М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет72/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жинаудың технологиялық сұлбасын жасау. Бұйымды және оның тораптарын жинаудың ретін анықтау үшін жинаудың технологиялық сұлбасын жасайды. Бұйымның жинақ бірлігі құрылымына байланысты не жекелеген детальдардан, не тораптар мен кішітораптар және деталь- дардан тұруы мүмкін. Соған қарай олар бірінші, екінші және одан да жоғары сатылы кішітораптар болып бөлінеді. Бірінші сатылы кішіторап торап құрамына тікелей кіреді, ал екінші сатылы кішіторап тек қана же- келеген детальдардан тұрады.
Технологиялық сұлбалар бұйымның жалпы жинағы үшін бөлек жасалуы да, жеке тораптар мен кішітораптарға да жекелеп жасалуы мүмкін. Технологиялық сұлбаларды жасау принципін экскаватордың ілінісу муфтасының торабын жинау үлгісінде көрсетелік [24]. 5.4- суретте ілінісу муфтасының жинақ сызбасы берілген, ал 5.5 а-суретте берілген торапты жинаудың технологиялық сұлбасы көрсетілген болса,
5.5 б, в-суреттерде кіші тораптарды жинаудың технологиялық сұлба- лары бейнеленген. Технологиялық сұлбаларда тораптың әрбір элементі үш бөлікке бөлінген тік бұрышты төртбұрышпен белгіленген.


5.4-сурет. Экскаватордың ілінісу муфтасы:
1 тығын; 2 стакан; 3 дөңгелек гайка; 4 тоқтатқыш шайба;
5 мойынтірек; 6 втулка; 7 білік; 8 тісті дөңгелек; 9 кернегіш сақина; 10 стакан; 11 мойынтіректер; 12 қымтағыш сақина;
13 бұрандалы тоқтатқыш; 14 гайка

Төртбұрыштың жоғары бөлігінде элементтің (деталь, кішіторап не- месе торап) аталуы берілсе, төменгі сол жағында – элемент индексі, төменгі оң жағында жиналатын элементтердің саны көрсетіледі. Элементтерді индекстеу детальдар мен тораптарға (кішітораптарға) бұйымның жинақ сызбасындағы номерлер мен индекстерге сәйкес орындалады. Тораптар (кішітораптар) «ЖБ» (жинақ бірлік) әріптерімен белгіленеді. Базалық элементке жинақ басталатын элемент (деталь не- месе торап, кішіторап) жатады. Әрбір торапқа оның базалық деталінің номері беріледі. Мысалы, «Жб7» – базалық деталь №7 болатын торап. Кішітораптың сәйкес сатысын «ЖБ» әріптік белгісінің алдына сандық


индекспен көрсетеді. Қарастырылып отырған үлгіде жинаулы стакан- ның «1ЖБ10» индексі бар, бұл базалық деталі №10 болып келетін бірінші сатылы кішіторап дегенді білдіреді.


5.5-сурет. Ілінісу муфтасын жинаудың технологиялық сұлбалары: а тораптың жалпы жиналуы; ә, б кіші тораптардың жиналуы

Технологиялық сұлбаларды келесі ережелермен сақтайды. Сұлба- ның сол бөлігіне базалық элемент (базалық деталь немесе базалық то- рап, кішіторап) көрсетіледі, ал соңғы, яғни сұлбаның оң бөлігіне жинақтағы бұйым (торап, кіші торап) белгіленеді. Бұл екі бөлікті горизонталь сызықпен қосады. Бұл сызықтың жоғары жағына төртбұрыштарға барлық детальдар жиналу ретіне қарай белгіленеді. Ал сызықтың төменгі жағына бұйым құрамына тікелей кіретін барлық тораптар көрсетіледі. Тораптың жинақ сұлбасында бірінші қатарлы кішіторап белгіленеді (1Жб10); ал бірінші қатарлы кішітораптың жинақ сұлбасында – екінші қатарлы кішітораптар (мысалы, 2Жб14) көрсетіледі және т.с.с. Егер сұлбада айқын көрінбеген жағдайда, технологиялық сұлбаларда «престеу», «пісіру», секілді т.б. сөздер кездеседі.


Технологиялық сұлбалар әртүрлі ретпен бірнеше нұсқада жаса- луы тиіс. Олардың оңтайлы нұсқасын жинау сапасын қамтамасыз ету жағдайларына, берілген масштабта бұйым шығару кезінде процестің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты таңдап алады.
Технологиялық сұлбалар кез келген типтегі өндірісте жинау про- цестерін құруды барынша оңайлатады және технологиялық тұрғыдан алғанда бұйым құрылымын бағалауды жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет