Жинау операцияларын жобалау. Жинау операцияларын жинау- дың технологиялық сұлбалары негізінде жобалайды. Жинау опера- цияларын құрастыру кезінде әрбір операцияның өзінің белгілі бір технологиялық заңдылығы бар екендігін ескеру қажет, себебі ағынды әдісте операцияның еңбексыйымдылығы жинау тактісіне тең, шамалы кіші немесе оған еселі болуы тиіс.
Жинау операциясын жобалау барысында технологиялық өтпелерді нақты белгілейді және базалау сұлбасы мен базалық элементті бекітуді анықтайды, жұмыс нормасы мен разрядын орнатады.
Жинау операцияларын жобалау кезінде жабдықты, технологиялық құрал-саймандар мен жұмыс режимін таңдауды негіздеуге мүмкіндік беретін қажетті технологиялық есептеулер жүргізіледі. Бұл есептеулер- ге натягпен отырғызуға қажетті престеу күшін анықтау, жылулық әсері бар детальдарды жинауда қыздыру немесе салқындату режимдерін бекіту, қағу кезіндегі қажетті күшті есептеу және т.б. кіреді.
Жасалған технологиялық процестерді бағалау абсолюттік және са- лыстырмалы көрсеткіштер көмегімен жүзеге асады.
Абсолюттік көрсеткіштер – жеке операциялар мен жинау процесінің толық алғандағы өзіндік құны және торапты жинаудың еңбексыйымдылығы. Салыстырмалы көрсеткіштер – әрбір жи- нау орнының жүктеме коэффициенті (5.13-формула), жинау желісінің жүктеме коэффициенті (5.14-формула), жинау процесінің
еңбексыйымдылық коэффиценті h (жинау еңбексыйымдылығының e
жинау элементіне кіретін детальдарды дайындаудың еңбек- сыйымдылығына қатынасы):
h= T /T; (5.15)
e жб a eкоффициентінің мәні бірліктік және кіші сериялы өндіріс үшін h
0,5 шамасында, сериялы өндіріс үшін – 0,3...0,4, массалы өндіріс үшін
– 0,25...0,30 аралығында болады.
Бұл коэффицент кіші болған сайын, жинау жұмыстарын меха- никаландыру деңгейі жоғарылайды. Жинау процесінің өзіндік құны коэффиценті төмендегідей анықталады:
hq= Cжб/Cб; (5.16)
мұндағы, Сжб – жинаудың өзіндік құны; Сб – бұйымды дайындаудың өзіндік құны.
Жинау процесінің техника-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылататын технологиялық шараларға операцияларды механикалан- дыру мен автоматтандыру және операциялық уақыт пен жинау тактісінің байланысын синхрондау операцияларына қол жеткізу жатады.
Жинау процестерінің технологиялық құжаттамаларына жинақ сыз- балары, тораптық және жалпы жинаудың технологиялық сұлбалары жа- тады. Жинаудың маршруттық картасында жабдық пен құрал-саймандар,
уақыт нормасы мен жұмыс разряды жайында деректер көрсетілген жинау операцияларының тізімі келтірілген. Ал операциялық картада технологиялық өтпелер бойынша жұмыс режимі мен уақыттың есептік нормалары көрсетілген операциялар мазмұны беріледі.
Жинау операцияларын жобалауда сапа және дәлдік мәселелерін естен шығармау керек. Операцияның неше түрлі нұсқаларын олардың өнімділігі мен өзіндік құнын салыстыру арқылы анықтайды.
Жинау операциясының өнімділігін көтерудің негізгі шаралары
өңдеп қиюластыру жұмыстарының көлемін азайту, құрастырудың технологиялық процестерін ұтымды құру, оларды механикаландыру және автоматтандыру. Өңдеп қиюластыруды азайту үшін детальдар- ды өте дәл жасау қажет. Массалы өндірісте көпаспапты, көпорынды сұлбаларды пайдаланған жөн.
Аспаптарды қолдану ретіне қарай бірізді, параллель және бірізді- параллель сұлбаларын қолданады. Құрастырушылар еңбегінің өнімділі- гін арттыру үшін механикаландырылған жинау аспаптарын тиімді пай- далану қажет. Массалы және ірі сериялы өндірістерді автоматтандыру құралдарын көп қолданады /құрастыру автоматтандыру мен жартылай автоматтары, автоматтық және жартылай автоматтық желілер/; бұлар өнімділікті 5 есе арттырып, өндіріс алаңдарын 2-3 есе кемітеді.
Өндірісті автоматтандырудың маңызды бір шарттары детальдардың қосылыстарын бірыңғайландыру және қалыптастыру, осы тұрғыда типті технологиялық жинау процестерін ұтымды пайдалану болып та- былады.
Жинау кезіндегі ең маңызды операция – техникалық бақылау. Мұнда бұйым элементтерінің өзара орналасуын, жиналған қосылыстарының сапасын, детальдардың дұрыс орнатылу- ын, бұйымның жалпы және бөлшектерінің массасын, айналмалы бөлшектердің тепе-теңдігін және сол сияқты басқа да техникалық шарттардың орындалуын бақылайды.
Техникалық бақылау құралдары ретінде әмбебап аспаптарды (өлшеуіштер, индикаторлар, күш өлшейтін кілттер және т.б.) ар- найы бақылау, өлшеу жабдықтарын, қондырғыларын пайдаланады. Бақылауды аралық және біржолата қабылдау деп бөледі. Біржолата қабылдауда жиналған бұйымды түгел тексереді. Аралық бақылау (жал- пы және ішінара) өте күрделі жинау операцияларын өткізгеннен кейін жүргізіледі.