М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру



бет69/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

детальдарды, тораптар мен агрегаттарды теңдестіру


Айналып тұрған деталь немесе тораптың теңсіздікте тұруы механизмнің жұмыс кезіндегі динамикалық күштердің пайда болуы- на себеп болады. Жиналған тораптың немесе агрегаттың теңсіздікке келуіне себептер мыналар: дайындалған немесе жөнделген детальдың дәлсіздігі, термиялық өңдеуден соңғы қалдық деформациялар, де- таль материалдары құрылымының біркелкі еместігі және өңдеудегі дәлсіздіктер.


Детальдар, тораптар және агрегаттардың теңсіздігін оларды теңдестіру (балансирлеу) арқылы жоюға болады. Теңдестіруге көбінесе жататындар: иінді біліктер, тегершікпен және ілініспен бірге қосылған иінді біліктер, тісті дөңгелектер орналасқан трасмиссия біліктері, кар- дан біліктері және т.б.
Теңдестірудің екі түрі қолданылады: статикалық және динамикалық. Статикалық теңдестіруге негізінен жазық детальдар келеді, мыса- лы, тегершіктер, ілінісу дискілері, дөңгелектер және т.б. Статикалық теңдестіру кезінде (5.2-сурет) детальдың ауырлық центрі айналу осінде болады.

5.2-сурет. Детальдің статикалық (а) және динамикалық (ә) теңдесуі: I – теңдеспеген деталь; II – теңдеспеген массаның шеткі жағдайы; III – теңдеспеген массаның жағдайы

Теңдеспеген детальда айналу моменті пайда болады:


Ma = Gn · r;
мұндағы, Gn – теңдеспеген массаның ауырлық күші; r – ауырлық центрінен детальдың айналу осіне дейінгі қашықтық.
Массаны теңдестіру үшін теңдеспеген массаның айналу моментін теңдесетін жүктің айналу моментіне тең ету қажет, яғни
Gnr = GжR; (5.7)
мұндағы, Gж – теңдесетін жүк; R – теңдесетін жүктен детальдың айна- лу осіне дейінгі қашықтық.
Мұндай теңдестіру статикалық деп аталады. Статикалық теңдестіру призмаларда немесе дискілі аунақшаларда орындалады (5.3-сурет).


5.3-сурет. Призмалардағы статикалық теңдесу:
1 теңдестірілген деталь; 2 – құралбілік; 3 – призма
Детальдар мен тораптарды статикалық теңдестірудің мәні грамм- сантиметрде өлшенетін дисбаланс шамасын анықтау және оны кейбір жерлерінде бұрғылау немесе, керісінше, балқыту көмегімен металл бөлігін қосу және т.б. арқылы жою болып табылады.
Диаметрімен салыстырғанда ұзындығы өте үлкен боп келетін, мы- салы, кардан және иінді біліктер сенімді айналып тұратын детальдар мен тораптарды теңдестіруде динамикалық теңдестіру қолданылады. Динамикалық теңдестіру кезінде (5.2-сурет ә) детальдың ауырлық центрі статикалықтағы секілді айналу осінде болады, ал жазықтықта әсер ететін және айналу осінің центрі арқылы өтетін центрге тартқыш күштердің моменттері жоқ болуы тиіс. Мысалы, детальдың айналу осінен бірдей қашықтықта r1 және r2 орналасқан m1 және m2 бір-біріне
тең екі массасы бар делік. Деталь айналған кезде центрден тепкіш
күштер p m w 2r және p m w 2r пайда болады. Олар өзара тең.
1 1 1 2 2
Олардың әсерінен қос күш моменті пайда болады:
M P1l ; (5.8)
мұндағы, l – қарама-қарсы жаққа бағытталған p1 және p2 центрден тепкіш күштердің арасындағы қашықтық. Қос күш моменті олар бір жазықтықта орналасқанда ғана теңдеседі. 5.2-суретте, ә, m1 және m2 екі тең массаның жағдайы көрсетілген.
Сонымен, теңдесуге қол жеткізу үшін қажетті шарт:
m1r1l m2r2l m3r3l1 m4 r4l1 немесе m1r1l m3r3l1 ; (5.9) мұндағы, m3, m4 – түсірілген массалар, алайда m3 = m4 және r3 = r4; l1m3
және m4 массаларының арасындағы қашықтық.
Мұндай теңдестіру динамикалық деп аталады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет