Технологиялықүдерістердәлдігінесептеуәдістері.Технологиялық үдерістерге қойылатын негізгі талаптардың бірі – детальді дайындаудың берілген дәлдігін қамтамасыз ету.
Дәлдікті есептеудің екі әдісі бар. Аналитикалық әдіс өңдеудің алғашқы қателіктерінің барлығын күрделі түрде зерттеуді талап етеді, бұл әдісті кейбір жеке жағдайларда қолданады.
Статистикалық әдіс қателіктер заңдылығын бекітуге мүмкіндік беретін математикалық статистика мен ықтималдылық теориясына негізделген.
Механикалық өңдеу кезінде пайда болатын барлық қателіктер екі топқа бөлінеді:
жүйелі, белгілі бір факторлардың әсерінен пайда болатын және заңдылық сипаттағы қателіктер (бұранда адымының қателігі, дұрыс қондырмау және т.б.);
кездейсоқ, әртүрлі себептерден пайда болатын, алайда белгілі бір заңдылыққа бағынбаған қателіктер (дайындамалардың әртүрлі қаттылықтары, припуск тербелісі, дайындаманы бекітудегі қателіктер және т.б.).
Математикалық статистика әдістерімен өңдеу кезінде пайда болатын кездейсоқ та, жүйелі де қателіктердің заңдылықтарын бекітеді. Бұл кез- де партиядағы детальдардың барлығының нақты размерлері өлшенеді, өлшеу деректері бойынша тарату қисығы тұрғызылады.
Тарату қисығын тұрғызу үшін абсцисса осі бойынша қабылданған интервалдар санына бөлінген размерлердің шашырау алаңын (шақтама алаңы) тұрғызады, ал ордината осі бойынша абсолюттік жиілік са- лынады. Қисық нүктелерін салу үшін берілген интервалдың орташа арифметикалық мәнін анықтайды, осы тәсілмен табылған нүктеге пер- пендикуляр тұрғызылады. Нүктелерді қосу арқылы қисық сызық алы- нады. Партиядағы детальдар санын арттыратын болсақ, қисық сызық жайменен тарату қисығы деп аталатын қисыққа жақындай түседі.
Технологиялық үдеріс қалыпты жағдайда жүретін болса, кездейсоқ қателіктердің алынған шашырау қисығы төмендегі формуламен анықталатын қалыпты таралу қисығына (Гаусс қисығы) жақындай түседі:
y x
2
1 e2d 2 ; (1.16)
x
мұндағы, y – қателіктердің пайда болу жиілігі; – барлық ауытқулар квадраттарының орташа арифметикалық сомасының квадрат түбіріне тең аргументтің орташа квадраттық ауытқуы; e = 2.178, на- турал логорифмнің негізі; х – әрбір детальдің размері мен орташа арифметикалық размердің айырмасына тең нақты размерлердің орта- шадан ауытқуы.
Детальдардың алынған размерлерінің дискретті (үздікті) мәнінде ша- шырау аймағындағы партиядағы детальдардың орташа арифметикалық размері lорт барлық партиядағы детальдар размерлерінің орташа
арифметикалық мәніне тең [10]:
lорт
l1 l2 l3 ... lN
Достарыңызбен бөлісу: |