Тазалау-жуу жұмыстарына арналған жабдықтар төмендегідей бөлінеді:
тазалау жұмыстары мен шанақты санитарлық өңдеуге арналған жабдықтар;
көлікті жууға арналған жабдықтар;
жуып болған соң көлікті үрлеу мен құрғатуға арналған жабдықтар;
өндіріс жағдайында регенерацияланған суды пайдалануға арналған қосымша жабдықтар.
Қазіргі кезде ең көп тараған М-130 маркалы ағынды-қылшақты жуу қондырғысының техникалық сипаттамасы:
Типі: тұрақты, автоматты
Өнімділігі, авт/сағ 50 70
Су шығыны, л/а 600 1200
Су қысымы, МПа 3,8
Электрқозғалтқыштардың жалпы қуаты, кВт 45
Габариттік өлшемдері, мм 7500х5500х40000
Масса, кг 1200
Тазалаудың физика-химиялық әдістері
Физика-химиялық тазалау әдісі әр түрлі сұйықтық заттармен (органикалық және органикалық емес) пасталарды пайдалану негізінде жүргізіледі. Сұйық тазалайтын заттар сілтілі, қышқыл және нейтралды
болуы мүмкін, ал құрамы жағынан бір және көп компонентті болады. Органикалық нейтраль сұйықтықтардан көбінесе су пайдаланылады. Бірақ су ластанудың көптеген түрлерін (мұнай өнімдері, күйік, бояу, тоттану, металдардың тотығуы және т.б.) ерітпейді, сондықтан да оны құрғақ немесе ылғал шаңдарды жуу үшін көліктің сыртын тазалайтын кезде пайдаланылады.
Органикалық нейтраль еріткіштер (жарық беретін керосин, бен- зин, бензол, уайт-спирит, үшхлорэтилен, төртхлорлы көмірсутегі және т.б.) лак және шайырлы қыртыстарды алып тастау үшін, сонымен бірге сілтімен жуылмайтын ласты немесе сілтіні пайдалануға болмайтын жерде қолданылады.
Сілтілі жуатын еріткіштер өзінің құрамында мынадай компонеттерді ұстайды: бұзатын (сілтілер, тұздар), қаспақ құрайтын және үстірт-активті заттар (ОП-7, ОП-10), сұйық шыны, стульфонал және т.б. эмульгаторлар (силикат, натрий, сабын) антиқышқылдар (натрий нитриті, хромпик). Көп пайдаланатын сілті түріндегі жуа- тын синтетикалық заттар 3.2-кестеде көрсетілген. Олар ұнтақ түрінде шығарылады.
Қышқыл жуатын ерітінді бөлшектердің үстіңгі бетінен күйік пен тоттануды алу үшін пайдаланады. Тұзды, күкіртті, азотты, ортофосфор- лы қышқыл су ерітінділеріне ингибиторлар және т.б. тоттану үрдісін тоқтататын заттарды қосады.
3.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |