М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық



бет103/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   142

Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық


қамтамасыз ету

Машина баланста тұрған мекеме өндірістік жыл басталмай тұрып машиналарды техникалық күту мен жөндеу жоспарын (2.1-кесте) жа- сауы тиіс, бұл оған жұмыс күшіне, технологиялық жабдыққа, қосалқы бөлшектер мен материалдарға деген қажеттілікті анықтау үшін негіз болып табылады. Жылдық жоспарды жасауға бастапқы деректер есебінде машинаның нақты жұмыс істеуі (жыл басына дейін, пайда- лана бастағаннан бергі немесе ТК және Ж-ң сәйкес түрлерін өткізген уақыттан бастап), бір жылға жоспарланған жұмыс уақыты, ТК-ң түрлері, периодтылығы, еңбексыйымдылығы және ұзақтығы алынады.


Жоспарланған жылы әр машина үшін орындалатын ТК және Ж санының әр түрі Кр мына формуламен анықталады:

K HH Hж K Tn
p

n

; (2.2)

мұндағы, Нн пайдалана бастағаннан бергі немесе ТК мен Ж-ң сәйкес түрінің өткізілген уақытынан жоспарланатын жыл басына дейінгі машинаның нақты жұмыс уақыты, сағ; Нж жоспарланатын жылдағы жұмыс уақыты, сағ; Тп жүргізіліп отырған есеп бойынша ТК мен Ж-ң сәйкес түрлерінің орындалу периодтылығы, сағ; Kn жүргізіліп отырған есеп бойынша ТК мен Ж-ң түрінің периодтылығынан үлкен периодтылықтағы олардың түрлерінің барлық саны (күрделі жөндеу үшін Kn = 0 деп есептеледі).
177
12–8708

2.1-кесте

Ағымдағы жылғы арналған машиналарды ТК мен Ж жоспарының үлгісі



(мекеме атауы)





























































Басинженер (бас механик)


Есептеулер мынадай ретпен жүргізілуі тиіс: күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, ТК-3, ТК-2, ТК-1.


Сәйкес ТК немесе Ж-ден соңғы нақты жұмыс істеу уақыты машинаның жоспарланатын жыл басындағы жалпы жұмыс уақыты мен жоспарланатын жыл алдындағы жылдағы ТК немесе Ж-ді өткізген күнге дейінгі жұмыс уақыты арасындағы айырма есебінде анықталады. Есептеулер нәтежелерін азаю жағына қарай бүтін санға дейін дөңгелектейді.
ТК кезіндегі әрбір машинаның тоқтау уақыты және оның тұрып қалу ұзақтығы айлық жоспар-графикпен бекітіледі. Машиналарды техникалық күту ауысымнан тыс уақытта немесе машина қарамағына кіретін нысанның жұмыс істемейтін күндері жүргізіледі.
Көлік техникасын техникалық күту оны тасымалдау, қолдану және сақтау кездерінде жүргізілуі тиіс (2.3-сурет).


2.3-сурет. Машиналарды техникалық күтудің жіктелуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет