М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жинауоперацияларынтехникалықнормалаудыңерекшеліктері



бет68/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жинауоперацияларынтехникалықнормалаудыңерекшеліктері. Сериялы өндіріс жағдайында орташа өлшемді машиналарды жинау кезінде жинау процесінің жекелеген сатыларына жұмсалатын уақыт- тың шамалас қатынастары болуы мүмкін: детальдарды слесарлық өндеуге – 10% дейін, жинақ бірліктерді (тораптарды) жинауға – 50...60%, машинаны жалпы жинауға – 30...40% .
Техникалық нормалау негіздерін қарастырған кезде (2.7-бөлімді қараңыз) даналық уақыттың төрт құрамдас бөліктен тұратынын (tH – негізгі уақыт, tк – қосымша уақыт, tk – жұмыс орнын күту уақыты, tT
үзілістер уақыты) қарастырғанбыз.
Слесарлық және жинау жұмыстарында көпшілік жағдайда белгілі бір ауыстырылымда негізгі және қосымша уақыт айқын бөлінбеген. Сондықтан бұл кешенді толық емес оперативті уақыт есебінде норма- лайды. Детальді бекіту және босатуға байланысты қосымша жұмыстар жеке-жеке нормаланады.
Сонымен, даналық уақыт жалпы былай өрнектеледі:


t t' t t t ; (5.5.)
g on op k t
мұндағы, t' – нақты жағдайлар мен жұмыс көлемін ескергендегі жұмыс кешенін орындауға арналған толық емес оперативтік уақыт; top
on


детальді (торапты) бекітуге және босатуға жұмсалатын қосымша уақыт; tk – жұмыс орнын ұйымдастыру-техникалық күтуге кететін уақыт; tt – әртүрлі үзілістерге жұмсалатын уақыт.
Уақыттың tk және tT элементтерін нормалау кезінде толық опера- тивті уақыттан пайыз алу арқылы анықтайды.
Сериялы өндірісті нормалау кезінде әрбір жинау операциясы үшін нормативтерге сәйкес дайындау-аяқтау уақыты (tg.a) анықталады. Ол слесарлық жұмыстар үшін 3...6 мин, ал жинау жұмыстары үшін 6...15 мин аралығын құрайды.
Тораптар немесе бұйымдарды жинауға жұмсалатын уақыт:
tпарт = ntg + tg.a; (5.6.)
мұндағы, n – партия өлшемі.
Бірліктік және кіші сериялы өндірісте техникалық нормалауды есептеу кезінде ірілендірілген нормалау әдісі қолданылады. Жинау алдында кейбір детальдарды өлшемдік тобы және массасы бойынша жинақтайды, мысалы, іштен жану қозғалтқыштарының піспектері. Жи- нау процестеріне, сонымен қатар жиналған тораптарды теңдестіру де жатады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет