М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет31/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

өңделген беттер сапасының машина детальдарының пайда- лану қасиеттеріне әсері. Детальді кесіп өңдеуге байланысты фактор- лар машина детальдарының беріктігіне, тозуға төзімділігіне және ұзақ мерзімділігіне едәуір дәрежеде әсер етеді.
1.2– кесте


Болат пен шойынды әртүрлі әдістермен өңдеудегі беттің кедір-бұдырлығы





Өңдеу әдістері

Дәлдіктің сәйкес квалитеті

Беттің кедір-
бұдырлығы, Ra, мкм

Жону: алдын ала таза
жұқа, алмаздық

12-13
10-11


6-7

12,50
2,50...1,25


0,63...1,25

Фрезерлеу:
алдын ала таза
жұқа (шетжақтық фрезамен)

11-12
8-10


6-7

12,50
2,50...1,25


0,63...0,32

Тесу

11-12

6,30...2,50

Үңгілеу:
алдын ала
таза (қара өңдеуден соң)

12
11



2,50...12,50


6,30...2,50

Тесіктерді тартажону

7-8

1,25...0,63

Қобылау (қысқа тесіктер үшін)

7

0,63...0,32

Ажарлау: сыдыру алдын ала таза
жұқа

-
8-10


7-8
6-7

2,50...1,25


1,25...0,63
0,63...0,32
0,32...0,08

Диаметрі 80 мм дейінгі тесіктерді жаныштау

6-7

0,32...0,08

Ұңғылау: алдын ала таза
жұқа

8-9
7


6-7

2,50...1,25


1,25...0,63
0,63...0,32

Ысқылап тегістеу

5-6

0,10 одан төмен

Жылтырату

-

0,32...0,012

Беттің кедір-бұдырлығы детальдардың өзара жылжуына кедергі келтіреді және машиналар едәуір энергияны шығындайтын үйкеліс күштерінің пайда болуына басты себепкер болады. Мыса- лы, металкескіш станоктарда жұмсалған энергияның 25%-ға жуығы үйкеліске шығындалады. Сонымен бірге, бет таза болған сайын деталь- дар коррозияға және айнымалы не циклді жүктемелер кезінде сынуға қарсы орнықты бола түседі.
Машина жасауда детальдардың тозуға төзімділігі мен мықтылық шегіне қатынасты көрсеткіштер маңызды рөл атқарады.
Механикалық өңдеудің режимдері мен әдістерін өзгерту бет сапасының жекелеген сипаттамаларының өзгеруін тудырады, бұл өз кезегінде детальдардың пайдалану қасиеттерін де өзгертеді. Сондықтан да ерекше жауапты машина детальдарын дайындау немесе қалпына келтіру кезінде металдың беттік қабатының сапасын, берілген жағдайда оның жұмыс қабілеттілігіне әсерін ескеру қажет. Кейбір детальдардың беттерін өңдеу тазалығының мысалдары 1.3-кестеде келтірілген.


1.3-кесте


Беттерді өңдеу тазалығының мысалдары




Тазалық класы (квалитет)

Беттің кедір- бұдырлығы

Деталь бетінің типі

1

Rz160...120 мкм

құймалардың механикалық өңдеуді қажет етпейтін беттері

2

Rz80...160 мкм

пісіруге, автоматты газдық кесуге арналған жиектер

5

Rz10...20 мкм

втулкалардың, күпшектердің басқа беттерге жақын жатқан,
бірақ отырғызуға арналмаған беттері

8

Ra 0,63 мкм

резеңкеден жасалған көмкермелі гидродомкраттар, цилиндрлердің беттері

9

Ra 0,32 мкм

піспектік сақиналармен жұмыс істейтін цилиндрлер беттері

12

Ra 0,04 мкм

координатты-жону станоктарының білікшелері, оптикалық детальдардың тегістелген беттері
    1. Машина жасаудағы базалар және детальдарды базалау; технологиялық құрал-саймандар классификациясы




Жалпы түсініктер. Машина жасаудағы бұйымдарды жобалау, дайындау, пайдалану және жөндеу мақсатында база мен базалаудың терминдері мен негізгі анықтамалары бекітілген (МЕСТ 21495-82).
Дайындама немесе бұйымды таңдап алынған координата жүйесіне қатысты қажетті жағдайға орналастыру базалау деп аталады.
Өңделетін дайындаманы немесе бұйымды базалау және бекіту процесі қондыру деп аталады.
Дайындамаларды станокка өңдеу кезіндегі беттер төмендегідей бо- лады:

    • өңделетін – жұмыс аспабының әсеріне ілігетін беттер;

    • өңдеу кезінде дайындаманың орналасу жағдайын анықтауға көмектесетін беттер;

    • қысу құрылғыларымен жанасатын беттер;

    • қажетті размерлерден бастап өлшейтін беттер;

    • еркін орналасқан беттер.

Базалау үшін қолданылатын дайындамаға немесе бұйымға тиесілі бет, ось және нүкте база деп аталады.
Таңдап алынған координаталар жүйесінде дайындаманың немесе бұйымның қозғалмауын қамтамасыз ету үшін олардан барлық алты еркіндік дәрежесінен айыратындай етіп (алты нүкте ережесі) алты екіжақты геометриялық байланыс жасау керек. Бұл байланысты жасау үшін базалар жиынтығы қажет (1.16-сурет).


1.16-сурет. Дайындаманың жылжымауын қамтамасыз ететін тірек нүктелері: 1-6 – екіжақты байланыстар; I, II, III – деталь базалары
Таңдап алынған координаталар жүйесіндегі дайындама немесе бұйым байланысын білдіретін нүкте тірек нүктесі деп аталады. Базалау сұлбасында барлық тірек нүктелерін шартты белгілермен көрсетіп, тірек нүктелері ең көп орналасқан базадан бастап қатар санмен нөмірлейді.
Егер қандай да бір тірек нүктесі тағы бір нүктемен сәйкес келіп қалса, біріктірілген нүктелердің нөмірі қойылған бір нүкте белгіленеді (1.17-сурет).


1.17-сурет. Призмалық детальды базалау сұлбасы: 1-6 тірек нүктелері; I, II, III – деталь базалары

Өңдеу мен жинаудың технологиялық үдерістерін жобалау және де қателіктерді есептеу базалар таңдамасына тікелей байланысты, олар жобалау, конструкторлық, технологиялық және өлшегіш базалар болып бөлінеді [24].


Бұйымды жобалау, оны дайындаудың технологиялық процесін жа- сау немесе жөндеу кезінде таңдап алынған база жобалау базасы деп ата- лады.
Бұйымды жобалау кезінде бұйымның басқа элементтерімен салыстырғанда детальдың есептік жағдайын, ал технологиялық үдерісті жобалау кезінде өңделетін дайындаманың технологиялық жүйесінің (кесу аспабының, жабдықтың және станоктың) басқа элементтерімен салыстырғандағы есептік орнын анықтайды. Жобалау базаларын сыз- баларда геометриялық элементтер (біліктер мен тесіктер осьтері, сим- метрия жазықтықтары, бұрыштар биссектрисалары және т.б.) түрінде көрсетеді.
Детальдің немесе жинақ бірлігінің бұйымдағы орнын анықтау үшін қолданылатын базалар конструкторлық деп аталады. Бұйымды жинау кезінде оның элементтерінің конструкторлық базасы біріктіріледі. Сол себепті конструкторлық базалар бұйым элементтерінің нағыз беттері болып табылады.
Дайындама немесе бұйымның дайындау (жөндеу) үдерісіндегі орнын анықтау үшін қолданылатын базалар технологиялық деп ата-
лады. Дайындама немесе жинақ бірлігін жабдыққа орнықтырар кездегі жабдықтың орнату элементтерімен тікелей жанасуда болатын дайындаманың немесе жинақ бірлігінің беттері технологиялық базалар болып саналады. Бұл базалар негізгі және көмекші (жасанды) болып бөлінеді.
Негізгі технологиялық базаларға деталь конструкциясының бөлінбес бөлігі болатын және бұйымның жұмыс кезінде белгілі бір қызмет атқаратын беттері жатады. Мысалы, 1-ші тесік беті (1.18-сурет а) және дайындаманың шетжақ беті 2 тістерді жасау кезінде базалау үшін қолданылады, әрі технологиялық база болып саналады.


1.18-сурет. Деталь беттерінің негізгі (а) және көмекші (ә) базалары

Көмекші базалар – технологиялық тұрғыдан алғанда арнайы жа- салатын беттер, әрі олар бұйымдағы детальдің жұмысына қажет емес. Мысалы, корпустық детальдар дайындамасындағы бекітуге арналған тесіктер 3, қозғалтқыш піспегінің етегіндегі центрлегіш белбеу 4 және торец 5 (1.18-сурет ә) және т.б.


Өлшегіш базалар дайындаманы өңдеу (бұйымды жинау) кезінде өлшемдерді есептеуді бастауға немесе деталь беттерінің (бұйым элементтерінің) өзара орналасу жағдайын тексеруге арналған беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет