М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Редукторлар мен беріліс қораптарын жинау



бет78/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Редукторлар мен беріліс қораптарын жинау жалпы арналудағы редукторлар мен сызбаларына сәйкес және Мемлекеттік стандарт та- лаптарына жауап бере алатындай болуы тиіс [20]. Қораптың сырланған ішкі беттері және құйылған детальдардың өңделмеген беттері жинау- дың алдында тазалануы және құрғатылуы тиіс.
Жылжымайтын тістегеріштердің қайта қосылуы бірқалыпты күшпен еркін түрде жүзеге асырылуы қажет. Қайта қосу механизмі тістегеріштердің берілген жағдайда тұрып қалуын қамтамасыз етуі тиіс. Іліністегі тістегеріштердің қасбеттік сәйкес келмеуі ені 30 мм-ге дейін болатын тістегеріш үшін тәж енінің 5%-нан аспауы, ал ені 30 мм- ден асатын тістегеріш үшін 3%-дан аспауы керек. Саңылаусыздықты қамтамасыз ету мақсатында редукторлардың ажырайтын бөлігін жинау алдында спиртті лакпен немесе сұйық әйнекпен жұқа қабаттап май- лайды. Жиналған редукторлар мен беріліс қораптары жинау сапасы тексеруінен өткен соң домалатуға беріледі.
шынжырлы берілістерді жинау. Жұлдызшаларды біліктерге ор- нату және оларды шынжырлы берілістерде кілтек немесе оймакілтектің көмегімен бекіту тісті дөңгелектердегідей жүргізіледі. Шынжыр тіс- терді дұрыс айналу үшін жұлдызшалар осьтері қатаң түрде параллель, ал олардың қасбеттері бір жазықтықта жатуы тиіс. Жұлдызшалардың рұқсат етілген ығысуы 1...2 мм-ден аспауы керек. Оны реттеу тығырықтың немесе тоқтатқыштың көмегімен іске асырылады. Жұлдызшалардың соққысын қосымша аспап центрінде және призма- ларда индикатор немесе рейсмустың көмегімен тексереді.
Ұзын өлшемді шынжырды алу үшін олардың ұштарын ауыспа- лы буындармен жалғайды. Втулкалы-аунақшалы шынжырда (6.4 а-сурет) жалғастыру буыны табақшалармен бекітілген екі аунақшадан тұрады. Шынжыр ұштарын біріктіру үшін бір табақшаны шешіп ала- ды, осьтерді соңғы буындар втулкасының тесігіне қояды, сонан соң шешілген табақшаны орнықтырады және осьтерді гайкамен немесе бұрамасұқпамен бекітеді.


6.4-сурет. Втулкалы-аунақшалы шынжырлар ұштарын жалғау және тартпалар құрылысы:
а шынжырды жұп санды буынмен жалғау; ә шынжырды тақ санды буынмен жалғау; б, в – тартпалар
Мұндай буынмен жұп санды буынды шынжырларды біріктіруге бо- лады. Тақ санды буынды шынжырларды біріктіру үшін 6.4 ә-суретте көрсетілгендей ауыспалы буын қолданылады. Осы тәртіппен табақшалы тісті шынжырларды да жинайды. Шынжырлар тартпасының құрылғысы
6.4 б және в-суреттерде көрсетілген. Шынжырлы берілістерді жинау ба- рысында шынжырлардың шамалы бос болуын қамтамасыз ету қажет, себебі ол шынжырдың жұлдызша тістеріне дұрыс отыруына көмекте- седі де, шынжырдың тозуын азайтуға септігін тигізеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет