М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет30/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142
Есептеу әдістері дайындалатын өнімнің сапа параметрлері не- месе тоқтап қалу физикасын (тозу процесінің сапа табиғаты, ескіру, температуралық деформация және т.б.) ескере отырып, технологиялық үдерістер параметрлері өзгеруінің математикалық модельдерін қолдануға негізделген.
Тәжірибелік-статистикалық (өлшегіш) әдістер – ТЖ мен оның элементтерінің арнайы сынақтарының және ТЖ арнайы таңдалған зерттеулердің нәтижесінде алынған дайындалатын өнімнің сапа параметрлерін өлшеу деректерін пайдалануға негізделген.
Тіркеу әдістері арнайы таңдалған зерттеулерді жүргізуді талап етпейді және кәсіпорынды басқару процесінде тіркелетін ақпараттарды (технологиялық үдерістердің дәлдігін бақылау нәтижелері, қабылданған партиялар саны, ақаулар саны және т.б.) талдауға негізделген. Бұл ақпарат ізденістегі көрсеткіштің маңызын бағалау үшін жеткілікті бо- луы тиіс.
Эксперттік әдістер дайындалатын өнімнің сапасына әсер ететін берілген ТЖ сенімділігі жайлы ақпаратпен қамтылған экспертті топтың сауалнама нәтижелерін қолдануға негізделген.
Квалитеттер әдісі қолданылатын технологиялық жабдықтар мен өндіріс құралдарының дәлдік квалитеттеріне байланысты анықтамалық және нормативтік-техникалық құжаттамаларда (НТҚ) бекітілген ТЖ параметрлерінің талап етілетін мәндерін салыстыруға негізделген.
Өңдеудің әрбір әдісіне (жону, ажарлау және т.б.) бет кедір- бұдырлығының аз диапазоны сәйкес келеді. 1.2-кестеде болат пен сұр шойынды өңдеудің әртүрлі әдістері кезіндегі беттің кедір- бұдырлығы және олардың параметрлерін орташа экономикалық дәлдік параметрлерімен салыстыра отырып келтірілген. Осы салыстырмадан олардың өзара байланысын көруге болады: алынатын размердің дәлдігі жоғары болған сайын беттің кедір-бұдырлығы төмендейді.
Беттің кедір-бұдырлығын бағалауға арналған құралдар. Кедір- бұдырлықты анықтау үшін төмендегі әдістер кең тараған:
– профилограф және профилограф-профилометр көмегімен беттің микро тегіс еместігін өлшеу;

    • оптикалық – бет профилін микроскоп және микроинтерферометр көмегімен өлшеу;

    • болат немесе шойын детальдің бақылаудағы беттерін бет тазалығы үлгісімен салыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет