Редуктор корпусын өңдеудің технологиялық сұлбасы
Операция
|
Операция сұлбасы
|
Қақпақ пен корпус тұғырының бетін 1 бірмезгілде қаралтым сүргілеу не- месе фрезерлеу (h өлшемін сақтау). Қақпақ пен редуктор корпусы тұрғырын төрт айналдырықты екі орынды айлабұйымда 2-5 беттерді бірмезгілде тазалап фрезерлеу (өлшемдерді сақтау)
|
|
Қақпақ пен редуктор корпусы тұғырын төрт айналдырықты екі орынды айлабұйымда 1-4 беттерді бірмезгілде тазалап фрезерлеу (H, H1
және B өлшемдерін сақтау)
|
|
Айнабеттік кезеулеткішті пайдалана отырып, қақпақтың 1, 2, 3 тесіктерін
тесу, 2, 3 тесіктерін үңгілеу, тесікті
1 үңгімен тазалау, 1, 3 тесіктерге бұранда салу. Кезеулеткішті бұру арқылы тесікті 4 тесіп, оған бұранда салу.
|
|
Айнабеттік кезеулеткішті пайдала- на отырып, редуктор корпусының тұғырындағы тесіктерді 1, 2 тесу,
тесікті 2 ұңғылау және тесікті 1 үңгімен тазалау
|
|
Кезеулеткішті 45°-қа бұру арқылы тесікті 3 тесу, ұңғылау және үңгімен тазалау. Кезеулеткішті кезекті 45°-қа бұрған кезде тесікті 4 тесу, үңгімен тазалау және бұранда салу
|
|
Кезеулеткішті 90°-қа бұру арқылы тесіктерді 5 және 6 тесу, ұңғылау және үңгімен тазалау. Болттармен 1 бекіту арқылы корпусты жинақтау, конустық сұңқыштарды қоя отырып, екі конустық тесіктерді 2 үңгілеу
|
|
Үш борштанга арқылы тесіктерді 1-3 бірмезгілде қаралтым жону. Үш борштанга арқылы тесіктерді 1-3 бірмезгілде тазалап жону.
|
|
Параллель еместік пен осьтер айқасуының ауытқу шақтамасы осьаралық қашықтықтар шақтамасынан аспауы тиіс. Өңдеуден соң ре- дуктор корпусы жоңқалар мен құмнан тазалануы, жуылуы, қымтаудан сынақтан өтуі тиіс. Ішкі өңделмеген беттерді майға төзімді сырлармен сырлайды. Ірісериялы өндірісте редукторға тесік жасау үшін агрегаттық көпайналдырықты станоктар қолданылады.
Қазіргі таңда редукторларды және басқа да жинақтаушы механизмдерді (тежегіштер, муфталар және т.б.) арнайы заводтар- да шығарады. Мысалы, Ижевск редуктор заводы соңғы елу жыл
ішінде редукторлар шығарудан ірі кәсіпорынға айналған. Завод же- тек техникасының кең номенклатурасын: цилиндрлік, бұрамдық және конустық тісті берілістері бар редукторлар мен мотор-редукторларды, мұнай өнеркәсібіне арналған әртүрлі жүккөтергіш механизмдер мен жабдықтарды шығаруды игерген.
Завод шығаратын редукторлардың негізгі техникалық сипаттамала- ры 4.3-кестеде келтірілген.
Ижевск редуктор заводы, сонымен бірге жүктік планетарлық шығырларды шығарады. Шығырдың арқандағы номиналды тарту күші 35/100 кН, арқанды ораудың номиналды жылдамдығы 37/60 м/мин.
4.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |