М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет71/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   142
Жинау әдістері. Жинақ бірліктерінің сапасын анықтайтын дәлдікке жинаудың әртүрлі әдістерінің көмегімен қол жеткізуге болады [9].
Толық өзара ауыстырымдылық әдісі бойынша жинау қарапайым да үнемді болып келеді. Бұл әдістің артықшылықтарына жататындар:

    • машинаны жинауда біліктілігі орташа жұмысшылардың қатыса алу мүмкіндігі;

    • тізбекті өлшемді құру барлық құрама буындардың тек қарапайым түрде бірігуінен тұратын болғандықтан, тұйықтағыш буынның қажетті дәлдігіне қол жеткізудің ыңғайлылығы;

    • детальдарды жұмыс орнында соғу арқылы келтіру қажет болмағандықтан машинаны жөндеудің қарапайымдылығы және арзандығы.

    • детальдар мен тораптар дайындауда кооперациялау мүмкін- шілігі.

Ал бұл әдістің кемшілігіне жинау кезінде қажет болатын қосалқы бөлшектер мен қондырғыларды дайындау құнының жоғарылығы жата- ды.
Массалы өндіріс кезінде аталған әдіс жинау процестерін автомат- тандыру мәселесіне қолайлы жағдайлар жасайды.
Жекелей өзара ауыстырымдылық әдісінің мәні тұйықтағыш буынның қажетті дәлдігі барлық тізбектік өлшемде алынбайды, тек көпшілігінде ғана алынатындығында болып саналады. Бұл әдістің алдыңғыдағыдан айырмашылығы құрамдас буындарға шақтамалардың үлкен етіп берілуінде.
детальдарды жұмыс орнында келтіру әдісі. Бұл әдіс тізбекті өлшемді құрайтын детальдардың негізгі өлшемдерінің шақтамасын алу технологиялық тұрғыда орындау қиын болған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда детальдарды кеңейтілген шақтама размерімен дайындай- ды, ал қажетті дәлдік келтіру арқылы орын алады. Машинаны жинау кезінде келтіру жұмыстарын тазалау, аралау, жалтырату секілді опера- циялармен орындайды. Келтіруді орындай отырып, жұмыстық беттердің жоғары сапасына қол жеткізуге тырысу қажет. Бұл әдіс бірліктік, кішісериялы және сериялы өндірісте және жөндеу жұмыстарында қолданылады.
Реттеу әдісі. Мұнда тұйықтағыш буынның қажетті дәлдігі алдын ала таңдалған буын шамасын одан металл қабатын алмастан өзгерту арқылы алынады. Мұндай буындар немесе детальдар жылжымалы ком- пенсаторлар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет