М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет102/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жөндеу циклі – нормативті құжаттар талаптарына сәйкес белгілі бір тәртіппен барлық белгіленген жөндеу түрлері орындалатын, қайталанатын уақыт интервалының немесе машина жұмысының ең аз мөлшері. Жөндеу циклы әрбір машина типіне оның конструкция- сына байланысты бекітіледі де, әрбір машинаның жөндеудегі тоқтауы белгілі бір детальдар топтарының шектік тозуына жету уақытына сәйкестендіріп есептеледі.
Детальдардың жұмыс мерзімі бойынша жіктеу негізінде жөндеу цик- лі құрылымының кестесі тұрғызылады.
ЖЕЖ жүйесі машиналардың ТК мен жөндеуін бірыңғай нормативтік негізде құруға мүмкіндік береді.
Машинаны жөндеу циклінің жұмыс сағаттарымен ұзақтығы былай анықталады: Tц = r · Tн ; мұндағы, r – климаттық түзегіш коэффициенті, көбінесе бірге тең; Tн жөндеу циклінің нормативті ұзақтығы (мысалы,
ол құрылыс крандары үшін 4800 жұмыс сағатына тең болса, мұнаралы
крандар үшін 14400 –ге тең).
Жүк моменті 100 т.м болатын кранның жөндеуаралық циклінің құрылымы 2.1-суретте көрсетілген.


2.1-сурет. Мұнаралы крандарды жөндеуаралық циклдің құрылымы: Пб пайдалану басы немесе кезектегі күрделі жөндеу уақыты;
А ағымдағы жөндеу; ЦТК–1, ЦТК–2 сәйкесінше бірінші және екінші техникалық
күтудің циклдері; Ца – ағымдағы жөндеу циклі; Цж – жөндеу циклі; К – пайдалану соңы

ЖЕЖ жүйесінде қарастырылған барлық профилактикалық және жөндеу жұмыстарын уақтылы өткізген жағдайда күрделі жөндеу машинаның жұмыс істеу мүмкіндігін бүкіл жөндеу цикліне қайта қалпына келтіруі қажет.


Техникалық тұрғыдан алғанда күрделі жөндеу машина пайдалану нәтижесінде шығарылған машина ресурсын қалпына келтіреді, яғни физикалық тозу салдарын жояды. Бұл үшін машиналар жөндеу за- водтарында белгілі бір технологиялық процестердің әсеріне түседі. Ал экономикалық тұрғыдан қарағанда техника жөндеу негізгі қордың қайта өндіруі болып табылады.



2.2-сурет. Көлік техникасын өндіру және жөндеудің технологиялық процестерін салыстыру сұлбасы
Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесі төмендегілерді жүзеге асырады:

    • машиналардың ТК және Ж жоспарын жасау;

    • машиналардың ТК және Ж жұмыстарын орындау бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды жасау;

ТК және Ж жоспарының орындалуын бақылау және машина жұмысын ұйымдастыруды жүйелі түрде есепке алу.
Модельдері бірдей машинаны шығару және жөндеу технология- лары ұқсас (2.2-сурет), олардың айырмашылығы негізінен дайындау процестерінде [17]. Сондықтан да машиналардың заводтағы жөнделуі
«екінші машина жасауға» жатады, яғни ол қолданыстағы детальдар негізіндегі екінші өндіріс болып табылады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет