерді айтуға болады.
Көбінесе жылмымайтын компенсатордың орнына жылжымалы (реттегіш) компенсатор қолданылады. Бұл жағдайда қажетті саңылауды компенсатордың жылжуы есебінен алады, мысалы, тірек бұрандасы не- месе гайканың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет