М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау



бет76/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142

Көлік техникасының жүріс дөңгелектері, теңгергіштері және қозғалу механизмдері тораптарын жинау


Кранның жүріс құрылғысының ең қарапайым жинақ бірлігі ретінде жүріс дөңгелегінің білікпен (осьпен), мойынтіректер мен буксалармен жиналған торабын алуға болады.


Біліктер мен осьтерді жүріс дөңгелегіне вертикаль немесе горизон- таль гидравликалық баспақтардың көмегімен баспалайды. Сонан соң білікке (оське) кеңейткіш втулкамен буксаның ішкі қақпақтары мен тер- белу мойынтірегінің жинағын кигізеді. Соңғы операцияға буксалардың сыртқы қақпақтары мен майлау штуцерлерін орналастыру жатады. Бук- саны жинау мен оларды дөңгелек білігіне отырғызуды арнайы стенд- терде орындаған ыңғайлы.
Крандар қозғалысының теңгергіш жүйелеріндегі жүріс дөңге- лектерінің жетегін кіші теңгергіштерде немесе металқұрылым алаңдарында орналастырады. Соңғы жағдайда дөңгелек білігі редуктордың шығыңқы білігімен аралық білік және әмбебап шарнир- лер арқылы біріктіріледі.
Кіші теңгергіште орналасқан қозғалу механизмінің жетекші бөлігін жинау кезінде редукторды жетекші білікке орналастырады және теңгергіш корпусымен шарнирлі байланыстырады. Қозғалтқыш пен тежегішті редуктормен кәдімгідей жалғастырады.
Бөлек жетектегі қозғалу механизмінің жалпы жиналуы жеке жетектердің жиналуынан және кран жолдарына қатысты жағдайларды тексеруден тұрады. Өздігінен жүретін жүк көтеру машиналарының тіркелмелі және сырғанау арбашаларының жүріс бөліктерінің тежегіш жүйесін жинау мемлекеттік стандарт талаптары бойынша орында- луы тиіс [20]. Тежегіштің барлық детальдары шарнирлерде еркін айналуы қажет. Тежегіш жүйесіндегі шарнирлерде желінулерге жол берілмейді.
Тежеу таспасы шкивтің барлық үйкелу бетінің 75%-ына төселу ке- рек. Тежегіштің жайылған жағдайдағы жұмыс беттерінің арасындағы саңылаулар: колодкалы тежегіштер үшін 2 мм-ден аспауы тиіс, ал таспалы тежегіштер үшін ұлғайтылған саңылауға рұқсат беріледі. Колодкалардың шкив осіне параллельдігінің ауытқуы 1: 300-ден аспа- уы тиіс.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет