Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.
Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.
Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.
Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.
Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне ұштықты енгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.
Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.
Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.
Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).
Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.
Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.