Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.
Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.
Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).
Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.