М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу



бет58/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу




Тежегіш шкивтердің дайындамасы ретінде болат құймаларды пайда- ланады. Диаметрі 500 мм-ге дейінгі тежегіш шкивтерді әдетте орталық тесіксіз құяды. Барабанның таспалы тежегіштерінің шкивтерін фасон- ды сақиналы дайындама түрінде құяды.

Шкивтерді дайындау кезіндегі негізгі технологиялық шарттар төмендегідей [18]:

  • шкивтер мен дискілердің үйкелетін беттерінде ой-шұқырлық, қуыстық секілді ақаулар болмауы тиіс;

  • білік осіне қатысты шкивтердің жұмыстық беттерінің радиалды соққысы 0,15 мм-ден аспауы тиіс (сызбада басқа талаптар қойылмаған жағдайда);

  • қайнатылған қаяудың диаметрі 8 мм-ден аспауы, тереңдігі – қабырға қалыңдығының 1/4-нен аспауы, қаяулар саны – дөңгелектің 200 мм ұзындығына бір қаяудан кем болмауы тиіс.

Кішісериялы өндіріс кезінде және тежегіш шкивтерін жөндеу бары- сында сыртқы, ішкі және қасбеттік беттерді қаралтым және таза өңдеу дайындаманы бірнеше рет ауыстырып қондыру арқылы токарлық ста- ноктарда жүргізіледі. Кілтектік шкивтерді ұрғыш станоктарда өңдейді.
Ірісериялы өндіріс кезінде операцияларды арнайы станоктарда орындайды. Негізгі операциялар 4.2-суретте көрсетілген [11].


4.2-сурет. Тежегіш шкивтерді өңдеудің негізгі операцияларының нобайлары



  1. операция – токарлық немесе токарлық-карусельді станоктарда дайындаманың сыртқы, ішкі және қасбеттік беттерін алдын ала токар-

97
7–8708
лық өңдеу. Операция өңделетін беттерде 1-10 сандарымен белгіленген 10 өтпеден тұрады.

    1. операция – құрсаудың қалған бөлігін токарлық-револьверлік станокта өңдеу, тесіктерді бұрғылау және кеңейту. Формасына байла- нысты отырғызу тесігі алдын ала (конустық форма) немесе аяқталып (цилиндрлік форма) өңделеді. Соңғы жағдайда тесіктерді кеңейтіп бұрғылау өңдеудің соңғы өтпесі болып саналады (4-өтпе).

    2. операция – токарлық-револьверлік станокта конус сызықшасын пайдалана отырып конус тесігін соңғы рет токарлық өңдеу.

    3. операция – горизонтальді-тартқыш станокта кілтекті ойықты тарту.

    4. операция – сыртқы бет бойынша ажарлау припускісімен сыртқы және қасбеттік беттерді токарлық өңдеу. Дайындама жылдам қысатын конустық құралбілікте бекітіледі.

    5. операция – жартымуфталарды қосуға арналған болттар тесіктерін бұрғылау.

Осы операциялар орындалып болған соң, шкивтер соңғы термиялық өңдеуге жіберіледі, сонан соң цилиндрлік беттер ажарланады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет