М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет55/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Алюминийлеуіштен жану қозғалтқышының клапандары типтес детальдарды алюминийлеу процесі.
хромдау – агрессивті ортада тозуға жұмыс істейтін детальдарды 900...11000С температурада хроммен қанықтыру процесі.
Мырыштау – атмосферада тот басуға төзімділікті жоғарылату мақсатында жүргізілетін процесс. Мырыш қабатының қалыңдығына байланысты мырыштауды әртүрлі тәсілмен жүзеге асырады:

  • 0,02...0,03 мм қабатты алу үшін 440...4800С температурады 15...20 сек тоқтата тұрып, мырышқа қорытпа құю арқылы мырыштау;

  • 0,03...0,06 мм қабатты алу үшін 350...4300С температурада 1...10 сағатта мырыш ұнтағында мырыштау;

  • гальваникалық тәсілмен мырыштау. Бет қабатын мырыш- пен диффузиялық қанықтыру жүргізілетін алғашқы екі тәсілмен салыстырғанда, гальваникалық тәсіл жоғары берік қабат пен төменгі тот басуға төзімділік береді.

Кадмиймен жабу әдісі өзінің қорғаныс қасиеттері бойынша мырыштауға жақын болады. Бұл әдіс бұрандалық қосылыстар үшін ұсынылады. Кадмий қабатының қалыңдығы 0,003...0,015 мм құрайды.


    1. детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері


Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістерін беріктендіру технологиялары әдістеріне жатқызуға болады. Бұл әдістердің негізгі сұлбалары 3.1-суретте көрсетілген [13].



3.1-сурет. Машина детальдарының беттік қабаттарын механикалық беріктендірудің негізгі әдістерінің сұлбалары:
а, ә беттерді бытырамен қақтау; б шариктермен;
в, г, ғ беттерді жазық аунақшалар және шариктермен бүрлеу (домалату); д механикалық безеулеу арқылы қақтау;
е, ж тесіктерді жаю және қыртыстарын жазу

Детальдарды аунақшаларды аунатып немесе бытыра ағынымен өңдеу арқылы беттік беріктендіру әдісі өзінің детальдардың тозу шектігін көтеру және бұл процестердің қарапайымдылығы мен экономиялылығына байланысты жөндеу кәсіпорындарында кеңінен қолданылады.


Бытыра ағынымен өңдеудің мәні механикалық және термиялық өңдеуден соң детальдың тым қаттылық қасиетіне ие болуында. Ол үшін деталь бетіне 50...70 м/с жылдамдықпен бағытталған бытыра диаметрі 0,4...2,00 мм болатын болат және шойын ағынымен үздіксіз әсер етеді. Деталь бетіне соғылған соң бытыра ағыны беттік қабатының беріктік қасиеттерін өзгерте отырып, металға тым қаттылық қасиет береді: ішкі қысу кернеуліктері пайда болады, детальдардың қаттылығы, беріктігі, тозуға төзімділігі өседі, қажу шегі ұзарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет