Мобильді роботталған кешеннің техникалық сипаттамасы
Параметрлер
|
Кешен
|
Мобот Ч-ХВ
|
Мобот Ч-ХВ2
|
Манипулятор жүккөтерімділігі, кг
|
88
|
100
|
Қозғалыстың дәреже саны
|
4
|
5
|
Қармағыштың максимал жайылуы, м
|
0,25
|
0,3
|
Тиегіштің жүккөтерімділігі, кг
|
90
|
120
|
Қозғалыс жылдамдығы, км/ сағ
|
0,24
|
0,25
|
Ілмектегі максимал тартым, Н
|
4000
|
5200
|
Энергиямен жабдықтау
|
кабельді
|
кабельді
|
Негізгі жылжулар жетегі
|
Электр механикалық
|
Электр механикалық
|
Басқару жүйесі
|
командалық
|
командалық
|
Кабельдің жұмыс ұзындығы, м
|
200
|
200
|
Габариттік өлшемдері (ұзындығы х ені х биіктігі), м
|
2,2х1,1х1,75
|
2,2х1,1х1,4
|
Масса, кг
|
450
|
580
|
Басқару жүйесі борттық жиынтықтан және оператор постында орналасқан басқару пультінен тұрады. Басқарудың борттық жүйесі МР-ң аспаптың ұшына орналастырылады да, оған жабдықтау жиын- тығы мен басқару жиынтығы кіреді.
СМ-100 өздігінен жүретін шынжыртабанды машина табиғи және техногендік апаттардан соң апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, жылжымалы құрам рельстен шығып кеткен кезде жүккөтеру машина- ларын апат салдарын жоюға арналған. Күштік телескоптық манипуля- тор мен бульдозерлік жабдық бұл машинаның негізгі жұмыс органдары болып саналады.
Күштік манипулятордың параметрлері: жебенің максимал шығыны 20,6 м; максимал тарту күші 120 тоннакүш; максимал итеру күші 25 тоннакүш. Оның жұмыс істеу диапазоны: вертикаль жазықтықта -200- тан +450-қа дейін; горизонталь жызықтықта 150 .
Қосымша жабдыққа бульдозер; трос ұзындығы 65 м және тарту күші 6 т болатын шығыр; жебесі 1,3 м болғанда жүккөтерімділігі 1,9
т, ал жебесі 5,8 м болғанда жүккөтерімділігі 0,44 т болатын манипу- лятор; ауалық-плазмалық кесу және пісіру қондырғысы; көлемі 2м3 және жүккөтерімділігі 1,5 т болатын шанақ (2 дана) кіреді. Машина массасы 48 т, ал максимал жылдамдығы 50км/сағ. Гидравликаланған бульдозерлік жабдықты басқару оператор командасымен жүргізіледі. Жалпы басқаруды жетекші радиобайланыс арқылы іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |