М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет29/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Сапа параметрлері бойынша технологиялық жүйелерді бағалау әдістері. Дайындалатын өнімнің қажетті сапасына қолжеткізу үшін технологиялық жүйелердің (ТЖ) сенімділігін бағалау (МЕСТ 27202- 83) қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады. ТЖ-ні төрт түрге бөледі: технологиялық операцияның ТЖ, технологиялық үдерістің ТЖ, жеке өндірістік бөлім (цех, участок және т.б.) аумағында қолданылатын ТЖ, кәсіпорын ТЖ-і [10].
Дайындалатын өнімнің сапа параметрлері бойынша сенімділік көрсеткіштерінің барлығы ТЖ түрлеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:

    • технологиялық үдерістің және технологиялық жабдықтау құралдарының дәлдігі;

    • технологиялық тәртіп;

    • өнім сапасы параметрлері бойынша тапсырмаларды орындау;

    • кешенді көрсеткіштер.

Дайындалатын өнімнің сапасы параметрлері бойынша және ТЖ түрлері мен бағалау мақсатына байланысты сенімділік көрсеткіштерін бағалау үшін есептік, тәжірибелік-статистикалық, тіркеу немесе эксперттік әдістер қолданылады. Дәлдік параметрлері бойынша ТЖ сенімділігін алдын ала бағалау үшін квалитеттер әдісі де пайдала- нылады. Өңдеу дәлдігіне, сонымен қатар жұмысшы біліктілігі, яғни субъективті фактор да әсер етеді.
Өңдеудің дәлдігі мен өзіндік құнының арасындағы байланы- сты қарастыралық. Әр түрлі дәрежелі дәлдіктегі бір дайындаманы өңдеу кезінде еңбек сыйымдылығы, яғни оның салдарынан өзіндік құн да өзгереді: дайындалатын детальді аз шақтамамен өңдеген кезде еңбексыйымдылық пен өзіндік құн өседі (1.15-сурет а), себебі өңдеудің жоғары дәлдігіне қолжеткізу үшін технологиялық әдістерді көбірек қолдануға тура келеді, мысалы, жону, ажарлау және т.б.
1.15-сурет. Детальді дайындаудың өзіндік құнының өңдеуге берілген шақтамамен (а) және өңдеу әдістерімен (ә) байланысы
1.15-сурет ә-де детальді дайындаудың өзіндік құнына тазалау әдістерінің әсері көрсетілген. Графиктен таза ажарлаудың орташа экономикалық дәлдігі 7-ші, 8-ші квалитеттерге, алдын ала ажар- лауда – 8-ші, 9-шы, ал таза жонудікі 10-шы, 11-ші квалитеттерге сәйкес келетіндігін көруге болады. Белгілі бір өңдеу әдісінің орташа экономикалық дәлдігі – уақыт пен құралдар шығынының өңдеудің басқа әдістерімен салыстырғанда аз болған кездегі қалыпты өндіріс жағдайында алынатын дәлдік. Өндіріс технологиясын жетілдірген сай- ын өңдеудің орташа экономикалық дәлдігі де арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет