М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жуу құралдарын қолданудың технологиялық режимдері



бет111/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жуу құралдарын қолданудың технологиялық режимдері





Тазалау ны- сандары

Қолданы- латын жабдық типі

Препарат концен- трация- сы, г/л

Темпе- ратура, град

Қысу құбы- рын- дағы қысым, Па

Тазалау ұзақты- ғы, мин

Ерітіндіні ауыстыру арасындағы болжамды период, күндер

Жинақтағы

ОМ-1438

10

70-80

9,0

25

5

машина

МД-2

20

75-85

2,5

25

5

Жинақтағы қозғалтқыш

МД-1

20

75-85

3,8

15

5

Трансмиссия детальдары

АКТБ-116

15

80-85

4,5-5,0

15

10

Қозғалтқыш

МК-1

15

70-80

3

8

5

детальдары

МД-1, МД-2

15

70-80

2,5-3,5

15-20

5




АКТБ-116



















АКТБ-14

15

80-85

4,5-5,0

15

10







20

80-90

5

8-10

11

Қозғалтқыш

МК-1

20

80-85

3,0-4,0

8

5

детальдары

ОМ-2839

15

80-90

4,5-5,0

20-45

10




МД-1,МД2

20

80-85

2,5-8,8

12-20

5

Машина детальдары мен тораптарын батыру әдісімен жуу үшін әртүрлі типтегі жуу машиналары қолданылады. Мысалы, ОМ-7027 машинасы (3.4-сурет) жуу шомылғысынан, детальдарды бүрку бөлмешігінен, конвейерден, жуу және активациялау жүйелерінен тұрады.
ОМ-7027 жуу машинасының сипаттамасы
Ваннаның жұмыстық көлемі, м3 18
Бүрку ваннасының жұмыстық көлемі, м3 1,8
Детальдарды жуу өнімділігі, кг/сағ. 3000
Жуу сұйығының температурасы, град. 80 95
Қыздыру будың көмегімен
Детальдардың жуу ерітіндісіне болу уақыты, мин. 35
Конвейер жылдамдығы, см/мин. 0,2
Бекітілген қуат, кВт 63
Жылдық жоспар, мың т 16
Габариттік өлшемдер, мм. 8800х2280х2885
Жинақтағы детальдарды тазалау 0,5...1 сағ ішінде, ал асфальтты- шайырлы қалдықтары бар бұйымдарды тазалау 1,5. 3 сағ аралығында
жүргізіледі. Барлық шомылғылар мен сорап қондырғыларының бактары жуу құралының бетіне май жинайтын құрылғылармен жабдықталған.


3.4-сурет. Жүктеу әдісі бойынша көлік техникасының детальдары мен агрегаттарын жууға арналған жуу машинасы:
1 тартым станциясы; 2 жуу шомылғысы; 3 жою камерасы; 4 турбина; 5 жетек станциясы; 6 конвейер; 7 регистрлер; 8 құйып алу жүйесі

Каустикалық соданы пайдаланып жуумен салыстырғанда Лабо- мид құралымен жуу өндіріс мәдениетін өсіруге, жуу сапасын көтеруге, құралдарды үнемдеуге және бөлшектеу операцияларында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


        1. Тазалау-жуу (ТЖЖ) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары


ТЖЖ көлемі мен құрамы жылжымалы құрамның (ЖҚ) ластануы- мен анықталады. Ластану деңгейі және де тасымалдаулар қандай жол- дармен (қатты немесе шаң топырақ) жүргеніне, құрғақ немесе ылғалды ауа райында, қандай климаттық аймақта орналасқанына, жазда немесе қыста т.с.с. орындалғанына байланысты да анықталады.


Жылжымалы құрамның барлық сыртқы (жоғарғы, бүйірлік, төменгі) беттері, сонымен қатар мотор майы, канатасты кеңістігі, кузовтың іші, көлік салоны периодты түрде жуып-тазалап тұруды қажет етеді. Тамақ өнімін тасумен айналысатын автомобильдерге бұл тіптен қажет.
Жуу жұмыстары тазалауға қарағанда механизацияға көбірек бейімделген. ТЖЖ-н жүргізу технологиясы төмендегідей:
Көлік кабинасын, салонын немесе кузовын тазалайды, ЖҚ- ды сыртынан жуады. ЖҚ-ды құрғатады немесе терезелерін және нөмірлерін сүртеді. Бұл жұмыстарды ЖҚ-ды сырттай жуу аймағында ұйымдастырады.
Жылжымалы құрамды жуу тәсілдері. Орындалу тәсіліне қарай бөлінеді: қолмен жуу, механикаландырылған және комбинацияланған.
Қолмен жуу шлангпен немесе пистолетпен жүзеге асады, су ағынының төменгі қысымы 0,2-0,4 МПа, жоғарғы қысымы 1,0-2,5 МПа болуы тиіс.
Механикаландырылған жуу арнайы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі және құрылысы мен пайдалану жағдайына байланысты бөлінеді:

  • жұмыс органының конструкциясына байланысты ағынды, қылшақты, ағынды-қылшақты;

  • көлік техникасының жұмыс органының салыстырмалы жылжуы- на байланысты: өтпелі және қозғалмалы;

  • пайдалану жағдайына қарай: тұрақты және жылжымалы;

  • басқару тәсіліне қарай: қолмен басқарылатын және автоматты.

Қолмен 10-20 минуттажуылатын процесті механикаландырылғаннан соң 1,5-3 минутта орындауға болады. Экономикалық есептеулер (25- 30%) ұтатындығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет